Кемпірқосақ Сұрақ 1: кемпірқосақ



бет1/3
Дата30.03.2022
өлшемі208,58 Kb.
#29251
  1   2   3

КЕМПІРҚОСАҚ

Сұрақ 1: КЕМПІРҚОСАҚ

Кемпірқосақ – аспан күмбезінде түрлі түсті доға түрінде көрінетін атмосферадағы оптикалық құбылыс. Ол аспанның бір жағында торлаған бұлттан жаңбыр жауып, қарсы жағында жарқырап күн шығып тұрған кезде көрінеді. Кемпірқосақ тікелей түскен күн сәулесінің жаңбыр тамшыларынан өткенде сынып, құрамдас бөліктерге (қызыл, сарғылт, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін) бөлінуінің нәтижесінде пайда болады. Күннің жарық шоғының түрлі түстерге жіктелуі- әр түрлі түстегі шоқтар әр түрлі сынатынымен түсіндіріледі. Бұл жарықтың таралу жылдамдығы, оның түсіне тәуелді екенін білдіреді.

Кемпірқосақ пайда болғанда қандай құбылыс жүреді?

Әрбір пайымдауда «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз

Кемпірқосақ үшін келесі пайымдаулар дұрыс па?

Иә немесе Жоқ

Күлгінге қарағанда қызыл жарық көп сынады

Иә/

Кемпірқосақтың үстіңгі жолағы қызыл, төменгі жолағы күлгін

/Жоқ

Қызыл жарықтың таралу жылдамдығы ондағы күлгін жарықтың таралу жылдамдығынан артық

/ Жоқ

Сұрақ 2: КЕМПІРҚОСАҚ

Ақ жарықтың құрама бөліктерге жіктелгендегі жолақтарды 1666 ж ағылшын физигі Исаак Ньютон тәжірибе жүзінде анықтап, спектрлер деп атады. Ақ жарықпен жарықтандырылған дененің түсі, ол дене жарықтың қандай түсін шағылдыратынына тәуелді.

Қандай жағдайда біз қара денені көре аламыз?



A Егер дене оған түскен барлық жарықты жұтатын болса

B Егер дене оған түскен қызыл және көк түсті жұтатын болса

C Егер дене оған түскен қызыл және көк түсті шағылдыратын болса

D Егер дене ақ жарықтың барлық құрама бөліктерінен біркелкі шағылатын болса



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет