http://www.enu.kz
КЕМШІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУ
Алпысбаева М.Б., Сагадатова А.Т.
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
http://www.enu.kz
Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балалар күн санап артып келе жатқаны жаңалық
емес. Оның ішінде күрделі кемістігі бар балалар кӛбеюде. Кемістіктер себебі толып
жатқан зиянды факторлармен түсіндіріледі.
Кемшіліктері бар балаларды әлеуметтендіруде үлкен жұмыстар атқарылуда.
Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мекемелердің барлық түрлері
бар. Себебі мүмкіндігі шектеулі балалар санының артуы арнайы мекемелер түрлерінің
ашылу қажеттіліктерін туғызады. Олар: арнайы балабақшалар, арнайы мектеп-
интернаттар, реабилитациялық орталықтар, педагогикалық-психологиялық түзету
кабинеттері, логопедиялық кабинеттер, түзету орталықтары, т.б. Барлық арнайы
мекемелердің мақсаты мүмкіндігі шектеулі балаларға педагогикалық, психологиялық,
медициналық және әлеуметтік қолдау жасау, олардың кемістіктерін түзету, қоғамға
бейімдеу және оңалту, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыру болып табылады.
Мүгедек балалардың әлеуметтенуіне әсер ететін факторлардың бірі оның отбасы.
Отбасының
мүгедек
баласына
жұмсалатын
қосымша
шығында
рына байланысты туындайтын материалдық мәселелерден басқа,мұндай отбасыларында
ажырау саны ӛте жоғары. Толық емес отбасыларында мүгедек балаларды тәрбиелеу
қиындыққа әкеліп соғады.
Медициналық әлеуметтік және еңбекпен оңалту сұрақтарын әлеуметтік
қызметкерлердің араласуынсыз іске асыру мүмкін емес. Әлеуметтік қызметкердің
атқаратын жұмысының негізгі функцияларына заңгерлік, медициналық, психологтік,
педагогтік және басқа да мамандықтар бойынша кеңес беру, материалдық кӛмектер
ұйымдастыру жатады. Әлеуметтік қызметкер мүгедек балалар мен отбасының мүшелеріне
жүргізілетін пси--хочпачпачап, психокоррекциалық қызмет әдістерін негіздеп сараптайды
және ӛндейді. Социумдағы әлеуметтік жақдайды зерттеп және оған болжам жасау арқылы
отбасы мен мүгедек балаларға әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық нақты кӛмек
формаларын және түрлерін ұсынады.
Жаңа қоғамдағы бала мүгедектігің мәселелерінің шешімін екі жақты қарастырылуы
керек. Біріншіден-мүгедектіктің алдын алу, бұл аяғы ауыр әйелдерге, сәбилерге
кӛрсетілетін медициналық қызмет санасын жоғарлату арқылы, алдын ала кеңес алатын
медициналық- генетикалық мекемелер ашу арақылы іске асыру. Екіншіден – мүгедек
баларды әлеуметтік оңалту, бұл-әлеуметтік оңалту орталықтарын ашу арқылы іске
асыруда
/1,
с.
45/.
Дене кемістігінің қай түрі болса да, мейлі ол соқыр, не саңырау, не туғаннан кем ақыл
болса да оның ӛмірге деген кӛзқарасы ӛзгеріп қана коймай, айналасындағы адамдармен де
қарым-қатьшас жасауын қиындатады.
Дене кемістігімен ауру адамның әлеуметтік ӛміріңдегі мінез-құлқының ауьпқуына
әкеп соқтырады. Әулеттегі кеміс балаға кӛбірек қамқорлық кӛрсетіп, оған басқа балаларға
қарағанда ерекше кӛңіл бӛлінеді. Бала басындағы бақытсыздық бәрінен бұрын оның
маңындағы жақын адамдардың жанашырлық сезімін оятып, оған деген кӛзқарасты
ӛзгертеді. Кез келген семьяда кеміс балаға деген кӛзқарас оны басқа түскен масыл, не
тағдыр жазасы деп санамай, қамқорлық пен мейірімділік құшағында болады. Балаға деген
мұңдай қамқорлық оған күішгі әсер етіп, ол ӛзін басқа балалардан бӛлексіткендей
сезінеді. В.Г.Короленко ӛзінің «Соқыр музыкант» деген шығармасында соқыр баланың
отбасында ерекше саналып, оның айтқандарын екі етпей бұлжытпай орындап
отыратындықтары туралы жазады. Одан әрі дене кемістігі бар адам, сау адамға қарағанда,
ӛзіне деген ерекше әлеуметгік кӛзқарасты қажет етеді. Табиғи кемістік адам тіршілігінде
http://www.enu.kz
ақау туғызады, ол кәдімгі адам денесінін буынынан сүйегі тайғандай ауыр сезінеді, немесе
тамақ ішуі мен зәрге отыруы қиындаған ауыр жағдайдың жанына батып, қиналуды
басынан кешіреді. Соқырлар мен саңыраулардың мұңдай жайттарды ӛздерінің үнсіз
мойындауьшан және олардың Табиғи кемістігн күнделікті бақылау мен рухани ӛмірін
жүйелі түрде зерттеу нәтижелері арқылы анықталып отырады. Осы уакытқа дейін
ғылыми-педагогикалық әдебиетгерде және жалпы түсінік бойынша кеміс балалардың жан
дүниесінің сырын зерттеу биологиялық мәселе деп саналып келгені ӛкінішті-ақ. Адамның
кемістігі тек биологиялық тұрғыдан іздестіріліп, оның дене құрылысы мен айналасындағы
табиғи нәрселермен қалайша қатынас жасайтындығы зерттеледі. Ал педагогтар ұзақ
жылдар бойы тәрбие ісін жандандыру арқылы дене мен ақыл-ой кемістігінің орнын
толтыруға болады деген ұшқары пікірді қолдап келді. Мысалы, адамның бір бүйрегін
алып тастаса, екінші бүйрегі жүмыс істейді және ол екі бүйректің де жұмысын атқарады
деп санады. Қысқасын айтқанда дене кемістігіне қатысты психологиялық, педагогикалық
мәселелерге ат үсті қарап, оларға тек медициналық тұрғыдан ғана жауап берді: соқыр –
кӛзі кӛрмеушілік, ал саңырау – құлағы естімеущілік деп саналып, мәселенің түйіні соқыр
итпен, саңырау қарсақ жайында айтып отырғандай немқұрайды кӛзқараста болды. Бұл
ретте ескерусіз қалған бір жайт бар. Ол хайуанаттардан кемістік адамның тек жеке басына
тікелей қатысты деп саналмай, оны әлеуметтік фактор ретінде қарастырған орынды.
Ӛйткені дүниедегі болмыс пен адамның тіршілігін байланыстырушы әлеуметтік орта.
Сондықтан адамның құлағы мен кӛзі оның дене мүшелері ғана емес, сонымен бірге бұл
мүшелер әлеуметтік органдар деп те аталады. Әлеуметтік ортадан алынатын мағлұматтар
адамға әсер етіп, онан сыртқы ортаға, онан қайтып адамның ӛзіне оралады. Адамның
қарым-қатынасы әлеумет ортасы болмаса жалаң күйінде жүзеге асуы мүмкін емес. Кӛз
бен құлақтың кемістігі ен алдымен әлеуметтік қызмет атқаратын органдардың қатардан
шығып, қоғаммен байланыстың үзілуі деп тусіну керек. Мұндай кемістік адамның мінез-
құлқының белгілі қалыпты жағдайдан ауытқуы болып та саналады.
Психология мен педагогикада балалардың кемтарлығы жайында мәселені әлеуметгік
маңызды мәселе ретінде қарастырып, оны әдеттегі екінші кезектегі іс деп санамай, адам
тіршілігіндегі басты мәселе ретінде бағалауды кажет етеді.Бұл мәселенін мән-жайын жете
бағалап, оны аса қажетті деп қараған әділетгі болмақ. Егер психологиялық тұрғыдан
баланын дене кемістігін әлеуметтік сынық ден санайтын болсак, онда педагогикалық
тұрғыдан сол денедегі сынықты орнына салып емдеу деп ұғыну керек. Мұндай ойдың
шындығын растау ниетімен бірсыпыра қарапайым түсініктерді еске түсірейік. Ең алдымен
біздер дене кемістігі жайында ғылымға жат түсініктерден арылуымыз керек. Мұндай
түсінік бойынша та-биғаттын ӛзі кеміс мүшенін қызметін организмнің ӛзге мүшелерінін
жетілуіне орай қоса атқарады да, адам бойындағы кемістікті толықтырады дейді. Бұл
биологиялық тәсіл делінеді. Мысалы, соқырдың кӛзі кӛрмесе де, ол тіршілік еткен
ортасына икемделіп, нәрселердің түр-түсін саусақтармен сипау арқылы танып біледі десе,
ал мылқау адамның дыбысты тілі болмаса да, ол ӛзгелердің айтқан сӛзін еріндерінің
қимыл-қозғалысынан түсінеді дейді. Кемтар адамдардың әсіресе сипау сезімдері мен иісті
түйсінулері әлдеқайда жетілген дейді. Алайда арнайы жүргізген зерттеу нәтижелері
соқырдың сипау сезімі мен саңыраудың кӛру сезімінің бірқалыпты дамыған дені сау
адамдардың сезімімен салыстырғанда, олардың арасында айтарлықтай айырмашылығы
жоқ екендігін кӛрсетеді. Осы мәселеге мылқау мен саңыраулардың кӛру қабілеті сау
адамдардікінен кем емес, кейде ондай адамдар біздердің кӛрмеген нәрселерімізді кӛре
алады, ол кӛру арқылы қабылдауы сау адамдардан әлдеқайда тӛмен немесе олардан артық
деуге болмайды. Саңырау кӛзінің кӛрегендігі нашар болса да, ол бара-бара жетілуі
мүмкін, бірақ дені сау адамдардікінен артық емес дейді Н.М.Поговский /2, с. 21/. Соқыр
адамның сипау түсігінің жақсы жетілуі және саңыраудың кӛру қабілеттілігі сол сезім
мүшесінің құрылысы нерв жүйелерінің айрықша жетілуінде емес, ондай адамдардың
тиісті нәрселерді сезіп білуде үнемі қолданып, тұрақты түрде жаттығуына байланысты.
Соқыр адамның саусақтарының сипап оқуы және қаптаған Л.Браиль әрпімен жазылған
http://www.enu.kz
шығыңқы ңүктелерді мұқият тануы арқылы әрбір ңүктенің орналасу тәртібіне орай бӛлек
әріпті білдіріп, сол дыбыстардан сӛз құралады. Сӛздер сӛйлемге айналады. Бұл процесс
сау адамдрдың Браиль Луи (1809-1852) -әлемге әйгілі француздың соқырларды оқыту
жӛніндегі педагогі. Соқырлар үшін ӛз атымен белгілі жазу, оку әдістерін ойлап тапқан.
Үш жасынан соқыр. Л.С.Выготский оның әріптері бойынша оқып үйренудің кәдімгі
әріптерден айырмашылығы жоқ дейді. Кӛзбен кӛріп оқығанына ұқсас және
психологиялық жағынан олардың бірінен-бірінің ешқан дай айырмашылығы жок. Хат
танымайтын сауатсыз адамга кітап беті шимай-шатпақ болып кӛрінеді. Сол сияқты Браиль
шрифтары да біздерге түсініксіз. Бұл ретте мәселенің мәні сезім мүшелерінің жақсы
жетілуіне орай оның сауаттылығы мен тәжірибесіне байланысты. Браиль нүктелерін
шапшаң айырып оларды дұрыс қабылдауына да байланысты. Кӛзі кӛретін адамдар да
нүктелерді соқырлар сияқты тез арада үйренуге болады. Сол сияқты ерінді қимылдатып
сӛйлеуді де үйрену қиын емес /3, с. 78/. Саңырау мұндай тәсілді пайдаланып «кӛзімен
естуді» үренеді. Мұңдай ерекшелік кӛздің айрықша жаратылуында емес, оның
сауаттылыры мен ойлау қабілетінің еріннің қимыл-қозғалысына қарап, оны әрбір затпен
салыстыра отырып оқуына икемділігінде. Мұндай процестердін барлығы И.П.Павлоп пен
В.М.Бехтерсв негіздеген шартты рефлекс пен оның жасау механизмімен ұштасты. Бір
мезгілде екі түрлі тітіркендіргіштің әсер етуінен белгілі дыбыс пен нүктелердің ӛзара
қисындасуы сан рет қайталану нәтижесінде сол нүктелерде ӛздігінен уақыттың тоғысуына
орай тітіркену тудырып отырады. Жаңадан пайда болатын сипау сезімі бұрынғы дыбыс
тітіркендіргіштеріне ұқсас түрде бір мезгілде қайталанып отырады. Соған орай нүктелерді
неғұрлым шапшаң ажырата білу тежелу заңдылығына сәйкес шартты рефлекетің
жасалуыи қамтамасыз етеді.
Жалпы психологаялық жағынан кемістік – әлеуметгік мінез-құлықты ӛзгертуге
ықпал етеді. Тірі организмнің мінез-құлқындағы ерекшеліктер ӛмірмен байланысты
болудың нәтижесі тіршілік ортасына бейімделу жүйесі. Бұл жүйенің ӛзгеруі әлеуметтік
байланыстың қайта құрылуына және оның ӛзгеруіне әкеліп соғады. Кемтар баланың
психологиялық ерекшеліктерінің негізі биологиялық фактор емес, әлеуметтік фактор
екендігін кӛрсетеді. Психологиялық тұрғыдан алып қарағаңда соқырлардың әлеуметгік
ортадағы жағдайы түрліше болады. Соқырлық америка фермерінің қызы мен украин
помещигінің ұлы үшін, неміс герцогінің әйелі меи орыс шаруасының және Швеция
пролетариаты үшін әр қилы фактілер сипатында болады. Олардың бұл жайында
ұнымдары да түрліше болады.
Сондықтан кемтар балалардың тәрбие мәселесін әлеуметтік жағдай тұрғысынан
қарау керек. Кемтар баланың әлеуметтік тәрбиесінің негізі оның табиғи жетіспеушілігін –
әлеуметтік жолмен толықтыру әдісі -бірден-бір ең дұрыс жол. Арнаулы тәрбие әлеуметтік
талапқа бағынуы керек. Сӛйтіп біртұтас мәселенің белгілі құрамды бӛлігі ретінде қаралуға
тиіс. Кемтар балалаларға ерекше тәрбие беріп оқыту қажеттілік біз бекерлей алмаймыз,
керісінше соқырды оқьш үйренуге, саңырауды ауызша сӛйлеуге үйренуге үшін арнаулы
педагогикалық техника, ерекше әдіс керек.
Ерте ме, кеш пе адамзат соқырлықты да, саныраулықты да, кемақылдықты да женуге
тиіс деген сенімдемін. Бұл мәселеде медицина мен биологияға қарағанда, әлеуметтік және
педагогикалық жағынан жеңіске бұрынырақ жетуі мүмкін. «Кемістігі бар бала» деген
ұғымнан келешекте педагогика айтуға ұялатын шығар. Сӛйлейтін саңырау, жұмыс
істейтін соқыр – ӛмірге тең араласқандар ӛздерін кемтармыз деп айтуға және олай деп
айтқызуға жол бермейді. Соқыр, саңырау, кемақыл, кемтар болмаудың сыры ет
қолымызда. Келешекте кемтар деген ұғымды біржолата ұмытатын боламыз. Адам
нәсілінің жетілуіне сәйкес, әлеуметтік құрылыстың ӛзгеруіне сәйкес адамзаттың ӛмір сүру
ортасы жақсарады. Сокырлық саңыраудың саны азаяды. Мүмкін олар тіптен болмас. Бірақ
олардан да бұрын әлеуметтік жеңіске жететіні ақиқат. Соқырлық пен саңыраулық дене
кемшілігі ретінде жер бетінде кӛпке дейін сақталуы мүмкін. Бірақ олар кемтар болмайды,
себебі, кемтарлық әлеуметтік ұғым, «қеміс» деген соқырға, саңырауға, кемақылға
http://www.enu.kz
жабысқан қаспақ сияқты. Ол адам қатты сілкінсе, бойынан түсіп қалады. Соқырлық
ӛздігінен баланы кемтар жасамайды, оның кемтар болуы ӛмір сүрген әлеуметтік ортасына
байланысты /4, с. 167/.
Әлеуметтік тәрбие баланың кемтарлығын толықтырады. Бір кезде соқыр баланы
кемтар десек, біздің жанымыздағылар бұл ойымызды қостай қоймайтын сәтке жетеміз.
Бірақ соқыр деп, саңырауды саңырау деп атау ғана қалуы мүмкін. Қазіргі таңда еліміздегі
мүмкіндігі шектеулі балалар ӛзінің қадір-қасиетін қамтамасыз ететін, ӛзіне деген
сенімділігін арттырып және қоғамдық ӛмірге белсене араласуына жәрдемдесетін
толыққанды жағдайларда ӛмір сүруде.
Әдебиет
1.
Агафанов А.Н., Мендибаев К.Н., Туганбекова К.М. Социальная работа: теория и
технологии. – Астана, 2005. – С.325.
2.
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңы. – 2005.
3.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы. – А., 2010.
4.
Коррекционно-образовательные программы воспитания и обучения детей с тяжелой
умственной отсталостью. –Алматы, 2004. – С.258.
Достарыңызбен бөлісу: |