Психологиялық – педагогикалық түзеу кабинеттерінің қызметін ұйымдастыру. Психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеттері (ППТК) арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің бірі болып табылады және облыстың, аудан орталығында 18 жасқа дейін даму мүмкіншілігі шектеулі балалар мен жас өспірімдерге кешенді медициналық - педагогикалық және әлеуметтік -психологиялық көмек көрсету үшін құрылады ППТК міндеттері:
- сөйлеу, көру, есту қабілеті, тірек - қозғалыс аппараты, эмоциялық -еріктік саласы бұзылған, оқуында, қарым - қатынас жасауда, мінез -құлқында қиыншылықтары бар балалар мен жас өспірімдерді психологиялық -педагогикалық түзеу және оңалту түрінде кешенді психологиялық -медициналық - педагоғикалық көмек көрсету;
- баланын проблемаларын мамандардың пән аралық командасы (командалық бағалау) арқылы кешенді зерделеу және баланың медициналық, психологиялық, түзеу - педагогикалық және әлеуметтік көмекке деген мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін анықтау;
- баланың дамуының әлеуметік жағдайын ескере отырып, жеке дамыту бағдарламасын әзірлеу және құрастыру;
- жеке, топтық сабақтар нысанында түзеу - дамыту сабақтарын жүргізу;
- отбасы жағдайында даму мұмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша ата - аналарына (оларды ауыстыратын тұлғаларына) кеңес беру және оқыту,
- даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың психикалық және дене жағдайымен даму мүмкіндіктері туралы жалпы білім беретін мекемелердің педагогтарына әдістемелік басшылық жасау және көмек көрсету.
ППТК-ға баланы психологиялық медициналық - педагогикалық кеңестің тұжырымы негізінде меңгеруші қабылдайды.
ППТК-ға тұрақты және уақытша тұруға мүмкіндіктері шектеулі балаларды қабылдауды жыл бойы онда бос орын болған жағдайда жүргізіледі. ППТК-да баланың орны ППТК- мен ата - ананың (заңды өкілдерінің) арасындағы шартта айтылған жағдайда сақталады.
ППТК- дан балаларды шығаруды меңгеруші ППТК- мен ата - ананың (заңды өкілдерінің) арасында айтылған шарт жағдайында немесе оның ППТК- га келуіне бөгет жасайтын баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық тұжырым негізінде жүргізді.
ППТК- ы 18 жасқа дейінгі мүмкіндіктері шектеулі балалар бөлінеді:
- 3 жасқа дейін дамуында проблемасы бар;
- психикалық даму деңгейі тежелген;
- ақыл - ойы кемтар;
- бала церебралдық сал аурулары және басқа тірек-қимыл-қозғалысында ауытқушылықтары бар балалар;
- сөйлеу тілінде күрделі ауытқушылықтары бар балалар;
- арнайы оқытуды талап ететін естуінде ауытқушылығы бар ;
- ерте жастағы балалық аутизмі және басқа эмоциялық - ерікті ауытқушылығы;
- көруінде күрделі ауытқушылығы бар;
- психикалық аурулар салдарынан оқудағы қиындықтары бар
- мектептегі дағдыларды игерудегі қиындықтары бар (оқу, жазу және санау).
Ауданда арнайы (түзеу) білім беру ұйымдары жоқ болған жағдайда ППТК-ы дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалардың барлық категорияларына түзеу көмегін көрсете алады.
ППТК- ы ақыл - ойы мен психикалық дамуында ауыр да тереңдеген ауытқушылығы бар балаларға ең алдымен түзеу көмегін қамтамасыз етеді, басқа арнайы (түзеу) білім беру ұйымдарында түзеу көмегін ала алмайтын балаларға түзеу көмегін көрсетеді.
Түзеу көмегінің мазмұны балалардың психикалық және дене дамыуның жеке мүмкіндіктерінің ерекшеліктерінен әзірленетін және ППТК-жағдайында іске асырылатын жеке дамыту бағдарламасымен анықталады.
Жеке - дамыту бағдарламасын әзірлеу мақсатында баланың психика және дене даму жағдайын (командалық бағалау) кешенді тексеру жүргізіледі. Кешенді тексерудің негізгі міндеттері алдағы жарты жылдықта баламен түзеу жұмыстарының басым бағыттарын анықтау болып табылады. Алдыңғы кезеңде қол жеткізген нәтижелерді ескере отырып, түзеу жұмыстарының міндеттерін өзгерту қайта командалық бағалау барысында жүргізіледі, оларды өткізу мерзімі 2 жылда бір рет немесе көрсеткіштер бойынша белгіленеді.