«Кенесары хан қынаптан исфахандық семсерін суырып, тізерлей отырды. Суық өткір жүзін ерніне тигізді»

І.Есенберлин «Көшпенділер»
Ресейлік зерттеуші А.Добросмысловтың Кенесары туралы жазбаларында «Осы сұлтан күш-жігері тасыған,табанды,ақыл-ойы биік адам болды» делінген.
Орыс географы, мемлекет және қоғам қайраткері П.П. Семенов-Тянь-Шанский Кенесарыны «қазақ даласының ержүрек Метридаты» деп атады. (Метридат ҮІ-шы Эвпатор- бүкіл Қара Теңіз жағалауын бағындырған Понта патшасы, Таяу Шығыстағы римдік үстемдіктің бітіспес қарсыласы болды)
«Қазақстан тарихы энциклопедия» Қинаятұлы. З. Омарбеков.Т. Ермұханов.Б. Тарих ғылымының докторы;
Сұлтан Кенесары 1802 жылы дүниеге келген. Ол Қасым сұлтанның бел баласы, Абылай ханның туған немересі еді. Көтерілістің болашақ басшысы Кенесары бала кезінен-ақ ат құлағында ойнады, құралайды көзге атқан мерген болды. Қанжығасы қанды ғажайып аңшылығымен, қара қылды қақ жарған әділдігімен, ерік-жігері, қажымас қайратымен және жүрек жұтқан батылдығымен, қайтпас қайсар қаһармандығымен тaнылды. Оның бойында ұйымдастырушылық және әскери қолбасшылық таланты мол болатын. XIX ғасырдың орта кезіндегі орыс зерттеушілерінің бірі Л. Майер «Кенесарыға көзсіз ерлік тән еді» деп жазды. «Қазақстан тарихы энциклопедия» Қинаятұлы. Жұмғұлов,Қ Тарих ғылымының докторы; профессор,