Кенжебаева Сəуле Сағындыққызы биотехнологиядағЫ Қазіргі əдістер


 Молекулалық гибридизация əдісі



Pdf көрінісі
бет50/78
Дата27.12.2022
өлшемі5,04 Mb.
#59924
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   78
3.12. Молекулалық гибридизация əдісі
Молекулалық генетикада, негізінен, молекулалық гибридизация 
əдісі қолданылады. Онда нуклеин қышқылдарының қайтымды денату-


125
рация қасиеті жатыр. Бұл əдіс азоттық негіздердің комплементарлық 
жұптарының түзілу қасиеттеріне негізделген: А ≡ Т (II) жəне Г ≡ С. 
Гибридизация реакциясы белгілі бір ДНҚ мен РНҚ қалдықтарын 
анықтауда өте сезгіш əдіс ретінде жəне генетикалық инженерияда 
ДНҚ молекуласының гибридтерін жасауға да қолданылады. ДНҚ-
ның сулы ерітіндісін 96-100°С температураға дейін қыздырғанда жəне 
қатты негіздегенде (рН > 13,0), ДНК жеке тізбектерге диссоциацияла-
нады. Бұл үдерістегі ДНҚ денатурациясы қайтымды, сондықтан екі 
оқшауланған ДНҚ тізбектері 65°С-та белгілі бір уақытқа шыдайды, 
бірақ сосын қайтадан шағылысып, қос спираль түзеді, міне осындайды 
денатурация немесе гибридизация деп атайды. 
Егер молекулалар арасында белгілі гомология деңгейі болса, онда 
ол тиісті температурада жалғыз тізбектер нуклеин қышқылдарының 
əртүрлі молекулаларынан түзіледі, олар қосылып, жаңа молекулалар-
ды түзеді. Гибридизация ДНҚ мен РНҚ жалғыз тізбектерінің арасымен 
өтуі мүмкін (егер ол нуклеотидтердің комплементарлы қалдықтары 
болса), онда əртүрлі құрамды қос тізбектердің түзілуіне əкеліп 
соғады: ДНҚ:РНҚ; РНҚ:РНҚ; ДНҚ:РНҚ. Осындайлардан ДНҚ-ның 
əр түрлерінің арасымен, ДНҚ мен РНҚ арасынан гибридті молекула-
лар түзіледі. Мысалы, РНҚ молекуласы ДНҚ-ның кей бөлiктерімен, 
транскрипцияланған гендерімен будандастырады. Екі ДНҚ-ның ги-
бридизациясы олардың нуклеотидтік қалдықтарының ұқсастықтары 
туралы айтады. 
Молекулярлық гибридизация əдісін цитологиялық дəрі-дəрмектер 
үшін де қолданады, онда гибридизация нысаны ретінде хромосо-
ма құрамындағы ДНҚ негізгі рөл атқарады. Іn situ гибридизациясы 
кезінде интерфазалық таңба (ядро) немесе метафазалы пластинкалар 
заттық шыныда бекітіленеді, кейін белгілі жағдайда радиоактивті не-
месе флуоресцентті таңбамен байланысқан, денатурацияланған ДНҚ 
мен РНҚ будандасады. 
3.2-суретте метафазалы хромосомдағы флуоресцентті таңбалы 
бөлiкті ДНҚ-ның гибридизация нəтижесі көрсетілген, ол хромосомның 
центромерлік аймағындағы ДНҚ-ға гомологиялы. Бұл əдіс FISН-
гибридизация (ағыш тілінде fl uorescent in situ hybridization) деп атала-
ды. Бұл əдістің көмегімен хромосомдағы арнайы гендерге немесе ДНҚ 
бөлiктеріне ықшамдалады. 


126
3.2-сурет. Іn situ адамның метафазалық хромосомына флуоресцентті 
таңбалы көріністері (FISН) будандасады. Центромерлер аймағындағы 
көрінісі (сары түс) дəрі-дəрмекте қолданылған пропидидиум – 
иодид флуоресценциялы түс береді (У. Клаг, М. Каммингс, 2007)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет