55
мұндай автоматтық келісім кішкентай милисекунд ішінде өтеді.
Мұндай сатылы деполеризация жауабына нативті арналар ашылады,
аксондарға лайықты иондар электрохимиялық градиент бойынша
кіреді жəне электрлік зарядтарды өзімен тасымалдайды. Бұл зарядтар
мембраналық əлеует оң бағытқа жылжытуға тырысады, бірақ басқару
əлеуеті аздап алыстаса, тез арада орнын толтырады, нəтижесінде
ұзартқыш реттегіштің көмегімен клеткадағы қосымша зарядтар клет-
кадан шығарылады. Сонымен, мембраналық əлеуетті белгілі деңгейде
ұстап тұруы үшін, күшейткішке əсер ететін ток жазылады жəне бұл
ток мембрана арқылы өтетін иондық токпен тең.
Бекiту қысым əдісі немесе кламп əдісі электрохимиялық
градиентімен басқару арқылы ионды ауыстырғанда пайда болатын
иондық өтімді өлшеуге жəне оның мембранамен электрлік өтімділігі
мен бізге қажетті ионның пассивті өткізгіштігіне қатысы туралы
ақпарат алуға көмектеседі. Бұл əдіс өсімдік клеткасының вольт-
амперлік өлшемін сипаттауға қолданылады. Бұл мембрана тасымал-
дану жүйесінің түрлі құрылу механизмі туралы толық ақпарат алуға
көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: