Кенжебаева Сəуле Сағындыққызы биотехнологиядағЫ Қазіргі əдістер


 Өсімдік ұлпаларынан жиынтық ДНҚ-ны бөліп алу



Pdf көрінісі
бет42/78
Дата27.12.2022
өлшемі5,04 Mb.
#59924
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   78
3.2. Өсімдік ұлпаларынан жиынтық ДНҚ-ны бөліп алу
Өсімдіктен ДНҚ-ны бөліп алу əдістемесі келесі кезеңдерден тұрады:
1. Ұлпаны майдалау жəне клетка қабырғасын бұзу (гомогенизация-
лау). Гомогенизациялау көбінесе ұлпаларды сұйық азотта езу арқылы 
жүреді.
2. Клетка мембранасының бұзылуы (клеткалар лизисі). Бұл опе-
рацияны ДНҚ-ның буферге шығуы үшін экстракция арқылы өткізеді. 
Жиі клеткалар лизисіне детергенттерді пайдаланады, атап айтқанда, 
натрий додецилсульфаты (SDS-Na), цетилтриметиламмониумбромид 
(СТАВ, синонимі цитовлан) жəне т.б.
3. ДНҚ-ны белоктардан тазалау (депротениздеу). Тазалауды бе-
локтарды хлороформмен немесе фенолмен экстракциялау арқылы 
жүргізеді. ДНҚ-ны дəрі-дəрмектерден неғұрлым тез жəне толық тазалау 
үшін, белокты гидролизге əкелетін протеиназа ферментін қолданады. 
4. Ерітіндіде ДНҚ-ны тұнбаға түсіру үшін төменгі молекулалы 
спирттер (этанол немесе изопропанол) пайдаланылады.


113
ДНҚ жəне РНҚ нуклеин қышқылдарының дəрі-дəрмектерден 
алу – бұл өсімдіктермен биотехнологиялық тəжірибелер өткізу ба-
рысында гендердің құрылымы мен экспрессиясын зерттеуде алға 
қойылған міндеттердің бірі. ДНҚ экстракциясы əртүрлі молекулалық 
əдістердің көмегімен өсімдік геномын талдаудың ажырамас бөлігі бо-
лып табылады (Саузерн блоттинг, микросателитті талдау жəне т.б.), ген-
дер кiтапханасын құру, трансформацияланған клеткаларда бөгде ДНҚ 
экспрессиясын талдау жəне толық регенерацияланған өсімдіктерде 
өсімдік геномын талдаудың ажырамас бөлігі болып саналады. 
Қазіргі таңда көптеген өсімдік түрлерінің ерекшеліктері мен бір 
өсімдік мүшелерінің ерекшеліктерінен (белгілі метаболиттердің бо-
луы, соның ішінде полифенол, органикалық қышқылдар мен ағаш 
формаларында эфирлік заттар) ДНҚ-ны бөлудің жүздеген тəсілдері 
жасалған. Олардың кейбіреулері ДНҚ-ны өсімдіктің кен айналымы-
нан бөліп алуға, кейбіреулері нақты бір өсімдік түрлерінен немесе 
өсімдіктің бөлек органдарынан ДНҚ-ны экстракциялауға, гербарлы 
материалдан нуклеин қышқылдарын бөліп алуға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет