Кенжебаева таттыгуль бекбалтиновна


 ТҦЛҒАНЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет10/56
Дата10.04.2023
өлшемі1,84 Mb.
#80907
түріДиссертация
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   56
Байланысты:
Diss Kenzhebayeva

1ТҦЛҒАНЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ 
НЕГІЗДЕРІ 
1.1 Зияткерлік әлеуетті дамыту мәселесін теориялық-әдіснамалық 
тҧрғыдан талдау 
Жаһандық талаптарға сай әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың 
байланысы нәтижесінде психологиялық-педагогикалық білім мен ғылымның 
осы бағытта дамуы ӛркениетті құндылықтарды сақтауға, ізгілікті қоғам құруға 
әсер етеді. Зияткерлік қоғам қалыптастыру еліміздегі білім мен ғылым 
дамуына, «ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жж. арналған мемлекеттік 
бағдарламасының» әлеуметтік-экономикалық тиімділіктерді қамтамасыз етуге 
бағытталған шаралардың, «Интеллектуалды ұлт - 2020» бағдарламасының білім 
беру мен ғылыми әлеуетті арттыруға арналған кешенді жобасының 
орындалуына қажетті гуманитарлық ілім мен құндылықтарға негізделген 
әдістерді зерттеумен, орындалу құралдарын әзірлеу мен коммуникациялық 
стратегияларды ұсынумен айқындалуда. Елімізде ұлттың зияткерлік әлеуетін 
арттыруға бағытталған мемлекеттік шаралардың іске асырылуы мәселені күн 
тәртібіне қойып отырғанының дәлелі. «Интеллектуалды ұлт – 2020» Ұлттық 
жобасының басты мақсаты елдің зияткерлік әлеуетін арттыру болып табылады 

1,2


Ұлттың зияткерлік әлеуетінің мазмұнына Елбасының жолдауында: 
«Қоғамның барлық саласында жинақталған ғылыми, кәсіби, мәдени ақпарат, 
мамандардың білімі мен біліктілігі, әр азаматтың зияткерлік, моральдық және 
мәдени дамуы және олардың жағымды психикалық, моральдық ерекшеліктері, 
олардың әлеуметтік дәстүрлері, кәсіби дағдылар, білімдарлық, тәрбиелік, 
отансүйгіштік, азаматтық белсенділік, батылдық, адалдық, әлеуметтік топтарға 
ұйымдаса білу, яғни аталған қасиеттердің бәрі ұлттың игілігі әрі байлығы» - 
деген анықтама берілді 

93

.
Қазіргі педагогика және психология ғылымында адамға қатысты 
мәселелердің шешімдерін ізденіспен зерттеу, сол салалардың жеке ӛздеріне 
ғана қатысты – адамтану ғылымын қалыптастырумен сипатталады. Ғылымның 
жіктелу, тармақталу үрдісі нәтижесінде адам мен адамзаттық іс-әрекет 
әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану және саясаттану ғылымдарының 
зерттеу нысанына айналады. 
Кешенді тұғыр ӛкілдерінің пайымдауларында адамтану ғылымының 
қалыптасуы қарама-қарсы үрдістің туындауы қарастырылған, яғни ғылыми 
танымның ортақ нысаны – адам тӛңірегіндегі ғылымдар интеграциясын 
тудырады. «Теориялық және практикалық адамтану» ғылымының негізін 
салушылардың бірі, әйгілі психолог Б.Г. Ананьев 1960 жылдары адам 
мәселесіне қатысты қазіргі ғылымдардың үш даму ерекшелігін кӛрсеткен 
болатын. Бірінші ерекшелігі ретінде автор адам мәселесін барлық ғылымдар 
үшін ортақ нысанға айналдыруды атайды. Соның ішінде әлеуметтік, 
жаратылыстану ғылымдарын ерекше ескереді, себебі бұл ғылымдарда адамға 
қатысты болмыстық пен қатар жасанды интеллект мәселесі де зерттеледі. 


15 
Қазіргі ғылымды дамытудың екінші ерекшелігі ретінде Б.Г. Ананьев адам 
туралы ғылымдар одан әрі кеңейетін, тармақталатын білім кӛзі деп есептейді, 
ал үшінші ерекшелік – түрлі ғылымдарды кешенді жүйеге біріктіру 
тенденциясы және «адами даму болмысын синтетикалық сипатта құру» 
мәселесі тұр деп тұжырымдайды. Б.Г. Ананьев адамтану құрылымында 
адамзаттық тұрмыс пен іс-әрекет әртүрлі қырларын ашатын бірқатар 
ғылымдарды ажыратып кӛрсетті: семиотика, эвристика, эргономика, т.б. 
Осы ғылымдардың барлығы психология базасында «жаңа синтездік 
адамтану ғылымында» бірігеді. Б.Г. Ананьевтің пікірінше, «Бірақ осы 
ғылымдардың интеграциясы – ең алдымен адам туралы философиялық ілім 
үрдісі арқылы анықталады» 

94


Мұндай ой бізге адамтанымды биологиялық, психологиялық, әлеуметтік 
аспектіде біріккен адам туралы кешенді ғылым ретінде қарастыруға мүмкіндік 
береді. Бұған қоса аталмыш ғылым әртүрлі тарауларында зерттелетін, кез 
келген даму сатысында қарастырылатын психологиялық ойлау (рефлексия) 
нысаны болып табылады. Қазіргі таңда кәсіби және жалпы білім беруді 
гуманизациялау іс-әрекеті қарқынды жүріп жатқанда Л.П. Буева, Т.М. Быкова, 
т.б. зерттеулері негізінде адамтанымның кешенді салалары қалыптасып жатқан 
үрдісі байқалады. Осы аталған ғалымдардың жұмыстарында «адамтанымның 
кешенді сипаты бүгінгі күнгі адам туралы ілімнің жағымды, оң қырлы 
мазмұнын пайдалануға деген қажеттілікті талап етеді» - деп атап кӛрсетіледі 

95,96


Қазіргі адамтанымға психологиялық талдау жасау аспектілерінің бірі 
ретінде біздің ойымызша, тұлғаның зияткерлік әлеуетін зерттеуді алу керек. 
Себебі, бұл аспекті адамның мақсаттық әрекетін ой тудырушы фактор ретінде 
қарастыруды кӛздейді. 
Интеллект, зияткерлік әлеует мәселесі кӛптеген психологиялық 
мектептердің, бағыттардың зерттеу нысаны болған. Заманауи интеллект 
теорияларын талдай келе, қазіргі әдебиеттердегі интеллект ұғымының 
сипаттамасын түйдік. Сонымен, интеллект: 
оқуға деген жалпы қабілетілік; 
• таным үрдістері мен қызметтерінің жүйесі; 
• қоршаған ортаға және ӛмір сүруге бейімділігінің жетістігін қамтамасыз 
ететін жалпы ақыл-ой қабілеттілігі; 
• іс-әрекет жетістігін негіздейтін, тұлғаның әртүрлі ӛзекті мәселелерді 
танып, оларды шешуге деген жалпы қабілеттілігі [97]. 
Ересектердің 
зияткерлік 
дамуының 
ӛзекті 
мәселелері 
заманауи 
психологиялық теорияларда бірнеше бағыттарда қарастырылады, зияткерлік 
әлеуетті дамыту мәселесінің теориялық және практикалық маңыздылығына ӛте 
қатты кӛңіл бӛлінген. Дегенмен, тұлғаның зияткерлік әлеуетін, зияткерлік 
қабілеттерін дамыту мәселесі бойынша қазіргі ғылымда кӛзқарастардың, 
түсініктердің, тұғырлардың алуан түрлілігі байқалады.


16 
В. Штерн, Я.А. Пономарев, В.Н. Дружинин, т.б [98,99,100] зияткерлікті 
бӛліп қарастырудың басты критерийі ретінде оның мінез-құлықты реттеудегі 
қызметі деп қарастырады.
Сонымен қатар, швейцар психологы Ж. Пиаже зияткерлікті білімді 
меңгерудің тәсілі ретінде анықтайды. Жан Пиаженің пікірінше, адамның 
когнитивті дамуы индивидуумның қоршаған ортаның ӛзгерістеріне бейімделу 
нәтижесі болып табылады 

101

. Ғалым бейімделудің ассимиляция және 
аккомодация сияқты екі механизмін бӛліп қарастыруды ұсынады. 
Ж.Пиаженің зияткерліктің операциялық теориясы туралы идеясында 
зияткерлік мінез-құлық мән мәтінінде анықталып, субъект мен объекті 
арасындағы ӛзара әрекеттестіктің ерекше формасы деп танылады. Соның 
негізінде, зияткерлік ӛзара үйлестірілген және қозғалмалы біртұтас 
құндылықтарды тудыратын операциялардың жиынтығы болып саналады. 
Ж.Пиаже бойынша, бала когнитивті даму барысында мына кезеңдерден 
ӛтеді:
1) сенсомоторлы интеллект кезеңі (туғаннан 2 жасқа дейін); 
2) операционалды ойлауға дейінгі (2 жастан 6 жасқа дейін); 
3) нақты операциялар кезеңі ( 6-7 жастан, 11-12-ге дейін); 
4) формалды операциялар (11-12-ден, 14-15 жасқа дейін) 

102


Мұндағы формалды логика интеллект дамуының жоғары сатысы болып 
табылады. Баланың зияткерлік дамуы тӛменгі сатыдан жоғары сатыға кӛшуді 
білдіреді.
Бірқатар ғалымдар R. Plomin, Н.С. Кантонистовa, М.С. Егоровa, т.б. 
еңбектерінде әр түрлі жас ерекшелік топтарының зияткерлік әлеуетін 
дамытудың генетикалық детерминациясын негіздейді [103,104,105]. 
Интеллекттің базалық қасиеттері Р.Стернберг, М.А. Холодная, т.б. 
зерттеулерінде сипатталады [106,22]. 
М.А. Холодная интеллект табиғатын түсінудің негізі ретінде 8 тұғырды 
(кесте 1) атап кӛрсетеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет