Кенжебаева таттыгуль бекбалтиновна



Pdf көрінісі
бет24/56
Дата10.04.2023
өлшемі1,84 Mb.
#80907
түріДиссертация
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   56
Байланысты:
Diss Kenzhebayeva

 
Әлеуметтік орта 
 
 
Педагогикалық-
психологиялық шарттар 
 


89 
қалыптастыруға ықпал ететін мақсатты бағыттаған әрекеттер түбегейлі жүзеге 
асырыла алады. Сондай-ақ педагогика саласында осы процесті нәтижелі 
орындауда кездесетін стихиялық әсерлерді оңтайлы шешу жолдары ескерілген 

283

. Яғни студенттің зияткерлік әлеуетін дамытуға мүмкіндік жасайтын ішкі 
және сыртқы жағдайлардың аса қажетті әрі жеткілікті шарттарын айқындау 
барысында педагогикалық шарттардың (сыртқы жағдайларға тән) да орны 
ерекше екені байқалады, сонымен қатар зияткерлік даму механизмдерінің іс-
әрекеті де (студенттің зияткерлік қабілетін дамытуды іштей жетілдіру) 
маңызды екені ескеріледі. 
Б.Г. Ананьевтің пайымдауынша, «адамзаттың дамуы кӛптеген 
факторлардың 
ӛзара 
байланысына 
тікелей 
қатысты 
болады: 
тұқымқуалаушылық, орта (әлеуметтік, биогендік, абиогендік), тәрбие (яғни 
тұлғаны қалыптастырудағы қоғамның ықпалы); адамның жеке тәжірибелік 
қызметі. Осы факторлар жеке-жеке емес, біріккен түрде дамудың күрделі 
құрылымы ретінде іске асады» 

121, 114-116 бб.


Сонымен, мақсатқа жетудегі педагогикалық-психологиялық шарттар 
жиынтығы бірнеше жолмен анықталады: біріншіден, тұлғаның дамытатын
қалыптастыратын сапасының мәні және мазмұнымен, (яғни білім берудің 
базалық тұғырларын таңдау негізі ретінде); екіншіден, ортаның ерекшелігі
ұйымдастыру шарттары және білім беру мекемесінің (ЖОО) субъекттерімен. 
А.К. Маркова кәсіби іс-әрекеттегі тәжірибені қалыптастыру мәселелерін 
зерттей отырып, келесі педагогикалық шарттарды ұсынады [288]: 
- оқу пәндерінің кәсіби бағыттылығы; 
- оқу материалының мазмұны; 
- студенттердің қажетті теориялық білімнің болуы, 
- олардың ӛз бетінше жұмыс жасауға қабілеттілігі,
- танымдық қызметке деген қызығушылық
- студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетін біртіндеп күрделендіру,
- оқу-танымдық іс-әрекетіне ағымдық бақылау жасау,
- студенттердің зияткерлік-шығармашылық іс-әрекетінде қалыптасқан 
тәжірибесіне деңгейлік баға беру,
- оқу ісі барысында ӛзекті мәселелердің болуы,
- оқу ісі барысында кәсіби іс-әрекеттің шынайы жағдайларына ұқсату, 

студенттердің зияткерлік әлеуетінің іс-әрекеттегі тәжірибесін 
қалыптастыруға индивидуалды-дифференциалды талдау жасау. 
Студенттердің зияткерлік дамуы шарттарын кәсіби зияткерлік ортаға 
сипаттама беру арқылы анықтауды ұсынады. Кәсіби зияткерлік ортаға тән 
белгілер тӛменде аталғандар: 
- зияткерлікке бағытталған мотивация, 
- ӛзара келісілген ортақ мақсат, 
- оқу бағдарламасы, 
- болашақ кәсіпке бағдарланған іс-әрекеті. 


90 
Психологиялық орта зияткерлік қызметке психологиялық дайындығын 
қамтамасыз етеді, стереотиптерден тәуелсіз еркін ойлауды, студенттердің 
ұйымдастырушылық, ӛз бетінше жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. 
Зияткерлік қабілет, кәсіби зияткерлікті дамыту саласындағы ғылыми 
зерттеулерге талдау жасау нәтижесінде педагогикалық зияткерлік әлеуетін 
дамытудың негізгі педагогикалық-психологиялық шарттарын анықтауға 
мүмкіндік береді. Сонымен, болашақ мұғалімнің зияткерлік әлеуетін дамыту 
мақсатында келесі педагогикалық –психологиялық шарттарды ұсынамыз: 
1. Болашақ мұғалімнің зияткерлік әлеуетін дамытуда оқытушылардың 
кәсібилілігі; 
2. ЖОО-нда зияткерлік әлеуетті дамытуға ықпал етуші зияткерлік орта;
3. Білім беру үрдісін проблемалы етіп ұйымдастыру; 
4. Студенттердің жалпы және арнайы дайындығының қажетті және жеткілікті 
деңгейі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет