Кенжебаева таттыгуль бекбалтиновна


Кесте 1. Интеллект феноменінің табиғатын тҥсінудегі негізгі тҧғырлар (М.А



Pdf көрінісі
бет11/56
Дата10.04.2023
өлшемі1,84 Mb.
#80907
түріДиссертация
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   56
Байланысты:
Diss Kenzhebayeva

Кесте 1. Интеллект феноменінің табиғатын тҥсінудегі негізгі тҧғырлар (М.А. 
Холодная бойынша) 
 
Тұғырлар атауы 
 
 
ИНТЕЛЛЕКТ 
 
 
 
 
 
 
 
 
Интеллект ұғымының 
сипаты 
Феноменологиялық 
тұғыр 
сана мазмұнының ерекше 
формасы. 
 
Генетикалық тұғыр 
адамның шынайы жағдайда 
қоршаған ортаның 
талаптарына 
күрделенген 
бейімделу. 
Әлеуметтік-мәдени 
тұғыр 
әлеуметтену үрдісінің, 
сонымен қатар 


17 
 
ИНТЕЛЛЕКТ 
 
мәдениет ықпалының 
нәтижесі. 
Процессуалды-әрекеттік 
тұғыр 
адам іс-әрекетінің ерекше 
формасы. 
Білімділік тұғыр 
интеллект мақсатты 
оқытудың ӛнімі ретінде. 
Ақпараттық тұғыр 
ақпаратты ӛндеудегі 
қарапайым үрдістердің 
жиынтығы. 
Қызметтік-деңгейлік 
тұғыр 
кӛпдеңгейлі таным 
үрдістерінің 
жүйесі ретінде. 
Басқарушылық тұғыр 
психикалық белсенділікті 
ӛздігінен басқару факторы 
ретінде. 
Феноменологиялық тұғыр бойынша үйренудің гештальт-теориясы ӛнімді 
ойлауға жетелейтін аймақ теориясы, гештальт және инсайт идеяларына 
негізделеді. Гештальтпсихология ойлауды, үйренуді, қабылдауды біртұтас 
құрылым түрінде зерттеуді ұсынады. 
Гештальт (неміс тілінен «тұтас конфигурация», форма, бейне, құрылым» 
ретінде аударылады) – форма психологиясы деген мағынаны білдіреді, ӛз 
заңдылықтары бойынша жеке құбылыстардың кӛптүрлілігін реттейтін 
қызметтік құрылым. Танымдық процестерді зерттеу негізінде пайда болған 
льтпсихологияның зерттеу пәні тұтас құрылымдар, яғни гештальттар болды 
[107].
Гештальт-теория білімді меңгеруі ғана мүмкін қабылдау объектісін тұтас 
ұйымдастыруға гештальттың үйрену теориясына негізделген.  
Гештальт бойынша үйрену – бұл когнитивті феномен. Мәселені 
ойлатырғаннан кейін тәніміз оны шешу жолын «кӛре бастайды». Мысалы, 
студент мәселені шешуге қажет барлық құрылымдық бӛліктерді ойластырады 
да, мәселе шешілмегенше, оларды әртүрлі тәсілдермен бірге жинақтайды. 
Шешім табылғанның ӛзінде де, кенеттен болады, яғни инсайт негізінде 
мәселенің шешімі, амалы пайда болады. Шешім табылуы да, табылмауы да 
мүмкін болғандықтан, гештальттықтар бойынша үйрену бұл үзікті үрдіс болып 
табылады [108]. Сӛйтіп, интеллект гештальтпсихология тұрғысынан қарағанда 
қабылдау мүмкіндіктері мен оның сипаттамасы ретінде танылды. Ал 
бихевиоризм бағытында интеллектіні бейімделгіштік қабілет ретінде түсініреді. 
Вюрцбургдық мектеп ӛкілдері интеллектіні ойлаудың абстрактілі формасына 
теңейді.
Зер салу, интеллект мәселесіне мәдени-тарихи тұғыр позициясы бойынша 
Л.С. Выготский, П.Я. Гальперин, М.М. Муканов, т.б. зерттеулерінде кӛрініс 
береді [109,110,111]. Әлеуметтік-мәдени тұғыр деп Л.С. Выготскийдің жоғары 
психикалық 
әрекеттердің 
мәдени-тарихи 
теориясын 
атайды. 
Оның 


18 
тұжырымына 
сүйенсек, 
интеллект 
логикалық, 
аналитикалық 
және 
рационалистік бастауымен теңестіріледі, ал оның дамуы балалық шақ негізінде 
зерттеледі. 
Сонымен қатар, Л.С. Выготскийдің интеллект табиғатын түсінудің 
теориялық түрі: вербализация 

категоризация 

рационализация деп 
сипатталады.  
П.Я. Гальпериннің ақыл-ой әрекеттерін кезеңмен дамыту теориясының 
негізі-интериоризация болып табылады. Осы теорияға сәйкес ақыл-ой 
әрекеттері мен ұғымдарды қалыптастыру кезең-кезеңмен (мотивациялық, 
бағдарлаушы, материалдық, сыртқы сӛйлеу, ішкі сӛйлеу, ауызша сӛйлеу, 
әрекеттерді түгелдей ойша жоспарлау кезеңдері) жүреді. 
Білімділік тұғырдың ӛкілі З.И. Калмыкова бойынша дамыта оқыту ӛнімді 
шығармашылық ойлауды қалыптастырады. Дамыта оқытудың тірек 
дидактикалық қағидалары:
- оқытудың проблемалылығы; 
- оқытудың даралығы және дифференциациясы; 
- ойлаудың әртүрлі компонеттерінің (нақты, абстрактты-теориялық) үйлесімді 
дамуы; 
- эвристикалық ойлау тәсілдерін қалыптастыру [112]. 
Ақыл-ой іс-әрекетінің алгоритмикалық тәсілдері логикалық ойлаудың 
негізі, сонымен қатар шығармашылық ойлаудың бір бӛлігі. Ал, эвристикалық 
ойлау тәсілдерінің ерекшелігі-нақтылау, абстракциялау, аналогия барлық 
адамдарда бірдей дамымағандықтан оларға осы тәсілдерді үйрету қажеттілігі 
туындайды және олар формалды емес, мазмұндық талдауға сүйенеді.
Американдық психолог Х.Гарднер (H.Gardner) адам интеллектісінің кем 
дегенде сегіз орталығы (лингвистикалық, логикалық-математикалық, кӛру-
кеңістікті, музыкалық, кинестетикалық, натуралды (табиғи), тұлғааралық, 
ішкітұлғалық) болатындығын негіздеген және оның біреуі ғана іс-әрекетте 
үстемдік етіп, кӛзге кӛрінетін қабілетінде байқалатынын тұжырымдайды.
Оның пікірінше, зияткерлік күнделікті әртүрлі іс-әрекеттің барысында 
(мектепте, кәсіби білім алу кезінде, жұмыс істеу, т.б.) дамитынын тұжырымдап, 
соған қатысты ойлаудың бірнеше типтерін ажыратады. Олар: 
1. Ойлаудың пәндік типі-адам ойлау моделінің кем дегенде бір моделін 
(нақты оқу пәні немесе мамандыққа қажет қабылдау тәсілін) меңгеру деп 
түсіндіреді; 
2. Ойлаудың синтездік типі-әртүрлі пәндер және білімдер салаларынан 
идеяларды, кейін соның негізінде жаңа идеяларды, тұжырымдамаларды, 
тұғырларды байланыстыра алу қабілеті; 
3. Ойлаудың креативті типі-жаңа идеялар және тұжырымдамдар тудыру, 
ӛзекті мәселелердің дәстүрлі емес шешімдерін табу, жаңа сұрақтарға жауап 
беру және жаңа феномендерді түсіндіру; 
4. Ойлаудың респектологиялық типі-әртүрлі елдердің мәдениетін 
қабылдай алу, ұлттық және кәсіби ерекшеліктеріне қарамастан адамдарды 
сыйлау, әртипті индивидуумдармен және әлеуметтік құрылымдармен ӛзара 


19 
әрекеттесуге дайындығы; 
5. Ойлаудың этикалық (әдептік) типі-адами, адамзаттық және кәсіби 
парызын ӛтеу, оларды орындау қажеттілігін түсіну және кез келген салаларда 
ӛз әрекетіне жауап беруді білдіреді. 
Ойлаудың типтері біртұтас, ӛзара тығыз байланысты және адамның 
дамуының нақты кезеңдерінде жүзеге асатындығы жайлы Х.Гарднер былай деп 
жазады: «Белгілі бір пәнді меңгермей, бір жаңа ӛнім шығару мүмкін емес, ал 
шығармашылықсыз пән-тек практикалық білімдердің ӛлі жүгі» [113]. Яғни, 
зияткерлік іс-әрекетке белгілі дәрежеде жиналған білім, білік, дағдының қоры, 
адамның тәжірибесінің болуын қажет етеді. Сонымен, адамның жеке зияткерлік 
қыры әрқашан бірегей дүние екендігін айтуға болады. 
Дегенмен, интеллект феноменін зерттеулердің кӛптігіне қарамастан, осы 
мәселе тӛңірегіндегі ұғымдар, теориялар және практикалық қолдану тәсілдері 
айқындалмаған.
Интеллект дәстүрлі түрде екі бағытта зерттелді. Тестологиялық бағыт 
ӛкілдері (Eysenck H.J [114], т.б.) интеллектіні нақты танымдық қызметтің 
қалыптасу дәрежесінің кӛрсеткіштерінен байқалатын менталды дамудың 
жеткен деңгейі деп қарастырады. Олардың зерттеу пәні академиялық 
үлгеріммен сәйкестендірілген интеллектінің деңгейлік қасиеттері болды. 
Эксперименталды-психологиялық 
бағыт 
зияткерлік 
белсенділіктің 
механизмдерін анықтауға бағытталған, яғни процессуалды-әрекеттік тұғыр 
бойынша (C.Л. Рубинштейн [115], Б.М. Теплов [116], т.б.). 
Соңғы кезде X. Айзенктің [117], Р. Стернбергтің [118] неотестологиялық 
теориялары кеңінен қоланылуда. Осы теория бойынша интеллектінің IQ-
тұжырымдамасын 
мойындалған. 
Атақты 
ғалымдар, 
интеллектті 
шығармашылық қабілеттерді дамыту контекстінде ӛзектендіреді. 
В.Н. Дружининнің зерттеулерінде креативтілік, білім алу және 
интеллектіні сәйкестендіру мәселесі жан-жақты қарастырылады [119]. 
Интеллектіні дамыту үрдісі адамның ойлауындағы сапалы ӛзгерістермен, 
оның зияткерлік дамудың бір кезеңінен екіншісіне кӛшумен сипатталады. 
Осыған байланысты Л.C. Выготский, C.Л. Рубинштейн [79,120,] балалар 
зиятының дамуындағы сапалы кезеңдерді сипаттайтын зияткерлік іс-әрекеттің 
үш генетикалық бірізді формаларын ажыратады. Олар: кӛрнекі-әрекеттік, 
кӛрнекі-образдық және сӛздік-логикалық. Сонымен қатар, Б.Г. Ананьев, Л.И. 
Анцыферова, 
А.В. 
Толстых, 
т.б. 
[121,122,123] 
«Шектеусіз 
даму» 
тұжырымдамасында даму мәселесіне түсінік беріледі және даму –ол ӛмірдің 
соңына 
дейін 
жүретін 
эволюциялық-инволюциялық 
қозғалыс 
деп 
тұжырымдалады.
Интеллект Ф.Н. Ильясов бойынша ӛзіндік оқыту барысында нақты 
міндеттерді шешуде жүйенің бағдарлама құру «қабілеттілігі» [124]. 
Зияткерліктің 
генезисін 
зерттеулер 
қатарында 
ӛзара 
бір-бірін 
толықтыратын басты екі тұғырды ажыратуға болады. Біріншісі, Ж.Пиаже 
зерттеулерінде интеллект (субъектінің қоршаған ортамен теңестірудің 
оперативті механизмі) дамуының ауқымды табиғи әлеуеті болатындығын 


20 
кӛрсетеді [125]. Интеллекттің даму кӛзі – интеллекттің ӛзі, сонымен қатар
субъект ӛз алдына мәселелерді қояды, жеңуді талап ететін кедергілерді, 
қиындықтарды туындататын болғандықтан, субъекттің ӛмірі де даму кӛзі 
болып табылады. Қарама-қайшылықтарды шешу, олардан шығу, түрлі деңгейлі 
зияткерлік операцияларын, заттық шындықтың қызметтік механизмі 
ассимиляцияны қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Екінші тұғыр бойынша Л. С. Выготский, Дж. Брунер, т.б. еңбектерінде 
зияткерлік даму адамның жалпы әлеуметтенуі ретінде қарастырылады [79,126 ]. 
Психометриялық тұғыр ӛкілдері (Дж. Гилфорд, Л.Терстоун, т.б.) 

127,128

зияткерлікті нақты таным қызметтерінің қалыптасуында, сонымен 
қатар білім мен дағдыларды меңгеру дәрежесінің кӛрсеткіштерінде кӛрінетін 
деңгей ретінде таниды. Векслердің ұсынған теориясы бойынша, зият 
абстрактты құрылым болып табылады, себебі ол жайлы тек оның ӛзі пайда 
болған кӛрінісінен ғана талқылауға болады Соның нәтижесінде зияткерлік 
мәні түбегейлі, принципиалды түрде танылуы мүмкін емес дүние деген 
қорытынды жасалды.
Дж. Гилфорд бойынша интеллект құрылымын (сурет 1) кӛруге болады. 
Осы кӛптеген параллельді қабілеттердің интеграция тәсілін тапты, белгілі 
интеллектуалды факторларды тұтас үшӛлшемді модельге жинады. Бірінші 
ӛлшем-мазмұны бойынша тӛрт категориялы; екіншісі-операциялар бойынша 
бес категориялы; үшінші ӛлшем-нәтиже бойынша алты категориялы. 
Сонымен, мазмұн, операция және нәтиже (ӛнім) интеллект 
құрылымының үшӛлшемді кубтәрізді моделінің үш параметрі болып 
есептеледі [129]. 
Дж. Гилфорд нәтиженің (ӛнімнің) тӛмендегідей 6 типін белгілейді:
1) бірліктер
2) класстар; 
3) қарым-қатынастар; 
4) жүйелер; 
5) трансформация; 
6) импликация. 


21 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет