Кенжетаева Тоты Жеңісқызы
Астана қаласы №83мектеп-гимназиясы ШЖҚ МКК
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік мәдениетті дамытудың стратегиялары
«Мектеп – еліміздің халыққа білім беру жүйесінің күрделі тармағы.
Мектебіміздегі қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жылдық жоспарына жаңа технологияларды енгізу жылма –жыл жоспарланады. Қандай да бір жаңа технологияны енгізу барысында мұғалімдерге кеңесші, тәрбиеші, бағыт беруші қызметін атқаруға тура келеді. Бұл мұғалімнен тек пәндік білімді ғана емес, қазіргі заманғы педагогика және психологиядан, оқыту мен тәрбиелеудің технологиясынан білімді қажет етеді. Қазіргі кезде мектеп мұғалімдеріне кәсіби біліктілігін арттыруда өз әрекетіне талдау жасап, рефлексия жасаудың қаншалықты маңызды екені түсінікті. Бұл зерттеуші-мұғалім әдістемелік мәдениеті моделінің бір тармағы Дегенмен, оқытушыларға тек өз тәжірибесі арқылы үйрену қиын және ол үнемі табысты бола бермейді. Сондықтан ұжым болып сабақты талдау мұғалімдер үшін өте пайдалы. Бұл мектептің білім беру жүйесінде кеңес дәуірінен бері қалыптасқан үрдіс. Ал ұжым болып бірігіп сабақ жоспарын құру, ұжым болып сабақ мақсатын құру, ары қарай сол мақсатқа жеткен-жетпегенін бақылау, сабақты зерттеу – бұл білім мазмұнын жаңартудағы жаңа бағыттың бірі. Бұл тәжірибе әдістемелік құралдарда «Lesson Study» деп айтылып жүр. Lesson Study, яғни сабақтағы зерттеу мектеп тәжірибесінде ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияның бастауыш сыныптарында қолданыла бастаған екен.
Біздің мектепте тренерлік біліктілік арттыру курстарынан өткен дамушы топ мектеп әкімшілігімен бірлесе Lesson Study үдерісін ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Яғни шағын фокус-топтар құрылу шешімі қабылданды. ( мұғалімдердің 100 пайызы жаңартылған бағдарлама курстарын аяқтаған. Мектеп ішінде бірнеше фокус топтар құрылды) Биылғы оқу жылында біздің әдістемелік бірлестік ішінен 3 топ құрылды.
Фокус - топтар – талқылау фокусы ортақ біртекті топтарда деректерді жинақтаудың сапалық тәсілі, онда жүргізуші болады және ол топтық динамика қағидаларына негізделеді. Мұғалімдер көбінесе бұл сөз тіркесін дұрыс қолданбайды. Бұл топ жай ғана кез - келген қатысушылардан құралған топ қана емес, зерттеу әдісі екендігіне де айтқымыз келіп отыр. Фокус - топтары мынадай әрекет түрлерімен айналысамыз. Топ мүшелері жинақталып,жұмыс жоспарларын дайындау, қысқа мерзімді сабақ жоспарларының түрлерін, зерттелетін мәселелерді есепке ала отырып, сабақты бақылау нысандары әзірленді. Топ мүшелерінің кездесуі , бірлесе сабақты жоспарлау, сабақты өткізу кезеңін белгілеу, бақылау формаларын дайындайды және сабақта қолданылатын тәсілдерді бірігіп таңдайды, бір сөзбен айтқанда бірігіп, ақылдаса отырып сабақ жоспарын құрады.
Топ мүшелері сабақты жоспарлауда аңғарғанымыз: жоспарлау кезеңінде жұмыс тобының мүшелері өздерінің қалай сабақ бергендігі немесе қалай беретіндігі, топта ұйымдастырылатын әртүрлі әрекет түрлері, тапсырмалар , жаттығулар , әдістер және т,б артықшылықтары туралы өз тәжірбиесімен бөліседі. Зерттеу мақсатын ескере отырып, мұғалімдер оқушылардың ойлау қабілетін көзге көрінетіндей, яғни бақылау және талдау үшін ашық болатындай етіп жасақтауға көмектесетін оқу әдістері мен формаларын ұсынады. Бұл фокус топ мүшелерінің білім алушылардың топ мүшелері тарапынан құрастырылған сабақты оқып жатқандығына көз жеткізу үшін қажет.
Жоспарлау үдерісінің барлық кезеңінде мұғалімдер заттарға білім алушылардың көзқарасы тұрғысынан қарай отырып, танымдық эмпатияны тәжірбиеден өткізеді. Бұл жерде оқушылардың қалай оқитындығын түсіну үшін жұмыс істейді. Алғашқы жүргізілген сабақтан кейін топ мүшелері жоспарға түзетулер енгізеді, келесі сабақты өткіземіз және әрі қарай жалғаса береді. Әр сабақтан кейін жоспар жетілдіре береді және білім алушылардың қызығушылықтарын ескере отырып, оқытудың ең үздік әдістері анықталады. Бірінші жылдары фокус - топ құрып бастаған жылдары мен бір фокус тобының мүшесі болғам . Ол топта орыс тілі ,математика , қазақ тілі пән мұғалімдерінен құрылды . Сонда фокус - топ мүшелерінен байқағаным сабақты бірге отырып жоспарлау кезінде оқытушыларға олардың оқыту пәндері әртүрлі болған жағдайда әрбір болмашы нәрсеге үңіле берудің қажеті жоқ екенін байқадым. Жоспар жеткілікті деңгейде толық, екінші мұғалім оны дұрыс пайдалана алатындай жасалуы керек. Бұл әрбір сөз сценариге түсуі тиіс дегенді білдірмейді. Дегенмен, бұл жоспар анағұрлым кең , ауқымды шолудан тұруы қажет және қызмет формасын, мұғалімнің сыныпта пайдаланылатын материалдарын, мұғалімнің сұрақтарын, оқушылардан күтілетін жауаптарды, сондай – ақ , оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға берілетін жауаптарды толыққанды сипаттай алуы тиіс. Былтырғы оқу жылынан бастап мен өзім «Өріс» тобының жетекшісімін. (слайд 3) Топтағы 4 мұғалім бір сыныпқа сабақ береміз.Сол себепті сабақ жоспарлау мен мақсат қою жеңіл түсіп жатыр. Сабаққа келетін болсақ САБАҚ- топ мүшелерінің өздерінің жоспарлаған идеяларын жүзеге асыратын Lesson Study үдерісінің құрамдас бөліктерінің бірі.
Сабақты зерттеу барысында мұғалімдер оқушыларды А,В,С –деп үш санатқа бөледі: күшті, орташа және әлсіз. Бұл шара сабаққа енгізілген өзгерістердің әртүрлі балалар тобында қалай көрініс табатынын анықтауға мүмкіндік береді. 3 слайд
Бақылау - маңызды роль атқарады, себебі ол оқушыларға кабинетте жүргізіліп жатқан зерттеу кезеңдерінің бәрінде оқушыларды оқуға, олардың ойлауындағы өзгерістерді бақылауға және байқауға, сондай – ақ оқушыларға сабақтың өн бойында қандай әдістердің әсер ететіндігін аңғаруға жағдай жасайды. Алайда топтар балалар сабақ барысында аяқтап тастайтын жазбаша жұмыстар сияқты қосымша дәлелдердің көмегімен де толықтырылуы мүмкін.Топтар алдын-ала сабақты қалай бақылау, неге көңіл аудару және бақылауды қалай жазып отыру әрекеттерін көрсететін арнайы нұсқаулықтар да әзірлеп алған дұрыс. Сабақтан кейін талқылау мен бірге талдаудан басқа ешқандай хаттама толтырудың қажеті жоқ. Бірінші жылдары фокус – топ жұмысын бастаған кезде әр сабақ сайын хаттама толтырып әуреленеміз.
Lesson Study- дің оқытушыларға қосымша жұмыс болмай, олардың жұмысын жеңілдетуі аса маңызды. Сонымен қатар, бақылау формасы - оқытушы бақылағанының және қорытынды шығарғандығының белгісі, ол кейінірек топтың біріккен кездесуінде немесе түрлі конференцияларда талқыға салынатын болады.
Өздеріңе белгілі мұғалімдер қауымына уақыт қашан да тапшы Соның себебінен жоспарланған сабақтарға кейбір топ мүшелері қатыса алмайды бұған кедергі мұғалімдердің сабақ жүктемесі болуы мүмкін. Педагогтар өздерінің жоспар құруға, басқа сабақтарға қатысуға , талқылауға уақыттарының жетпей жатқандығын жиі айтады. Бұл үрдіс егер оны жеңілдететін болса, үш кезеңнен тұрады: жоспарлау-сабақ-талқылау (слайд 4) Егер топ мүшелерінің бірі сабаққа қатыса алмайтын болса, бірақ оны жоспарлаған және сабақ қорытындысын талдауға қатысқан болса, бұл ұсынылып отырған үдерісті бұза алмайды. Жоспарлау мен талқылау да сабақтың өзі секілді маңызды мәселелер болып есептеледі, себебі, олар мұғалімдердің рефлексиясына негізделген. Мұғалімнің рефлексиясы –зерттеуші оқытушының әдістемелік мәдениетінің моделінің бірі.(слайд 5 Ары қарай осы сабақ практикада қаншалықты нәтижелі, табысты болатынын зерттейді.. Оларға тапсырмаларды тиімді орындауға көмек көрсету үшін бақылаушылардың қолында сабақ жоспарының көшірмесі, сабақ барысында қолданылатын материалдар, сондай -ақ бақылау парақтары болуы тиіс. Осы жерде сұрақ туындауы мүмкін . Сабақ беруші мұғалім топтағы әріптестерімен ақылдаспай – ақ, сабаққа айтарлықтай өзгерістер енгізе алады ма ?
Ия, көптеген жағдайда сабақ беруші мұғалім сабақ өткізу сәтіндегі қажеттіліктерді ескере отырып, өз сабақтарына түзетулер енгізіп жатады. Сабақтың бірқатар өзгертулерсіз өтуі мүмкін емес, дегенмен, мұндай өзгертулер мен жетілдіруді сабақты жоспарлау барысында қарастырған дұрыс. Келесі сабақты талқылау сабақ өткеннен кейін жүргізілуі қажет . Сабақтың өту барысы топ мүшелерінің әлі есінде тұрған уақытта, көпке созбай сабақты талдау және сараптау кездесуін өткізіп алған дұрыс. Командалар сабақты талдаудың бірнеше негізгі ережесін пайдалануы мүмкін , мысалы оқушыларға басымдық таныту (мұғалімдерге емес)сабақ тәжірбиесінен нені және не үшін үйренгендігі немесе неге қол жеткізе алмағандығы талқыға салынады. Сабақты талдау негізгі үш мәселеге негізделеді.Білім алушылар сабақтың мақсатына қалай қол жеткізеді ? Сабақты қалай жақсарта түсуге болады ? Бұл тәжірбиеден біз не білдік. ?
Уақыт- ең маңызды ресурс, оның жетіспеуі- мұғалімдер тарапынан бірінші болып айтылатын ең маңызды кедергі. Біз мұғалімдер мұқият ұйымдастыру және жоспарлауды жүзеге асыру арқылы уақытты жеңе аласыз.Ұзақ отырыстардан сақтаныңыз. Мұғалімдер сабақ жоспарларын әзірлеу немесе өздерінің келесі әрекеттерін талқылау үшін ғана бас қосады.Мысалға біздің тобымыз биылғы оқу жылында 25-30 рет бас қостық. Бұл осы уақытқа дейінгі. (Әлі де оқу жылы аяқталғанша неше рет бас қосатынмыз белгісіз.)
Lesson Study бір реттік іс-шара емес, нақты үдеріс болуы үшін үдерістің жүйелілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ете алатындай шараларды ойластыру және қолдану қажет.Осы жерде айтайын дегенім сабақты жоспарлауға кеткен мұғалімдердің уақытын да есептемеуге болмайды. Сондықтан мұғалімнің еңбегіне төленетін жалақы мәселесі де дұрыс шешімін табуы керек, себебі (жаңа айта кеткенімдей) Lesson Study жүйелі түрде үздіксіз жүргізілетін, ұзақ уақытты қажет ететін үрдіс.
Сөзімді қорытындылай келе, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік мәдениетті дамытудың стратегиялары бірі - сабақты зерттеу . Сабақты зерттеу – қазіргі біздің колледж, мектептердегі жағдайды түбегейлі өзгерте алатын әдістердің бірі және оның тиімділігі әлемнің дамыған елдеріндегі тәжірбиеде айқын көрініс тауып отыр.
Осыған орай, «Біз өзіміздің сабақ беруімізде нені өзгерте аламыз» деген сауал туындайды. Әрине, бүгінгі күнгі бұл әдіс туралы өз тәжірбиемнен берген дерегім жеткіліксіз, оны талдау, жинақтау және бағалау деңгейіне дейін жеткізу қажет. Сабақты зерттеу – тұрақты жүргізілетін үдеріс, себебі оның астарында зерттеуші- мұғалімнің рефлексиясы жатыр.
Қазіргі кезде білім берудегі адами әлеуеті арттыру туралы көп айтылып жүр. Біздерге қазақ тілін жақсы білетін немесе лингвистикалық талдауды жақсы жасай алатын мұғалім болу аздық етеді. Заманауи әлемнің сұранысы мен талабы барлық міндеттерді сын тұрғысынан ойлау деңгейінде шеше алатын, қалыптан тыс ойлау қабілеттері жетілген кәсіби мамандардан құралған күшті команда қажет. Ал, сабақты зерттеу осындай мүмкіндіктерге қол жеткізуге көмектеседі.Сабақты зерттеу кезінде мұғалімнің іс-әрекеті ғана емес, оқушылардың оқу әрекеті бақыланады. Егер мұғалімдер Lesson Study арқылы, яғни нақты сабақ беру тәжірибесі (практика) арқылы зерттеу сабағын жүргізумен айналысса оқытуды жақсартуға мүмкіндік ашылар еді. Сондықтан да мұғалімдердің кәсіби және ғылыми біліктілігін арттыру мақсатында осы әдісті қолдану мүмкіндігін мұғалімдерге түсіндіріп, оны ұйымдастыруға көшбасшы болса, онда Lesson Study тәсіліне деген қызығушылық артып, оның құндылығы кеңінен мойындалар еді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. ҚР жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы.-Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Педогогикалық шеберлік орталығы, 2013
2.Абдрахманова Ж.Б.,Биярова ., Зейнолдина. Lesson Study: Өз сабағын зерттеу мен айналысуға ниет білдірушілер үшін. – Астана. Педагогикалық шеберлік орталығы. 2015
3.Пит Дадли. Lesson Study: нұсқаулық. Астана 2015.
4. Асхат Әлімов. Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану. Алматы, 2015ж.
5.Веб-сайттар