Тапсырманы орындауға арналған нұсқаулық
1. Тапсырманы орындау үшін сұрақтарды мұқият оқып шығыңыз. Видеоны көру барысында
өз тобыңызға қатысты сұраққа жауап іздеуге тырысыңыз.
2. Видеоны көріп болған соң сұрақтың жауабын жазыңыз.
3. Сосын топта жазылған жауаптарды талқылаңыздар, қажетінше жауаптарды толықтырыңыз.
4. Басқа топтармен біріктірілген кезде, басқа топ мүшелерімен бөлісіңіз.
5. Кестенің басқа бөліктерін жауаптармен толықтырыңыздар.
Топтық жұмысты бағалау критерийлері:
Тақырып мазмұнының ашылуы
Жұмыстың ұқыптылығы
Ақпараттың толықтылығы, шынайылығы
Уақытты тиімді пайдалану
1. Видеода көрсетілген металдарды алу тәсілдерін атап шығыңыз және оларды сипаттаңыз. Металлотермия әдісін сипаттаңыз
2. Пирометаллургия не үшін пайдаланылды? Пирометаллургия қолданылған реакцияның теңдеуін жазып, оны теңестіріңіз. Пирометаллургияның артықшылығы мен кемшілігі неде?
3. Электрметаллургия не үшін пайдаланылды? Электрметаллургия қолданылған реакцияның теңдеуін жазып, оны теңестіріңіз. Электрметаллургияның артықшылығы мен кемшілігі неде?
4. Гидрометаллургия не үшін пайдаланылды? Гидрометаллургия қолданылған реакцияның теңдеуін жазып, оны теңестіріңіз. Гидрометаллургияның артықшылығы мен кемшілігі неде?