Практикалық тапсырма: Есептерді шығар.
Оқушылар бір ағаштан 5 шелек, ал екіншісінен 3 шелек алма терді. Барлығы 8 шелек алма терілді. Екіншісінен неше шелек алма терілді?
Оқушылар бір ағаштан бірнеше шелек, ал екіншісінен 3 шелек алма терді. Барлығы 8 шелек алма терілді. Біріншісінен неше шелек алма терілді?
Кесте бойынша, өзара кері есеп құрастыр; Есепті шығар;
Қымыз – 30л
?л
30л
Шұбат – 10л
10л
?л
Барлығы - ? л
40л
40л
Өзара кері есептерді шығар.
Қаныш 5 ертегі, ал Олжас одан 3 ертегі артық оқыды. Олжас неше ертегі оқиды?
Қаныш 5 ертегі, ал Олжас 8 ертегі оқиды. Олжас неше ертегі артық оқыды?
Олжас 8 ертегі, ал Қаныш одан 3 ертегі кем оқыды. Қаныш неше ертегі оқиды?
Кестені пайдаланып, кері есептер құрастыр және оларды шығар.
Бағасы
Саны
Құны
4 тг
3
? тг
? тг
3
12 тг
4 тг
?
12 тг
Кері байланыс тапсырмасы: «Ақиқат немесе жалған» «True or False» https://b.socrative.com/teacher/#import-quiz/54101525
Бірінші сыныпта оқушылар салыстыру арқылы жай есептердің бірнеше түрлерімен танысады?
Дұрыс / True
Дұрыс емес / False
«Кері есептер» ұғымымен оқушылар екінші сыныпта танысады.
Дұрыс / True
Дұрыс емес / False
Кері есептерді шешкенде есептегі екі элементті ерекше қарастыру керек.
Дұрыс / True
Дұрыс емес / False
Кері есептерді шешкенде есептегі мазмұны, берілген сан мәндері, есепті шешуге қажетті математикалық тәуелділік пен амалдар элементті ерекше қарастыру керек.
Дұрыс / True
Дұрыс емес / False
Есепті салыстыру барысында оқушылар олардың ұқсастығын мен айырмашылығын анықтайды.
Дұрыс / True
Дұрыс емес / False
Кері есептер дегеніміз – өзара кері есептердің жүйесін игеру.
Дұрыс / True
Дұрыс емес / False
Өзара кері есептердің бірінші түрі: санды бірнеше бірлікке арттыру,айырмалық салыстыру, санды бірнеше бірлікте кемітуге берілген есептер.
Дұрыс / True
Дұрыс емес / False
Өзара кері есептердің бірінші түрі: санды бірнеше бірлікке арттыру,айырмалық салыстыру, санды бірнеше бірлікте кемітуге берілген есептер.
Дұрыс / True
Дұрыс емес / False
Студенттің өзіндік жұмыстары: 1.Кері және өзара кері есептің түрлеріне мысал келтіру
2.Кері және өзара кері есептерді тірек сызбалар, кесте , сұлбалар арқылы модельдеу.