Керимбекова Салтанат Жаксыбековна Пән/Сынып: Қазақ тілі, 5-сынып Қай аптаның нешінші сабағы 7-апта, 24 сабақ



бет2/2
Дата11.04.2022
өлшемі2,66 Mb.
#30611
түріСабақ
1   2
Бағалау критерийі:

  • Мәтін мазмұны негізінде маңызды ақпаратты анықтайды.

  • Оқылым стратегияларын қолданады.

  • Омоним, антоним, синонимдерді анықтайды;

  • Көркемдік ерекшелігіне сай қолданады.




Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі



Бірлескен жұмыс (1, 2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету



Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны


Оқушы әрекеті

Ресурстар

1-2 минут


Қызығушы-

лықты ояту



Сәлеметсіздер ме?

Бүгінгі сабағымызға қош келдіңіздер!

Бүгінгі сабақта:

Сіздердің білетіндеріңіз:



  • Мәтін мазмұны негізінде маңызды ақпаратты анықтайды.

  • Оқылым стратегияларын қолданады.

  • Омоним, антоним, синонимдерді анықтайды;

  • Көркемдік ерекшелігіне сай қолданады.


Топқа бөлу. Сыныпты түстер арқылы екі топқа бөлу.




Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріліп, назары сабаққа аударылады.

Оқушылар сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін анықтайды.


Ғаламтор мәліметтері




2-3 минут




Қызығушылықты ояту

  • Балалар, суреттерге көңіл аударайық.

  • Кімдер бейнеленген?

  • Сыртқы келбеттеріне қарап адамды тануға бола ма?



ОҚЫЛЫМ АЛДЫ

«Бұрыштар» әдісі. 1-бұрыш. Адамның сырт келбеті дегенді қалай т түсінесіңдер?



2-бұрыш.Сыртқы келбет пен адамның ішкі дүниесінің байланысы бар ма?


3-бұрыш. «Киіміңе қарап қарсы алады, сөзіңе қарап шығарып салады» деген сөзбен келісесің бе?

(Оқушылар өздері таңдаған бұрышқа барып, сол бұрышта ілініп тұрған сұраққа жауап береді)

Дескриптор:

  • Сұрақтарға байланысты өз пікірін білдіреді;

  • Өмір салтының адамның сыртқы келбетіне байланысын дәлелдейді;

  • Айтылған пікірлерге байланысты қорытынды шығарады.

ҚБ «Шапалақ»

ОҚЫЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ

Тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұны бойынша төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Адамның сыртқы келбеті мен киім киюі оның оның ішкі дүниесінен де хабар беріп тұратыны ертеден мәлім. Кез келген адамды бір көргенде-ақ оның көзі,қасы, беті, дене бітімі,қылығы, киім киісі саған әрқилы әсер етеді. Онымен танысып,әңгімелесіп,араласып кетпей тұрып-ақ, ол адам жөнінде өзіндік пікір де қалыптастырып үлгересің. Бұл- адамның сыртқы келбеті арқылы-ақ танып білу қасиеті.Әйтеуір ,адамның сыртқы келбеті бір қарағанда не сүйсіндіреді, не одан жирендіреді,тіпті, таң-тамаша қалдырады.

Адамның қадір-қасиеті мінез-құлқына қарай бағаланады десек те, оның талғамы мен өмір салтын сыртқы келбеті аңғартатыны анық. Кейде адамның сыртқы келбеті оның талай-тағдырына да әсер етеді. Өйткені адамның сыртқы келбеті тартымды болмаса, ішкі жан дүниесі көбімізді қызықтыра бермейтіні белгілі.

Бұл өмірде адамдардың жан дүниесін танып білудің ,әрқайсысынң

сана-сезімімен санаса келіп, олардың жеке-дара өзгешеліктерін түсіне білудің маңызы айрықша. Ол,әрине, өзара қарым-қатынас жасау,сыйласу барысында анықталатын жайттар. Осы жерде мына мақал-мәтелдерді айта кеткен жөн. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен», «Жақсылыққа жақсылық- әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық- ер кісінің ісі»,»Жаяуға жол алыс» . Тек есте болатын бір жағдай, жеке адамның әртүрлі ерекшеліктерінің дамып, қалыптасуы оның өзі өмір сүріп отырған ортасына, ондағы қоғамдық қатынастарға да тәуелді. Бірте-бірте мүлде бөгде өмір салты қалыптасады.Соған қарамастан, адам тану бойынша зерттеу жүргізушілер адамның сыртқы кескін-келбеті, жүріс-тұрысы,сөйлесу,сәлемдесу әдебі арқылы –ақ оның қандай мінезді, ақыл-парасатының, ерік-күшінің, белсенділігінің қаншалықты екенін аңғаруға болады деп есептейді.

«Кітапты қабына байланысты бағалама» деген сөздердің адамға қатысты да көп айтылатынын бәріміз білеміз. Алайда осы арада адамдардың пікірі екіге бөлінеді. Біреулері «сырт келбеттің ішкі әлемге еш қатысы жоқ» десе, екінші топтағылар «адамның сырт келбеті оның мінезін, ойын анықтайды» деп жатады. Адам баласы өмірге келгенде өзінің түрін, келбетін өзі таңдамайды. Бірақ өмір сүру барысында сырт келбетін дұрыс қалыптастырып, күтім жасауының арқасында бақыт құсын қолына қондырса, келбетінің кесірінен армандарын желге ұшырып алуы да әбден мүмкін.Сондықтан сыртқы келбетке аса мән берген жөн.Талғамды



қашанда ақылға жүгіндіру қажет.

1-тапсырма. Мәтіндегі 4 маңызды ақпаратты кластерге түсіріңіз.


Дескриптор:

  • мәтіндегі 4 маңызды ақпаратты анықтайды;

  • анықталған ақпараттарды кластерге түсіреді;

  • ойын дәлелдейді.


ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек»

Сергіту сәті. Ойсергек: «Менің мамандығым...»

Топтар шеңбер құрып тұра қалады, өздері таңдаған мамандық рөліне еніп, өмір салты бойынша бір-біріне тілек айтады.

- Мен - ең жақсы дәрігермін, ауырмауыңызды тілеймін.

- Мен - бай банкирмін, менің банкімнен кредит алуға шақырамын.

- Мен - мықты мұғаліммін, сабақты жақсы оқуыңды тілеймін. тс.с.
2-тапсырма ӘТН. Жұптық жұмыс. (Саралау тапсырмасы)

Оқылым мәтіні бойынша төменде берілген сөздердің қайсысының антонимін,синонимін,омонимін таба аласың? Кестені толтыр.




Сөздер

Омоним

Синоним

Антоним

жан










әңгімелесу










кию










жақсылық










үй










келбет











Дескриптор:

  • Оқылым мәтініндегі сөздерді мағыналық топтарына қарай іріктейді;

  • Берілген мысалдардың омонимдерін табады;

  • Синонимдерін табады;

  • Антонимдерін табады.

ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек»

ОҚЫЛЫМНАН КЕЙІН

«Графикалық диктант» әдісі. Төменде берілген ойды керекті сөздермен толықтырып, жаз.



Дескриптор:

  • Берілген ойды түсінеді;

  • Керекті сөздерді орынды қолданады;

  • Сөйлемдерді толықтырады.

ҚБ «Шапалақ»

Бекіту. «Идеялар тақтасы» стратегиясы.


«Идеялар тақтасы»бойынша тақырыпқа негіз болып отырған тірек сөздерді анықтап, жазып шығады. Әркім жазған тірек сөздерін ортаға шығып оқып береді де тақтаға жапсырып қояды.


Суретке байланысты өз болжамдарын ұсынады.

Сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.


Оқушылар өздері таңдаған бұрышқа барып, сол бұрышта ілініп тұрған сұраққа жауап береді.

Топтық жұмыс. Оқылым тапсырмасын орындайды.

Оқушылар

мәтіндегі 4 маңызды ақпаратты кластерге түсіріп, ойларын дәлелдейді.

Екі топ бірін-бірі бағалайды.

Оқушылар жұптық тапсырма орындайды.

«Графикалық диктант» әдісімен жұмыс жүргізеді.


Суреттер


Тапсырма қағаздары

ҚБ



ҚБ



ҚБ



ҚБ








Сабақтың соңы

Қорытынды



  • Сыртқы келбет және тазалыққа байланысты басты қағидаларды меңгердіңіз;

  • Мәтіннің жалпы мазмұнын түсіну үшін оқылым стратегияларын қолдандыңыз;

  • Мәтіндегі негізгі ойды анықтадыңыз;

  • Көтерілген мәселені қазіргі өмірмен байланыстырдыңыз;

  • Омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшелігіне сай қолдандыңыз.



Осы есіңізде болсын!

Адам тану - даналықтың қайнар көзі. Ал мұның сыртында адамның киген киімі мен үйінің тазалығы, ұстаған құрал-жабдықтарының, көлігінің жағдайы, қатысатын ойын-сауығы, әуес әдет-ғұрыптары да оның жан дүниесінің айнасы.

Жүсіп Баласағұни айтқан екен: «Кісі танымақ болсаң, ісіне қара», - деп.

Ал адамдардың кейбірі сылтау, себеп айтуға ұялады, тіпті арланады да.



Сабақта алған білімдерін қорытындылайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет