16.Тінді дақылдардыалғашқы өңдеу Зығыр – зығыр сабағын суда жібіту – кептіру және жұмсарту – зығырды сабау – зығыр талшықтарын алу
Зығыр тұқымдасы(Lіnaceae) – көп жылдық шөптесін өсімдік. Жер бетінде (негізінен Солтүстік жарты шарда) кең тараған. 10 туысы, 250 түрі белгілі. Қазақстанда 1 туысы – зығыр өседі. Зығыр тұқымдасының биіктігі 20 – 120 (150) см. Жапырақтарының шеті тұтас, қандауыр тәріздес, кезектесе орналасады. Гүлдері ұсақ, қос жынысты, 5 ұялы, көкшіл, сары, күлгін, қызғылт, ақ түсті болады. Тостағанша, күлте жапырақшалары қабаттаса, кейде бұралып орналасқан. Аталығы 4 – 5, оның жіпшелері бірігіп сақина құрайды. Өздігінен тозаңданады. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, шілде – қазанда жемістенеді. Жемісі – қауашақ, кейде сүйекті жаңғақ. Тұқымы жалпақ, сырты жылтыр келеді. Зығыр тұқымдасының тұқымынан 42 – 45% май алынады, ол тағам және дәрі жасау үшін, көбінесе техникалық мақсатқа (лак, олиф, су өтпейтін маталар алу үшін) пайдаланылады. Зығыр талшығынан тоқылған маталар жоғары бағаланады. Зығыр тұқымдасының майынан қалған күнжарасынан малдың сүтін көбейтетін бағалы мал азығы алынады. Кейбір түрлері (мысалы, көп жылдық зығыр және ала тостаған жапырақты зығыр) әсемдік үшін өсіріледі.[1] 17.Құлмақты (хмель) сақтау және алғашқы өңдеу негіздері Құлмақтың химиялық құрамы сортына, культивирлеу әдісіне, өсiрде топырақ-климаттық жағдайларға және жиылған соң өңдеуге байланысты болады. Орташа химиялық құрамы келесідей, %: ылғалдылығы 10-14; ащы заттар 10-22; эфир майлары 0,2-1,7; полифенольді заттар 2-5; клетчатка 10-16; азотты заттар 15-24; азотсыз экстрактивті заттар 25-30; минералды заттар 7-10; қант 2-4.Құлмақты жинағаннан соң өңдеу және сақтау.Құлмақты техникалық жетiлу кезеңінде жинайды. Бұл кезеңде лупулин дәндері ашық-сары түсті болады. Жаңа жиналған құлмақ ылғалдылығы 77-82%, сондықтан 3-6 сағат сақтағаннан кейін оның сапасы күрт төмендейді. Ылғалдылығын төмендету және сақтау ұзақтығын жоғарлату үшін құлмақты кептіреді. Кептірудің бастапқы температурасы 20-30 ºС, соңғы температурасы - 65-70 ºС. 25% α-қышқылдарының жоғалу себебінен, полифенольді заттардың, эфирді майлардың, құлмақтың технологиялық құрамының өзгеру себебінен кептіруді абайлап жүргізеді. Микроорганизмдердің тiршiлiк әрекетiн тоқтату үшін, түсін және ащы заттарын сақтау үшiн сульфитация жүргізеді. Ол үшiн құлмақты күкiрттермен окуривают немесе күкiрт диоксидімен өңдейді.Құлмақ көлемiнiң кiшiреюі үшiн престейді. Сонымен қатар ауаның көп бөлігі жойылады да тотықтырғыш процесі төмендейдi. Құлмақты ауа ылғалдылығы 55-70% және еденнен биіктігі 20 см орналасқан температурасы 0,5-2,0ºС ағаш торлы стеллаждарда құлмақ сақтағышта сақтайды. Құлмақты сақтау ұзақтығы құрайды: мөшектерде – 1 жылға дейін, в баллотах – 2 жылға дейін.