10.Крестгүлді көкөніс дақылдарының зиянкестері, қырыққабат бітесі, крестгүлділер қандаласы, қырыққабат ақкөбелегі Крестгүлділер әр түрлі ортаға тез бейімделеді. Көптеген крестгүлділер – біржылдық және көпжылдық шөптесін, жартылай бұталылар да бар, олардың сабақтарының төменгі жағы сүректеніп бұтақтанған. Көптеген тұзды және рудеральды крестгүлділер – біржылдық өсімдіктер (жұмыршақ, қанатжеміс, сарбасқурай, сармала).Крестгүлділердің жапырақтары кезектескен, төменгі жағы жертағанды, жиі жағдайда гетерофильді және әртүрлі жапырақтар. Кейбір түрлерінің кіндік тамырлары жуандап, жемтамырларға (шомыр, шалқан) айналады. Басты ерекшеліктерінің бірі, бір немесе көп клеткалы бездеуітті түктері болады.
Қырыққабат бітесі (лат. Brevicoryne brassicae) – теңқанаттылар отрядының бітелер тұқымдасына жататын жәндік.
Партеногенез жолымен дамитын қанатсыз аналығының ұзындығы 1,9 – 2,3 мм, пішіні жұмыртқа тәріздес көк жасыл сұр түсті. Қанатты аналығының ұзындығы 2,15 мм, басы мен кеудесі қоңыр, құрсағы сарғыш көк. Орамжапырақтар тұқымдасы дақылдарын, әсіресе, қырыққабатты көп зақымдайды. Қырыққабат бітесінің көбіне жұмыртқасы ғана қыстап шығады, ал Кавказдың субтропиктік аудандарында, Орта Азияның кейбір жерлерінде аналығы мен дернәсілі қыстайды. Көктемде жұмыртқадан дернәсіл шығып, одан қанатсыз аналық қырыққабат бітесі жетеді. Бұлар орамжапырақтыарамшөптерде, тұқымдық қырыққабаттарда тіршілік етеді. Күзде жыныстық ұрпақ – аналық және қанатты аталық Қырыққабат бітесі жетіледі. Ол екеуі бір-бірімен ұрықтанып, аналық Қырыққабат бітесі қырыққабат өзегіне не арамшөптерге 2 – 4 жұмыртқа салады. Қырыққабат бітесі қырыққабаттың шырын сөлінен қоректенеді, оның жапырақтарын бүрістіріп, өсуін тоқтады. Күрес шаралары: топырақты терең жыртып, арамшөптерді құрту. Түрлі инсектицидтер шашу.
Қандалалар (лат. Heteroptera) – жәндіктер класының бір отряды. Ауыз аппараты шаншып-соратын тұмсыққа айналған. 40 мыңнан аса түрі бар. Қазақстанда 32 тұқымдасы, 370 туысы, 1,5 мыңдай түрі белгілі. Негізгі тұқымдастары: су қандалалары, ескекшілер, төсек қандалалары, т.б.
Қандаланы жою үшін әуелі олардың көп шоғырланған жерін анықтап алу қажет. Үйдегі жиҺаздың қуыс-қуыстарын, кабырғаны, еденге төселген линолеумнің тігістері мен шет-шетін, плинтустарды т. б. жерлерді мұқият қарап шығу керек. Егер үйге жөндеу жүргізілетін болса, алдын ала дезинсекция жасаған жөн. Қандаланы жою үшін түрлі ұнтақтар мен 30 процентті спирт ерітіндісін және хлорофос қорытпасын; «Фосфолан», «Неопин», «Хлорак», дусттарын; «Дифос», «Метасил», «Тролен» сияқты сұйық препараттарды; сондай-ақ «Прима—71» және «Неофос» аэрозольды препараттарын қолданады. Бұларды алма-кезек ауыстырыл пайдаланған жөн, себебі қандаланың химиялық заттарға бойы үйренгеннен кейін препараттар әсер етпейтін болады. Улы препараттармен жұмыс істегенде сақ болып, көрсетілген нұсқауларды бұлжытпай орындау керек. Бөлме ішін улаған кезде темекі шегуге болмайды, себебі улы химикаттар тез жанғыш келеді. Жұмысты аяқтаған соң беті-қолды сабындан жуып, бөлмені желдетіп алған дұрыс. Улы препараттарды азық-түліктен бөлек, балалардың қолы жетпейтін, үй хайуанаттары бара алмайтын жерлерде сақтау қажет.