Кешенді емтиханға арналған сұРАҚтар топырақтану топырақ профилі, оның құрылысы және морфологиялық белгілері


Топырақ коллоидтері, олардың шығу тегі, құрамы, қасиеттері Коллоидтар –



бет5/82
Дата21.12.2023
өлшемі208,94 Kb.
#141944
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Байланысты:
Кешенді емтихан а арнал ан с РА тар топыра тану топыра профилі,

6. Топырақ коллоидтері, олардың шығу тегі, құрамы, қасиеттері Коллоидтар – екі фазалы жүйе және дисперсті фазамен (коллоидті бөлшектер массасы) дисперсті ортадан (топырақ ерітіндісі) тұрады.Топырақ коллоидтарының ерекшеліктері болып өте үлкен жалпы және сыбағалы үлесті бет ауданы, сонымен қатар дисперсті фазамен дисперсті ортаның бөліну шекарасында иондардың қос электрлік қабатының болуы.
Жалпы және үлесті үлкен бет ауданы жоғарғы дәрежедегі дисперстілікпен қамтамасыз етілген, сондықтан коллоидтің массасы оның бетіне қарағанда үлкен емес. Бұл ерекшелік коллоидтардың реакциялық қабілетін анықтайды.Вигнердің ұсыныс бойынша коллоидты бөлшекті мицелла деп атайды.Мицелланы схема түрінде былай көрсетуге болады:Өзегі немесе ядросы – қатты бөлшек, заттар молекулаларының ұйытқысынан тұрады. Өзектің үстінде иондардың қос электрлік қабаты қалыптасқан, ол коллоидтың потенциалын анықтайтын өзекпен тығыз байланысқан ішкі қозғалмайтын иондар қабаты және иондардың қарсы зарядты қабатының орнын толтыратын сыртқы қабаттан тұрады. Өзекпен потенциал анықтайтын иондар қабатын гранула деп атайды. Орнын толтыратын қабаттағы иондардың бір бөлігі қозғалмайтын болып келеді, үйткені иондардың ішкі қабатымен тығыз байланысқан, ал екінші бір бөлігі қозғалмалы келеді де сыртқы немесе диффузды қабатты құрайды, бұл қабатта алмасу реакциясына қабілеті бар иондарды құрайды.Потенциалын анықтайтын қабаттағы иондардың құрамына байланысты ацидоидтар, базоидтар және амфолитоидтарды ажыратады.Ацидоидтар – теріс зарядты коллоидтар, потенциал анықтайтын қабатта аниондардан тұрады, ал диффузиялыда – катиондар.Базоиды – оң зарядты коллоидтар, потенциал анықтайтын қабатта катиондардан тұрады, ал диффузиялы қабатта – аниондар.
Амфолитоиды – қоршаған ортаның реациясына байланысты өзгермелі коллоидтар, олар өздерін базоидтар немесе ацидоидтар түрінде көрсетуі мүмкін.Топырақтағы коллоидтардың негізігі массасы - ацидоидтар.Сұйық фазаға байланысты коллоидтар гидрофильді және гидрофобты болады. Гидрофильді коллоидтар суды мол сіңіріп тұтады, ал гидрофобтылардың қасиеті керісінше, шамалы.Коллоидтар топырақта золь (коллоидтік ерітінді) және гель (коллоидтік тұнба) күйлерінде кездеседі және олар бір күйден екінші күйге көше береді.Коагуляция – коллоидтің ерітіндіден тұнбаға көшуі, ал керісінше, тұнбадан ерітіндіге көшуін пептизация (бытырау) деп атайды.Золь күйінда коллоидтар топырақтың қабаттарында жылжып, жиылады, ал гель күйінда топырақта бекіп қалады. Яғни, коллоидтар құрамындағы қоректік заттар жылжижы және бекиді. Сонымен бірге коллоидтар гель күйіне көшу барысында топырақ түйіршікгтілігін қалыптастырады.Коллоидтардың адсорбтық қасиеттерінің – топырақ ерітіндісіндегі заттардың катиондар, аниондар және тұтас молекулаларын сору маңыздылығы өте зор.Коллоидтар топырақта үш түрде минаралды,органикалық, органикалы-минералды қосылыстар түрінде кездеседі.Минералды коллоидтар балшықты минералдар, кремний, темір, алюминий тотықтарының коллоидты түрінде кездеседі.Топырақта органикалық коллоидтар ең алдымен гумусты қышқылдар мен олардың тұздары (гуматтар, фульваттар) ретінде кездеседі. Олардың бәрі нақтылы ацидоидтар. Гумусты заттардың ерекшеліктері катиондардың алмасып сіңіру қабілетінің өте жоғары сиымдылығы, осыған орай олар топырақтың сіңіру қабілетіндегі рөлі өте зор.Органикалы-минералды коллоидтар барлық топырақтардың үстіңгі қабатында көп тараған, олар гумусты заттардың балшық минералдарымен және үш валентті металл тотықтарының шөгінділерімен қосылыстар түзуі арқылы құрылады.Органикалы-минералды коллоидтар ацидоидтар болып саналады және олардың да сіңіру қабілеті жоғары болып келеді.Топырақ түзілу процесінің дамуы топырақта өсімдіктердің күлді элементтерімен азот т.б қоректік заттардың жиналуымен қабаттас жүреді.Өсімдіктерге қажет қоректік элементтердің жиналуы топырақтың сіңіру қабілетіменТСҚ тығыз байланысты.ТСҚ деп оның өзінде ерітінді және судағы лайлы қатты заттарды газдарды ұстап қалуын айтады.Осы қабілет арқылы топырақта өсімдіктерге керекті қоректік элементтер жиналады.Бұл саладағы ілімді амытқандар К.Гедройц,Д.Прянишников Соколовский,Антипов-Каратаев т.б орыс ғалымдары.Сіңіру қабілет әр топырақта әр дәрежеде қалыптасқан.Ол көбінесе топырақтағы тым майда бөлшектенген түйірленген коллоидты бөлшектерге байланысты .Топырақта коллоидті бөлшектер көейген сайын оның сіңіру қабілеті де жоғарылайды.Топрыақ коллойдтерін диаметру шамаммен микронмен есептелетін әртекті заттар бөлшектері құрайы.Коллоидті шектердің ірілігі 0,1 микроннан 1 миллимикронга дейін ауытқиды.В.Оствальд схемасы бойынша коллоидтердің екі жаралу жолы бар:бытырау арқылы , яғни бытырандылардан бөлшектеніп шығу 2Қ конденсация арқылы яғни бытырандылардан бөлшектеніп шығу .Топырақта коллоидтердің бір минералдардан физикалық бұзылу арқылы бытырап тозаңданып түзіледі де екіншісі конденсациялық әдіспен органикалық қалдықтардан өзгеріп химиялық бұзылу нәтижесінде жараларды.
Коллоидтар топырақта золь (коллоидтік ерітінді) және гель (коллоидт қоймалжың тұнба ) күйлерінде кездеседі.Колооидтер бір күйінен екіншісіне көше береді.Коллоидтердің ерітінділерден тұнбаға көшуін пептизация (бытырау) дейді.тұнбадан ерітіндіге көшу қайталанбалы немсе қайталанбайтын болады.топрыақ жаралуына коллоидтар коагуляциясының зор маңызы бар:коллоидтар топрыақта тек золь (ерітінді) күйінде жылжып ,жиыла да гель (тұнба) күйінде топрыақта бекіп қалады.Коллоидтар топырақта жоғары және төменгі теператудада қызғанда көпкен немесе тоңазығанда коагуляцияланады.Бірақ коагуляцияның басты жағдайына электролитттер әсері жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет