Кешенді емтиханға арналған сұРАҚтар топырақтану топырақ профилі, оның құрылысы және морфологиялық белгілері


Топырақтың жіктелуі және топырақ-географиялық аудандастыру



бет8/82
Дата21.12.2023
өлшемі208,94 Kb.
#141944
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   82
10. Топырақтың жіктелуі және топырақ-географиялық аудандастыру
Топырақтың пайда болуы, қасиеттерінің қалыптасуымен өзгеруі табиғи ортаның әсерімен тікелей байланысты болғандықтан жер бетінде алуан түрлі топырақтар кездеседі. Біздің Қазақстанның тек қана жазықтық өңірінің өзінде 700-ден аса топырақ түрі бар. Олардың морфологиялық белгілері, химиялық, физикалық-химиялық қасиеттері және құнарлылығы әр түрлі. Сондықтан топырақтардың қасиеттерін, ерекшеліктерін жақсы біліп, түсініп және оларды тиімді пайдалану үшін классификациялау қолданылады.Топырақтарды классификациялау дегеніміз оларды басты қасиеттеріне және құнарлылығына байланысты топтарға жіктеп бөлу.Топырақтарды классификациялау қатарына жататын жұмыстар: классификациялау принциптерін айқындап алу; таксономиялық бірліктерді қалыптастыру; топырақ номенклатурасы жүйесін және оның атауын анықтайтын диагностикалық белгілерді анықтау.Топырақты классификациялау өте күрделі жұмыс. Сондықтан осы күнге дейін топырақтардың үйлесімді жасалған халықаралық классификациясы жоқ. Әр мемлекет бұл мәселемен өзінше шұғылдануда. Осы мәселені шешуде жақсы жетістіктерге жеткен елдер Ресей мемлекеті (бұрынғы Кеңестер Одағы), Франция, АҚШ, Канада т.б.Топырақ классификациясының негізгі бағыттары: экологиялық-генетикалық, факторлы-генетикалық, морфологиялық-генетикалық, эволюциялық-генетикалық т.б.Экологиялық-генетикалық топырақ классификациясын алғашқы болып В.В. Докучаев 1879 жылы ұсынып, 1886 жылы оны толықтырып жариялады. Ал 1895 жылы Н.М.Сибирцев осы классификацияға толықтырулар енгізді. В.В. Докучаев пен Н.М. Сибирцевтің генетикалық классификациясындағы қағидалар әлі күнге дейін ғылыми маңызын жоғалтқан жоқ.Қазақстандағы қабылданған топырақ классификациясы В.В. Докучаевтың экологиялық-генетикалық (географиялық-генетикалық) бағытына негізделген (К.Ш.Фаизов,2001). Бұл классификация топырақтың табиғи және тарихи дене, сонымен бірге өндіріс құралы екенін оның түзілуінің, құрылысының, құрамының, қасиеттері мен құнарлығының топырақ құраушы факторлардың өзара тығыз байланысының әсерінен қалыптасатынын ескереді. Топырақтың барлық табиғи қасиеттері–генетикалық қабаттары, биологиялық, физикалық-химиялық және басқа қасиеттері де ескерілген. Сондықтан осы классификация қағидалары Қазақстанда кездесетін көп түрлі топырақ жамылғысын жүйелеп топтауға қолайлы болып келеді.Қазіргі кезде топырақ классификациясын құру кезінде келесідей принциптер колданылады:- классификация топырақтың негізгі қасиеттеріне және режимдеріне сүйеніп, топырақ түзілуін қамтамасыз ететін құбылыстарды ескеруі керек. Яғни ол топырақтың пайда болу тегін ескеріп және сонымен бірге экологиялық, морфологиялық және эволюциялық бағыттарды да қамтуы қажет,-классификация ғылыми таксономиялық бірліктер жүйесіне негізделіп құрылуы керек;-адамдардың әрекетінен болған топырақ құрамындағы өзгерістер, қасиеттер классификацияда ескерілуі шарт;
- классификация топырақтың өндірістік ерекшеліктерін айқындап, оны ауыл және орман шаруашылығында тиімді қолдануға мүмкіндік беруі керек.Табиғатта кездесетін топырақтарды дұрыс жүйелеп оған толық атау беру үшін таксономиялық бірліктер жүйесі қолданылады. Топырақтану ғылымындағы таксономиялық бірліктер: топырақ типітипшесі (подтип), тегі (род), түрі (вид), түршесі (разновидность), қатаршасы (разряды). Топырақ классификациясындағы таксономиялық негізгі өлшем топырақ типі болып есептеледі.Топырақ типі–біртектес биологиялық, климаттық, гидрологиялық жағдайда дамыған және негізгі топырақ түзілу процесінің айқын сипат алуымен бірге басқада процестердің қосарлануы мүмкіндігі бар топырақтардың тобы. Бір типке жату үшін топырақтар төмендегідей жалпы жағдайларға ие болуы керек:органикалық заттардың топыраққа түсіп, біртектес өзгерістерге ұшырап ыдырауы;минералды заттардың үгілу процесстеріне ұшырауы және органикалық-минералдық түзілістердің біртектес құралуы;заттардың жылжуы мен шоғырлануының біртектес болуы;топырақ кескінінің құрылысының және генетикалық қабаттарының бір түрлі болуы;топырақ құнарлылығын сақтап және арттыру шараларының бір бағытта болуы.Топырақ типтері типшелерге бөлінеді. Олар топырақ типі ішіндегі негізгі топырақ түзілу процесіне қосымша айрықша белгілері байқалатын топырақ топтары. Мысалы, дала аймағындағы қара топырақ екі типшеге бөленеді: кәдімгі қара топырақ және оңтүстік қара топырақ.Топырақ типшелері топырақ тегіне бөлінеді. Ол топырақтың генетикалық сапалық көрсеткішінің ерекшеліктеріне байланысты анықталады. Осы ерекшеліктер аналық тау жынысының, ыза судың химиялық құрамына, немесе топырақ түзілуінің өткен кезеңдерінен қалған кейбір белгілерге байланысты.Топырақтың тегі түрлерге бөлінеді. Түрлерді анықтаушы белгілер негізінен топырақ түзуші процестердің даму қарқынымен және оның ерекшеліктерімен байланысты. Мысалы, қара топырақтың түрін анықтауға оның құрамындағы қарашірінді мөлшері және қарашірінді қабатының қалыңдығы қолданылады.Түрден кейінгі таксономикалық бірлік-түрше. Түршені анықтаушы белгі топырақтың гранулометриялық (механикалық) құрамы. Топырақ разряды таксономиялық бірліктің ең кішісі. Ол аналық тау жынысының генетикалық қасиеттеріне байланысты анықталады.Соныменен, таксономиялық бірліктер топырақты жүйелі түрде дұрыс атап көрсету үшін қолданылатын реттеуші нұсқа деп түсінуге болады. Топырақты қазақ тілінде осы таксономиялық бірліктерге сәйкес келтіріп атағанда бірінші кіші таксонометрялық бірліктер аталып, соңында негізгі таксономиялық бірлік–тип аталады. Мысалы, төрттік дәуірдің карбонатты балшығында түзілген, (қатаршасы) ауыр саздақты (түршесі), аз қарашірінділі (түрі), орташа қабатты (түрі), карбонатты (тегі), оңтүстік (типшесі), қара топырағы (типі).
Қасиеттеріне және жіктелуіне сәйкес берілетін атау жүйесі топырақ номенклатурасы болып есептеледі. В.В.Докучаев және Н.М.Сибирцев топырақтың генетикалақ номенклатурасын құрып, топырақты атағанда орыстың халық сөздерін қолданған. Олар топырақтың жоғарғы қабатының түсіне, немесе топырақ түзілуінің экологиялық жағдайына байланысты топырақ типтерінің атауын көрсетті. Мысалы, қара топырақ, сұр топырақ, күлгін топырақ, батпақ топырағы, шалғын топырағы т.б. Осы атаулар халықаралық дәрежеде қолдау тауып басқа тілдерге аударылып немесе аудармасыз көптеген халықтар арасында қолданылып келеді.
Топырақты классификациялап белгілі жүйеге келтіріп анықтап, атау үшін топырақтың ерекше белгілері қолданылады. Олар диагностикалық белгілер деп аталады. Диагностикалық белгілерге топырақты зерттегенде, морфологиялық талдау жасағанда көзге түсетін, жеңіл анықталатын белгілер таңдалып алынады. Сонымен бірге топыраққа толық және дұрыс атау беру үшін күрделі химиялық, агрофизикалық зерттеулер де жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет