Кешенді емтиханға шығарылатын сұрақтары бар пәндер тізбесі: «Бастауыш мектеп педагогикасы»


Бастауыш мектептегі тәрбие әдістері мен формалары. Рухани -адамгершілік тәрбие



бет26/43
Дата21.05.2023
өлшемі170,8 Kb.
#95606
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43
Байланысты:
педагогика

27. Бастауыш мектептегі тәрбие әдістері мен формалары. Рухани -адамгершілік тәрбие
Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырудың формалары

1.Тәрбиелік іс-шаралар өткізу әдістемесі


Егерде тәрби жұмысының формасы жайында әңгіме қозғасақ, қазіргі педагогика практикасында бірнеше ұғым қалыптасқан: «Тәрбие жұмысының формасы», «Тәрбие шаралары», «тәрбие ісі» т.б. Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының маңызы, тәрбие процесінің бірізділігін қамтамасыз ету. Бұл бағыттағы тәрбие жұмыстарын жоспарлауда сынып жетекшісіне оның қоғамдық бағытының болуын, балалардың жас және дара қасиеттерін ұйымдастыру жұмыстарындағы іс әрекеттері түрлерінің ерекшеліктерін ескеру талап етіледі. Ұйымдастыру формалары тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы мен әрекеттестігінің тәсілі ретінде де қарастырылады. Педагогикалық процестің ұйымдастыру формаларын былай жіктеуге болады:
— қатысушылар құрамы (жеке даралық, шағын топтық, топтық, ұжымдық, жаппай);
— тұтас педагогикалық процестің оқу жұмысында қолданылуы (сабақ, семинар, факультатив, экскурсия);
— таным іс-әрекетінің сыныпта және сыныптан тыс уақыттағы байланысы (бірлесіп жасайтын жұмыс, аз топпен жұмыс, білімді тексеру, оқу жағдайындағы кездесу т.б.)
— оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекеті кезіндегі өзара әрекеттестігі (ертеңгілік, пәндік кеш, конференция, олимпиада т.б.).
Тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру формалары әдістер мен әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады. Тәрбие әдістері дегеніміз тәрбие мақсат-міндеттерін шешуге бағытталған тәрбиеші мен оқушының өзара байланысты іс-әрекеті. Педагогикалық процеске қатысушылардың тәсілдері мен нақты әрекеттері, оқушылардың белсенді іс-әрекетінің ынталануы тәрбие мақсатына бағытталуы керек. Тәсіл деген де ұғым бар. Әдістемелік тәсіл дегеніміз әдістің жеке көрінісі. Әдіске қарағанда ол бағыныңқы сипатта болады.

28. Бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс. Тәрбие жұмыстарын жоспарлау технологиясы мен әдістемесі
Тәрбие – мәдени-тарихи феномен. Тәрбие педагогикалық ғылымдардың категориясы. Тәрбиенің гуманистік парадигмасы. Ақпараттық және білімдік ашық кеңістік құрылымындағы тәрбие. Тәрбие үдерісінің ізгілік және гуманитарлық қағидалары: баланы сөзсіз қабылдау, оған тұрақты жағымды қатынас жасау; тұлғаға құрмет көрсету және әрқайсының өзіндік абыройы сезімін қолдау; тұлғаның өзгеге ұқсамау құқығын саналы түсіну және мойындау; ерікті таңдауға құқық беру; баланың тұлғасын емес, оның іс-әрекетін, қылықтарын, ісін және т.б. бағалау. Тәрбиені технологиялық, құзыреттілік тұрғыдан қарастыру.
Тәрбие үдерісінің мәні. Тәрбие үдерісінің мақсаты мен міндеттері. Тәрбие үдерісі – өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі іс жүзінде көрсетуге бағдарлау мақсатындағы педагог пен баланың өзара әрекеттестігі.
Педагогикалық қолдау – педагогтың қазіргі педагогиканың гуманистік парадигмасын бейнелеп көрсететін миссиясы. Педагогикалық қолдаудың мәні – оқушының ішкі күші мен қабілетіне қарауға негізделген тұлғаның субъективтілігін қалыптастыру. Педагогикалық қолдау: тәрбиеленушілердің баршасына бағытталып, оларға деген қамқорлық пен сенім қатынасында көрінумен өзара сыйластық, түсіністік, қызметтестік көңіл-күй жағдайын түзуге көмегін тигізеді; жеке тұлғаға бағытталып, оның дамуына, білім игеруіне, тәрбиелілігіне, өз басы проблемаларын шешуге жәрдем көрсетіп, азаматтың өзгерістерін диагностикалап баруға мүмкіндік береді. Баланың танымдық және шығармашылық іс-әрекетіне қатысуға дайындығын, өзін-өзі дамытуын, өзін іс жүзінде көрсетуі үшін ашық ақпараттық білімдік кеңістік жағдайында педагогикалық қолдау көрсету.
Тұлғаның өзіндік үдерістерін қолдау (өзін-өзі тану, өзін-өзі байқау, өзін-өзі талдау, өзін-өзі болжау, өзін-өзі іс жүзінде көрсету және т.б.). оқушыларда тұлғалық өзін-өзі жетілдіруге мақсатты бағытталған өзін-өзі рефлексиялау туралы ұғым қалыптастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет