Кешіріңдер, сонда сендер де



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата15.03.2017
өлшемі3,72 Mb.
#9660
  1   2   3

Шар

апа

т  1/2012

PB

1



Шар

апа

т  1/2012

Кешіріңдер, 

сонда сендер де 

кешірілесіңдер.

(Лұқа 6:37)



Балаларға  арналған  рухани-танымдық  журнал  1/2012

Аятты оқы!

Су

ре

тін с

алған Юлия ИЛЬ

ЧУК

Бейнелердегі жетіспей 

тұрған сызықтарды түрлі-түсті 

қарындашпен боя, сонда 

осында жасырылған Киелі кітап 

аятын оқи аласың.



Шар

апа

т  1/2012

2

3



Шар

апа

т  1/2012

Айман ҚЫЗЫЛБӨРІКОВА 

Тәңір 


үйретеді

Сөзі арқылы үйретеді,

Қалай өмір сүруді.

Кек сақтамай жүректе,

Мейірлі бола білуді.

Достарымыз ренжітсе,

Кешірім біз береміз. 

Тас атқанға ас атып,

Махаббатпен жеңеміз.

Орындап жүрсек өсиетін,

Жүрекке қуаныш толады.

Жақын қалды, естіледі,

Тәңірдің басқан қадамы.

Ғалымжан ӘЛІМБЕКОВ

Құдай баталайды



«Мен өз алдымнан Жаратушы Иені үнемі көремін, 

өйткені, Ол менің оң жағымда тұрады; ешбір 

абыржымаймын» (Забур 15:8).

Біреу сені егер де өкпелетсе,

Қызулықпен жол берме ыза-кекке.

Құдай бізді кешірді, сен де кешір,

Жүрегіңді ауыртпа тектен-текке.

Жауыңды да 

  Иса айтты: 



 жақсы көргін,

Кешірімге жүректен орын бергін.

Жаман жауап қайтармай жамандыққа

Сүюменен, батамен оны жеңгін.

Жәбірлеген адамға дұға еткін,

Жүрегіне махаббат дәнін сепкін.

Көп адамдар Құдайды танымайды,

Мұндай кезде орны жоқ жекпе-жектің.

Сен де өзің біреуді ренжітпе,

Өзгелерді өзіңнен төмендетпе.

Кешірімшіл Құдайдың еркіменен,

Шақырылдық киелі кемелдікке.

Суретін салған Виктория ДУНАЕВА  

                

Қымбатты балалар, 

сендер Киелі кітаптан

«Бізге күнә жасаған-

дарды кешіргеніміз-

дей,

 Сен де күнә- 



ларымызды кешіре   

гөр» деген сөздерді 

оқыдыңдар ма? 

Бұл сөздер  «Көктегі 

Әкеміз!»  мінәжатынан 

алынған.  Журналы-

  мыздың  бұл  санын-

 да біз сендермен     

    кешірім жайында   

       әңгімелеспекпіз.                          

 

       


Шарапат

Шар

апа

т  1/2012

2

3



Шар

апа

т  1/2012

Шар

апа

т  1/2012

4

5



Шар

апа

т  1/2012

Болат  резеңке  етігін  бұрышқа  қойды. 

Жаңа  ғана  Серікпен  бірге  серуендеп 

қайтқан  беті.  Мына  ауа  райын  қарашы! 

Суық, жердің бәрі балшық. Ал қазір ол үй-

інде, жылы әрі жайлы жерде өзінің әскери 

қамалының  құрылысын  жалғастырады.  Ол 

бітіп те қалды. Тек аспалы көпір салса болды. 

Бірақ... Мынау не? Болат жатын бөлмеге кір-

ген жерде сілейіп тұрып қалды. Сұмдық қой!

  Сандуғаш, 



  деп  айқай  салды  ол. 

 

Сандуғаш! Мұның не?



Болат анасына жүгіріп барды. 

 Мама, Сандуғаш...



Бірақ анасы ыммен ақырын дегендей:

  Кейін,  Болат,  кейінірек.  Көріп  тұрсың 



ғой, мен телефонмен сөйлесіп жатырмын!

Ашуға    мін-

ген  Болат  жа-

тын 


бөлмеге 

қайтып  келді. 

Әй, Сандуғаш-

ай! Бәрін құрт-

тың  ғой!  Конс-

т р у к т о р д ы ң 

кубиктері жер-

де 


шашылып 

жатыр.  Аман 

қалған  бөлігі 

 



мұнарасы  ға-

на.  Болат  осы

қазір  Санду-

ғаштың  саза-

йын тарттырар 

еді.  Әттең  ол 

қ ұ р б ы с ы н ы ң 

үйіне  кетіп  қалыпты!  Ендеше...  Басқа 

амалын ойластырар...

Орындықта  Сандуғаштың  ұқыптап 

киіндірген  қуыршақтары:  Жанар,  Әсем, 

Клара  отыр.  Болат  ұзын,  қара  шашты 

Жанарды  алды  да,  оның  шашын  кесіп 

тастамақ  болды.  Бірақ  сәл  ойланған  соң 

оны тығып тастауды ұйғарды. 

Ол  «Жанарды»  киімінің  ішіне  тықты  да, 

ас  үйге  тартты.  Анасы  әлі  де  дәлізде 

телефонмен сөйлесіп отыр екен. 

Жақсы  болды. 

  Мама,  мен  қоқысты 



шығарып  келемін! 

  деді  де,  қалдықтар 



салынған  қапты  ала  салып,  далаға  жүгіре 

жөнелді.  Қоқыс  тастайтын  қорап  жолдың 

жиегінде, дәл үйдің алдында тұратын. Оның 

ішінде  екі  бөшке  болатын.  Болат  қапты 

 Болат

«Көктегі Әкеміз» 

      дұғасы және

7-тарау

(ЖАЛғАСы. БАСы 10/10



5/11 САнДАрДА)



   

 

  

«Бізге күнә жасағандарды кешіргеніміздей, Сен де бізді кешіре гөр»

 (Матай 6:12)

Құралай ГАЙДАР

Шар

апа

т  1/2012

4

5



Шар

апа

т  1/2012

бөшкеге  тастады  да,  қуыршақты 

жемпірінің  ішінен  суырып  алды. 

Мұны  да  бөшкеге  ме?  Жоқ,  

мұндайға  оның  батылы  бармас. 

Ол  оны  екі  бөшкенің  ортасына 

отырғызды  да,  мәз  болып  үйіне 

қайтты. 


Ал 

енді 


Сандуғаш 

қуыршағын тауып көрсін! 

  Жарайсың,  Болат! 



  деді 


оған  күлімдей  қараған  анасы. 

 



Қоқысты  айтқызбай-ақ  шығарып 

бергеніңе рахмет!

Болат қызарып кетті. 

 Оқасы жоқ, 



 деп міңгірледі де, жатын 

бөлмеге кіріп кетті. 

Ол  сарай  құрылысына  қайта  кірісті, 

бірақ бұ жолы алғашқыдай жақсы шықпады. 

Үлкен  мұнара  салуға  кубиктер  жетпей 

қалды,  аспалы  көпір  де  бекітілмей  қойды. 

Өкінішті-ақ!

Есіктің қоңырауы қағылды. 

  Мама,  мама,  Сараның  үйінде  не 



жасағанымды  қарашы! 

  Қолына  жылтыр 



қағаздан жасалған тәж ұстаған Сандуғаш 

үйге жүгіріп кірді. 

 Бұл Жанар ханшайымға 



арналған. Оны соған сыйлаймын!

  Тоқта,  тоқта,  Сандуғаш, 



  деп  анасы 

оны әрең тоқтатты. 

 Әрине, жасаған тәжің 



өте әдемі, қуыршағыңа да сөзсіз жарасуы 

тиіс. Бірақ алдымен етігіңді шешсеңші.

Сандуғаш тез етігін шешіп, тәпішкесін киіп 

алды да, жүгіре жөнелді. 

 Жанар, қарашы. Мынау саған арнал-



ған  тәж! 

  Сандуғаш  орындықтың  алдына 



келіп,  кілт  тоқтады.  Онда  Клара  мен  Әсем 

отыр,  ал  Жанар  қайда?  Сандуғаш  маңа-

йын  көзбен  шолып  өтті. 

  Болат,  Жанарды 



көрген жоқсың ба? 

 Жоқ.



Болат  кубиктер  салынған 

қорапты  барынша  ақтарумен 

болды. Ал енді Сандуғаш қуыр-

шағын  біраз  іздей    тұрсын!

Өзіне де сол керек! Сандуғаш 

іздеуге  кірісіп  кетті.  Төсектің 

астынан,  қуыршақ  үйшігінен, 

шкафтан,  ойыншықтар  сөресі-

нен іздеді. Таппаған соң ас үйге 

жүгіріп барды:

  Мама,  мама,  Жанар  жоға-



лып  кетті!  Барлық  жерді  қарап 

шықтым! Оны көрген жоқсың ба? 

Анасы басын шайқады. 

  Онда  маған  іздеуге  көмек-



тесші?

 Жарайды, қазір... 



Анасы қазанды оттан алды да, 

Сандуғашпен  бірге  қуыршақты 

іздей  бастады.  Жанар  шынымен 

еш  жерде  жоқ  болып  шықты.  Сандуғаштың 

көңіл-күйі  мүлде  бұзылып  бара  жатты. 

Кешкісін  әкесі  жұмыстан  келді.  Сандуғаш 

жыламсырап, оның мойнына орала кетті:

  Әке,  әке,  менің  сүйікті  қуыршағым 



жоғалып кетті. 

Сонымен,  іздеу  салуға  әкесі  де  қосыл-

ды.  Жиһаздардың,  төсектің  астынан,  тіпті 

жуынатын  бөлмедегі  шкафтан  да  қарады... 

Бірақ еш нәтиже шықпады!

  Болат,  сенің  бізге  көмектескің  келмей 



ме?

  Жоқ,  қазір  көмектесе  алмаймын.  Қо-



лым бос емес.

Болат  Сандуғаштың  жылаған  даусын 

естімеу  үшін  әдейі  кубиктерді  қатты-қатты 

тарсылдата  берді.  Оның  ашуы  тарай 

бастады.  Енді  қуыршақты  әкеліп,  ешкім 

байқамайтындай  етіп  бір  жерге  қойса 

болады. Әкесі мен анасы да ас үйде жүр. 

Болат  дыбысын  шығармастан  дәлізге  өтіп, 

есікті жайлап ашып, далаға ытқып шықты. 

Ол  қораптың  бетін  ашқанда,  өз  көзіне 

өзі  сенбеді.  Қуыршақ  жоқ!  Ол  шынымен 

жоғалып  кетті!  Болат  дел-сал  болып  үйге 

кірді. 



  Болат,  далада  не  істедің? 



 деп сұрады әкесі. 

  Мен...  Ммм...  Ештеңе... 



Білесің бе, менің етігім... 

 Болат 



әкесінің  көзіне  қарамауға 

тырысып, жатын бөлмеге өтті.  

   Әкесі оған таңырқай қара-


Шар

апа

т  1/2012

6

7



Шар

апа

т  1/2012

ды.  Болатқа  не  болған?  Көп  ұзамай  олар

кешкі  асқа  отырды.  Үстелдің  бір  бұрышын-

да  көзі  жасқа  шыланған  Сандуғаш,  ал 

екінші  бұрышында  үн-түнсіз  Болат  отыр. 

Әкесі  мен  анасы  екеуінің  күйін  көріп,  ал-

аңдаумен болды. Әкесі:

  Ал,  мінажат  етейік, 



  деді  де,  Құдайға 

алдарындағы  ас  үшін  ризашылық  білдірді. 

Соңында:


  Тәңірім,  бізге  Сандуғаштың  қуыршағын 

табуға көмектесші. Аумин! 

 деп аяқтады.



Болат  жерге  кіріп  кете  жаздады. 

Масқара!  Егер  ол  шындықты  айтатын  бол-

са,  әке-шешесінің  ашуланатыны  анық. 

Жоқ,  одан  да  ештеңе  демегені  дұрыс 

болар.  Ол  үндеместен  картоптан  жасал-

ған  пюрені  асай  берді.  Анасы  орнынан 

тұрып, оны құшақтап:

  Болат,  саған  не  болды?  Сандуғаштың 



көңіл-күйі  де  нашар.  Әлде  бір  жайсыз 

жағдай болды ма? 

– 

деп сұрады.



Болат  басын  шайқады  да,  анасының 

қолын  итеріп  тастады.  Ол  өте  қапалы  еді. 

Сандуғаштың  қуыршағының  жоғалғанына 

өзі  кінәлі  ғой.  Енді  не  істерін  білмей,  басы 

қатып отыр.

Ұйықтар  алдында  әкесі  Сандуғашты 

жұбату үшін оған ұзақ әңгіме оқып бермек 

болды. 


 Кел, балам. Бізге қосыл, 

 деп шақырды 



оны әкесі. 

Бірақ  Болаттың  барғысы  келмеді.  Ол 

тез  киімін  ауыстырып,  тісін  тазалады  да, 

төсегіне жатып қалды. Әкесінің қайырлы түн 

тілеуге  келе  жатқанын  естігенде,  ұйықтап 

қалғансып, көрпесін қымтанып алды. 



Шар

апа

т  1/2012

6

7



Шар

апа

т  1/2012

 Ұлым-ау, ауырып қалмасаң болғаны, 



 

деп басынан сипады оны әкесі. 



Таңғы  сағат  сегізде  отбасы  таңғы  асқа 

жиналды.  Сандуғаш  қолына  Клара  деген 

қуыршағын  ұстап  алыпты.  Болат  есінеп 

отыр.  Түнімен  түсінде  әскери  қамалда 

тұратын 

қорқынышты 

айдаһарлар, 

олардың  қуыршақтарды  ұрлап  кеткені, 

конструктордың  кубиктерінен  жасалған 

құбыжық  көріп  шыққандықтан,  дұрыс 

ұйықтай алмады. 

Кенет есіктің қоңырауы қағылды. 

 Қызық, таң атпай кім келуі мүмкін, 



 деді 


әкесі есікті ашуға бара жатып. 

Болат құлағын түре қойды. Дәлізден көрші 

әйелдің  даусы  естілді.  Әкесі  есікті  жауып, 

ас  үйге  кіргенде,  қолында  жоғалып  кеткен 

қара шашты қуыршақ бар еді. 

  Жанар,  менің  Жанарым! 



  деп  қуана 

айқайлаған  Сандуғаш  оны  кеудесіне 

қысып, қатты құшақтап алды.

Әкесі  жымиып  отырып  болған  жайды 

баяндай бастады:

  Қуыршақ  көрші  Тамараның  үйінде 



түнепті. 

Тамараның 

оны 

қайтарғысы 



келмепті.  Ал  анасы  қуыршақты  қайдан 

алғанын  сұрағанда,  оны  қоқыс  салатын 

қораптан тауып алдым 

депті. Қызық. Жарайды, ең маңыздысы 

– 

ол 


табылды!

Әкесі  мен  анасы  бір-біріне  күлімдей 

қарады.  Ал  Болат  қатты  қызарып  кетті  де, 

жылап жіберді:

 

Қуыршақ... 



Мен 

кінәлімін. 

Оны 

бөшкелердің  арасына  тығып  қойған  мен 



едім...

Әкесі оны тізесіне отырғызып алды:

  не  болғанын  бізге  рет-ретімен  айтып 



берші? 

Болат 


бұзылған 

қамалдан 

бастап, 

жоғалған қуыршаққа дейін  солқылдап жы-

лап отырып айтып берді.

– 

Иә, бұл жақсы емес, Болат, 



– 

деді әкесі. 

– 

неге  бәрін  кеше,  қуыршақ 



жоғалып  кеткенде  айтып 

бермедің?

  Кеше...  Сендер  ұр-



сады  деп  қорықтым.  Ал 

қазір... Басқаша істей ал-

майтын  едім...  Менің  бәрін 


Шар

апа

т  1/2012

8

9



Шар

апа

т  1/2012

айтуым  керек  болды... 

  деді  жасқа  тұн-



шыққан Болат. 

Ойламаған жерден Сандуғаш да жылай 

бастады:

 У-у-у... Сенің қамалың... Менің  де бір-



деңе құрастырғым келді. Бірақ жасағаным 

ұсқынсыз болып шықты...

  Сонда  сен  Болаттың  қамалын  қызға-



ныштан  бұзып  тастадың  ба? 

  деп  сұрады 



анасы. 

Сандуғаш басын изеді. 

 У-у-у... Кешірші...



 Жарайды, 

 деді Болат.



 

 Сен де мені кешір. 



Маған жаңа қамал тұрғызуға көмектесесің 

бе? 


  Шын  айтасың  ба? 

– 

деп  қуаныштан 



жүзі бал-бұл жайнаған Сандуғаш Болаттың 

бетінен сүйіп алды. 

  

 

 



 

 

 



 

(Жалғасы бар)



Су

ре

тін с

алған Жүніс ЫБЫР

АЙЫМОВ

Кешіру мен 

өкпелеу


Шие жинап жүр еді шелектермен,

Ағайындар бақшада теректерден.

Ағасы Айдос інісі Жандоспенен,

ренжісті болмашы себептермен.

Жандос болса Айдосты тез кешірді,

Жүрегінде мәселе лез шешілді.

Лаулап жана бастаған өкпе отын,

Ұзақ созбай кешіріп тез өшірді.

Жан жүрегі Жандостың жеңілдеді,

Қайта оралды қуаныш көңілдегі.

Өсиетін Исаның есіне алып,

Жат мінезге жемтік боп жеңілмеді.

Айдос болса інісін кешіре алмай,

Тіпті тамақ ішуге зауқы болмай.

Жандос жөнге шақырса, бірақ Айдос,

Жүріп алды сөйлеспей мылқау жандай.

Күн осылай батуға таяп қалды,

Құдай сөзін сонда Айдос есіне алды.

«Бір біріңді кешіңдер күн батқанша»

Есіне алды дәл осы аяттарды.

Достасқаны Айдостың ақыл болды,

Сабақ алар бұл да бір нақыл болды.

Айдос, Жандос дәл осы жағдайдан соң,

Бір-бірімен әрқашан тату болды.

Ол кешірді 

«... сөз жүзінде емес, іс жүзінде шынайы сүйіспеншілік 

білдірейік» (1Жохан 3:18).

Туыла сап қуғындаған Иродты да кешірді

Әділетсіз сот жүргізген Пилатты да кешірді.

Шәкірттері жалғыз оны қалдырғанда кешірді,

Жаңбырлатып жалған айтып жаудырғанда кешірді.

Шәкірті танымаймын деп сатып кетті кешірді

Ауыр айқыш арқасына батып кетті кешірді.

Келемеждеп пәк бетіне түкіргенде кешірді,

Қарақшыдай Оны қолға түсіргенде кешірді.

Арқасына дүре соққан сақшыларды кешірді,

Арам ойлы, екі жүзді басшыларды кешірді.

Қолдарына шеге қаққан әскерлерді кешірді,

Қызғаныштан көре алмаған қаскөйлерді кешірді.

Бүйіріне өткір найза қадағанды кешірді,

Күндеп Оны ақымаққа санағанды кешірді.

Адамдарды сүйгендіктен Иса бәрін кешірді,

Ашуменен асықпағын қайтаруға өшіңді.

Кешір Әке оларды деп дұға етті айқышта,

Сол сияқты Құдайға бер қабылдауға шешімді.

Ғалымжан ӘЛІМБЕКОВ

Шар

апа

т  1/2012

8

9



Шар

апа

т  1/2012

Болат ҚАҺАРМАН

Шар

апа

т  1/2012

10

11



Шар

апа

т  1/2012

 Құдай  Патшалығының  заңдары 

біздің өмір сүріп жатқан әлеміміз-

дің заңдарына ұқсамайды. Інжілді 

оқыған  кезде,  біз  кейде  Иса 

Мәсіхтің Өз шәкірттеріне Құдай 

Патшалығының  шындықтарын 

қаншалықты дәрежеде айқын 

және  дәл  ашып  бергеніне 

таң-тамаша  боламыз.  Мұны 

Ол  қандай  да  бір  астарлы 

әңгімені  айту  арқылы 

жеткізетін.

«Көктегі Әкеміз» мі-

нажатының үлгісін 

берген Иса бізді 

ренжіткендердің 

бәрін кешіруге 

үйретеді. Кеші-


Шар

апа

т  1/2012

10

11



Шар

апа

т  1/2012

ру неге соншалықты маңызды? Себебі өзімізді ренжіткен адамның ұсақ-түйек қылығын 

кешірмесек, онда Құдайдың алдында күнәларымызға кешірім ала алмаймыз. Ал бұл 

біздер үшін аса маңызды.

Бірде  шәкірттерінің  бірі  Петір  Исадан:  «Ием,  егер  бауырласым  маған  қарсы  күнә 

жасай берсе, оны неше рет кешіруім керек? Жеті рет пе?» 

 деп сұрады. Сонда Иса 



егер біз өзіміздің күнәларымыз үшін Құдайдан кешірім алғымыз келсе, онда неше рет 

кешірудің  емес,  үнемі  кешірімді  болғанның  маңызды  екенін  айтты.  Бұл  шындықты  Ол 

әдетінше төмендегі астарлы әңгімемен түсіндірді.

Бір патша өзіне кімдердің қарыз екенін есептемек болады. Патшаның алдына оның 

бір  қызметшісін  алып  келеді  (бұл  жерде  ол  патшаның  үй  шаруашылығын  басқарушы, 

министр). Ол патшаға 10 000 ат басындай күміс қарыз екен. Бұл соманың қаншалықты 

үлкен екенін көз алдыңа елестетудің өзі қиын. Қызметші патшаның алдына тізерлей құлап, 

кешірім жасауын өтінеді: «Қарызымды қайтаруға тырысамын! Маған сәл мұрсат бере 

гөр!» Қызметшісіне жаны ашыған патша оның бүкіл қарызын 

кешіреді!  Міне,  керемет!  Патша  қызметшісінің 

қандай  үлкен  қарызын  кешірді  десеңші!  Сен 

қалай ойлайсың, әлгі қызметші сыртқа шығып, 

қуанғанынан  өзіне  борыштылардың  бәрін 

кешірді ме? Жоқ! Ол өзіне 100-ақ күміс теңге 

борышты жолдасына барады. Бұл оның пат-

ша кешірген қарызынан 600 000 есе аз. Сөйтіп, 

әлгі  жолдасына  барған  қызметші:  «Қарызымды 

қайтар, әйтпесе түрмеге қаматамын!» 

 деп талап 



ете бастайды. «Маған аз ғана уақыт бере тұршы! 

  дейді  жолдасы  жалынып. 



  Бәрін  де  төлеймін». 

Бірақ  өзінің  орасан  зор  қарызы  кешірілген 

қызметші досының аз ғана қарызын кешірмейді. 

Ол  жолдасының  ақша  жинастырғанын  күтіп 

тұрмады. Ол не істеді дейсің ғой? Оны қарызын 

төлегенше түрмеге қаматып тастады. 

Мұны  көрген  жодасының  достары  патшаға 

барып,  қызметшісінің  істеген  қылығын  айтып 

береді.  Патша  қатты  ашуланады:  «Мен 

оның  барлық  қарызын  кешірдім,  ал  ол  өзінің 

борышкерінің болмашы қарызын кешірмейді! 

Қане,  сол  қатігез  адамды  тұтқынға  алып,  өзін 

түрмеге қамаңдар. Менің барлық қарызымды 

өтегенше сонда отырсын». 

«Міне,  егер  сендер  бауырластарыңның 

күнәларын  шын  жүректен  кешірмесеңдер, 

көктегі  Әкем  әрқайсыларыңа  да  солай 

істемек!» 

  деді  Иса  әңгімесін  аяқтап.  Бұл 



оқиға туралы сен Матай жазған Ізгі хабардың 

18-тарауынан оқи аласың.



 

 

                      Суретін салған Александр БАСС

Күні бойы тамақ ішпей жүрген кезің болды 

ма? Егер солай болса, онда сен аштықтың 

не  екенін  білесің.  Адамға  уақытымен 

тамақтанудың  қаншалықты  қажет  екенін 

түсінесің.  Ал  өмірге  қажеттінің  бәрі 

Құдайдан  келетіндіктен,  Иса  бізді  былай 

деп мінажат етуге үйретеді: 

«Күнделікті нанымызды бүгін

де бере гөр» (Матай  6:11).

Біздің ағзамызға ас қандай

қажет болса, жанымыз үшін

кешірім соншалықты маңыз-

ды. Сондықтан «Көктегі 

Әкеміз»  мінажатында  күн-

делікті нан туралы өтініштен 

кейін  мынандай  сөздер 

айтылады: «... Сен де күнә-

ларымызды  кешіре  гөр» 

(Матай 6:12).

Біз жалғыз нанмен ғана емес, сондай-ақ 

кешіріммен  өмір  сүреміз.  Кешірімсіз  біздің 

ешқайсымыз  өмір  сүре  алмаймыз.  Біз  үшін 

ол  Құдайдың  алдында  әрбір  адам  күнәлі 

болғандықтан  да  аса  маңызды.  Тіпті,  бір 

рет қана жаман әрекет жасап немесе бір 

рет  қана  жаман  ой  ойласа  да,  ол  бәрібір 

Құдайдың  алдында  кінәлі.  Киелі  кітап  мұны 

күнә  деп  атайды.  Ал  күнәнің  салдары 

– 

мәңгілік  айыптау.  Біз  мәңгілік  өмірге  ие 



болуымыз үшін күнәнің кешірілуі қажет. Мұны 

Иса орындады. Өзінің өлімі арқылы Ол біздің 

күнәларымыздың  құнын  төледі.  Сондықтан 

да  Иса  біздің:  «Сен  де  күнәларымызды 

кешіре  гөр»  деген  өтінішпен  Көктегі  Әкеге 

бет  бұруымыз  керектігін  айтады.  Бұл 

деген  керемет  емес  пе?!  Киелі  кітапта 

былай  жазылған:  «Егер  де  күнәларымызды 

мойындасақ,  Құдай  сенімді  де  әділетті 

болғандықтан оларды кешіріп, бізді барлық 

әділетсіздігімізден 

тазартады» 

(1Жохан  

1:9).  Егер  сен  өзіңнің  қателіктерің  үшін 

өкінетін  болсаң,  бұл  туралы  Құдайға  айта 

аласың.  Былай  деп  мінажат  етуіңе  болады: 

«Тәңірім,  өтірік  айтқаным  үшін,  досымды 

балағаттағаным  үшін  кешірші».  Сен  Оған 

бәрін  айта  аласың.  Құдай  сені  кешіреді, 

себебі  Иса  сенің  күнәңнің  құнын  төлеп 

қойды.

Ал 


қазір 

аятты 


толық 

оқып  шығайық:  «Бізге  күнә 

жасағандарды  кешіргеніміз-

дей,  Сен  де  күнәларымызды 

кешіре  гөр».  Кешіру  туралы 

өтініште 

шарт 

қойылып 


тұрғанын  байқайсың  ба? 

Иса  былай  дейді:  «Егер  өзде-

ріңе  күнә  жасағандарды 

кешірсеңдер,  онда  көктегі 

Әкелерің 

сендерді 

де 

кешіреді. Ал егер басқалардың күнәларын 



кешірмесеңдер,  онда  көктегі  Әкелерің 

сендердің  де  күнәларыңды  кешірмейді» 

(Матай 6:14, 15).

Құдай  сыйлайтын  кешіріммен  болатын 

жағдай дәл сүйіспеншілікпен болатын жағдай 

секілді:  біз  оны  әрі  қарай  жалғастыруға 

тиіспіз,  яғни,  Құдайға  ұқсап  әрекет  етуіміз 

қажет.  Мұны  түсіндіру  үшін  Иса  бізге  оның 

орасан зор қарызын кешірген, ал бірақ ол 

өзіне аз ғана ақша қарыз жолдасын кешіре 

алмаған  қатігез  адам  жайындағы  астарлы 

әңгімені  айтып  берді.  Бұдан  мынандай 

қорытынды шығарамыз: кез келген адамның 

бізге  қатысты  кінәсіне  қарағанда,  біздің 

Құдай алдындағы күнәміз орасан зор. Құдай 

бізге  осындай  көп  нәрсені  кешіргенде, 

біз  де  бір-бірімізді  кешіруге  тиіспіз.  Егер 

Құдай  сенің  досыңа  көрсеткен  жәбіріңді 

кешірсе, онда сен де өзіңе зәбір көрсеткен 

досыңды  кешіруге  тиіссің.  Өйткені  бәріміз 

де  Құдайдың  кешірімінің  арқасында  өмір 

сүріп жатырмыз.

Кешірім жайында

К

Бағдат БЕРІК



Шар

апа

т  1/2012

12

13



Шар

апа

т  1/2012

Олардың есімдерін білесің бе?

Олардың есімдерін білесің бе?



Эльвира ҚАҺАРМАН

2

1



3

4

Суретін салған Лариса ГОРОШКО

Ол біздің дәуіріміздің I ғасырында өмір сүрді. 

Исаның соңынан ерген әйелдердің арасында 

болды.  Иса  оны  науқасынан  сауықтырды. 

Иса  қайта  тірілген  күні  әйелдермен  бірге 

Оның қабірінің басына барды. Қайта тірілген 

Иса  бос  қалған  қабірдің  басында  жылап 

отырған оған көрінді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет