30.3 тапсырма. Электронды поштада хат қабылдау. 1.
mail.ru тағы да кіріңіз, логин мен құпиясөзді теріңіз, пошталық жәшік
ашылады. Енді сіздің поштаңызда өзіңіз жіберген хат болады және
«Қабылданған хаттар» папкасының жанындағы сан жаңа хаттар көлемін
көрсетеді.
2.
«Қабылданған хаттар» папкасын тінтуірмен басыңыз, сол арқылы
хаттарға қолжетімділік аласыз. Хаттар тізімін көресіз. Сізге келген хатты
ашыңыз.
3.
Өзіңіздің хатыңызға жауап беріңіз, ол үшін Жауап беру батырмасын
басыңыз (30.5 сурет). Хатқа қандай да бір файлды тіркеңіз.
4.
Хатты жіберіңіз және пошталық қызметпен жұмысты аяқтау үшін
Шығу батырмасын басыңыз.