Қосымша тапсырмалар 6.5 тапсырма. Сурет салыңыз, оны сақтап, суреті бар экран түрін айырбастау буферіне
көшіріңіз және оны Paint жүмыс аймағына шақырыңыз. Нәтижесінде суреті
бар экран түрін аласыз.
6.6 тапсырма. «1 сурет үлгісі» суретін ашыңыз және «түсті өшіргішпен» геометриялық
фигуралар фонын өзгертіңіз.
7-практикалық сабақ Тақырып: WINDOWS ОРТАСЫНДАҒЫ МУЛЬТИБАҒДАРЛАМАЛЫҚ РЕЖИМ
Тақырып мақсаты. «Калькулятор, «Графикалық редактор Paint», «Мә-
тіндік редактор WordPad» стандартты бағдарламалар мысалында мульти-
бағдарламалық режимді игеру.
7.1 тапсырма. Бірнеше стандартты бағдарламаларды іске қосу. Жұмыс тәртібі
1.
Windows операциялық жүйесін жүктеңіз.
2.
Экранға стандартты бағдарламалар тізімін шығарыңыз (Қосу/ Бағдарламалар/Стандарттық), стандартты бағдарламалар тізімін есепке
жазыңыз.
3.
Калькулятор, «Графикалық редактор Paint», «Мәтіндік редактор
WordPad» бағдарламаларын іске қосыңыз.
4.
Бір бағдарламадан екінші бағдарламаға қосуды жүзеге асырыңыз
(тапсырмалар тақтасы немесе [Alt]-[Tab] пернелерінің комбинациясымен).