Сіздің дағдыларыңыз бен икемдеріңіз «Қанағаттанарлық» деп бағала- нады. 9.
«Студенттер» кестесіне Жалпы табыс жаңа жолын енгізіңіз. Құрылған
жолда деректердің ақшалай түрін орнатыңыз.
10.
Жалпы табыс жолын Шәкіртақы, Үстемақы және Қосымша төлем жолдарының жиынтық сомасы ретінде есептеңіз. Сұрауға «Сұрау-Табыс»
деген атау беріңіз.
11.
«Студенттер» кестесінің Аты жолы бойынша қайталанбайтын
жазбаларға сұрау жүргізіңіз. Сұрауға «Есімдердің қайталануы» атауын
беріңіз.
12.
«Студенттер мен тапсырмалар» кестесінде Ескерту жолының атауын
«Жобаны қорғау» деп өзгертіңіз. Жобаны қорғау жиегіне жолдың логикалық
түрін орнатыңыз. Құрылған жолды деректермен толтырыңыз, студенттердің
жартысын «курстық жұмысты қорғады» деп тінтуірмен белгілеңіз.