29.3 тапсырма. Web-парағын жүктеу. Жұмыс тәртібі 1.
Адрес жолына Rambler орыс тілді іздеу жүйесінің адрес жолын енгі-
зіңіз - www.rambler.ru немесе [Enter] пернесін басыңыз. Беттің жүктелгенін
күтіңіз (29.3 сурет).
Экранның жоғарғы оң жақ бұрышында айналып тұрған жер шарына ұқсас
кескінге назар аударыңыз, ол жүктеу үрдісінің жүріп жатқанын білдіреді.
Құралдар тақтасында жүктеуді тоқтатуға арналған Тоқтату қызыл
батырмасы белсендіріледі.
Қ ы с қ а ш а с и п а т т а м а . (URL) желісінің адресі қандай элементтерден
тұрады? Адрес әдетте желіні ұйымдастыруға қызмет көрсетуші протокол
атауынан басталады. Яғни, http://www.rambler.ru «http://www» адресінде http,
«rambler»
протоколын пайдаланатын Web сервері көрсетіледі — түйіннің
тікелей атауы, «.ru» домені ресей желісінің адресін анықтайды.
2.
Жүктелген басты бетті қарап шығыңыз – сіз негізгі сөзді және сөз
басын енгізуге арналған жолды көресіз. Беттегі сілтемеге ауысу үшін
меңзерді сілтемеге апарып, тінтуірдің сол жақ батырмасымен басыңыз.
Сілтеме басқа түстегі мәтін (әдетте асты сызылған қаріппен) немесе кескін
болуы мүмкін. Бет элементінің сілтеме екендігін білу үшін оған көрсеткішті
апарыңыз. Егер көрсеткіш бас бармағы көрсетілген қолды көрсететін болса,
онда элемент сілтеме болып табылады. Web-парағында қанша сілтеме көріп
тұрғаныңызды анықтаңыз.