Кәсіби білім беру михеева е. В


 тапсырма. Пернетақта көмегімен ақпарат енгізу



Pdf көрінісі
бет4/131
Дата09.04.2022
өлшемі9,21 Mb.
#30424
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131
1.2 тапсырма. Пернетақта көмегімен ақпарат енгізу. 
Жұмыс тәртібі 
1. 
Дербес компьютер пернетақтасын мұқият қарап шығыңыз. 
2. 
Пернетақтамен  ақпарат  енгізуді  көру  үшін  блокнотты  ашыңыз.  Ол 
үшін  келесі  әрекеттерді  орындаңыз:  Іздеу  батырмасын  басыңыз,  тінтуірмен 
Бағдарламалар  пәрменін  таңдаңыз,  одан  ары  Стандарттық  –Блокнот  (1.1 
сурет). 
3.  [Num Lock] 
пернесі арқылы сандық пернетақтаны қосыңыз (Num Lock 
индикаторы  жанады)  және  1  ден  9-ға  дейін  сандарды  теріңіз,  одан  кейін 
[Enter] енгізу пернесін басыңыз. Меңзердің бір сатыға төмен түскеніне көңіл 
бөліңіз. 
4. 
Пернетақтадан табуляция пернесін табыңыз [Tab]. [Tab] пернесін басу 
арқылы интервалмен ажыратылған сандар кезектілігін теріңіз:  
123 
456 
789. 
Сандарды теріп болған соң, [Enter] енгізу пернесін басыңыз. 
5. 
Пернетақтаға  орыс  тілінің  жайылмасын  орналастырыңыз.  Ол  үшін 
тапсырмалар  тақтасының  оң  жағында  EN/  RU  индикаторын  табыңыз  және 
орыс тіліне сәйкес келетін RU позициясын қосыңыз. 
6. 
Негізгі  мәтіндік  пернетақтаны  қарап  шығыңыз.  фыва  және  олдж 
әріптерінің пернесін табыңыз. 
7. 
Пернетақтада  қолыңызды  бастапқы  позицияға  қойыңыз,  сол 
қолыңыздың төрт саусағы (бас бармақтан басқа) фыва пернелерінде болсын, 
ал  оң  қолыңыздың  төрт  саусағы  (бас  бармақтан  басқа)  олдж  пернелерінде 
болсын.  Әр  қолыңызға  үлкен  алма  ұстап  тұрған  сияқты  саусақтарыңызды 
жұмылдырыңыз. 
Бас бармағыңызды әріптердің астында орналасқан пернетақтадағы ең үлкен 
аралық  пернеге  қойыңыз.  Аралық  перне  сөздер  арасына  интервал  қоюға 
мүмкіндік  береді.  Егер  сөз  сол  жақтағы  әріппен  аяқталатын  болса,  онда 
аралық перне оң қолдың бас бармағын соғады және керісінше. 


6
 
 
 
1.1.
сур. Блокнотты ашу 
 
 
Пернелерді кезектілікпен басу қажет, басу күші әр перне бойынша бірдей 
және біркелкі болуы керек. 
8. 
Caps  Lock индикаторының  сөніп  тұрғандығына көз  жеткізіңіз.  Қажет 
болған жағдайда оны [Caps Lock] пернесін басу арқылы сөндіріңіз. 
Қ ы с қ а ш а   а н ы қ т а м а .   Бекітілген  бас  әріптер  режимін  қосу  [Caps 
Lock]  пернесін  басу  арқылы  орындалады,  сонымен  бірге  [Caps  Lock] 
индикаторы жанады. Назар аударыңыз! Сандық пернетақтаны қосатын [Num 
Lock] пернесімен шатастырып алмаңыз. 
9. 
фыва және олдж сөздерін бір-бірінен ажыратып жазыңыз. 
10. 
Енгізілген символдардың әрбір жолынан кейін [Enter] енгізу пернесін 
басыңыз. 
11. 
Бас  әріптерді  қосатын  [Caps  Lock]  пернесін  басыңыз,  [Caps  Lock] 
индикаторы  жануы  тиіс.  фыва  және  олдж  сөздерін  теріңіз.  Мәтіннің  бас 
әріптермен  жазылуын  тексеріңіз.  [Caps  Lock]  пернесін  еске  сақтап  алыңыз. 
Caps Lock 
индикаторын сөндіріңіз. 
12. 
Жоғарғы  қатардағы  0-ден  9-ға  дейін  цифрлар  орналасқан  барлық 
пернелерді  кезектілікпен  басып  шығыңыз  (солдан  оңға  қарай).  Жаңа  жолға 
[Enter] батырмасы арқылы өтіңіз. 
 


7
 
 
 
1.2.
сур. Электронды блокнотта символдар теру 
 
 
13. 
Пернетақтадан [Shift]  пернесін табыңыз, ол теру  тіркелімін өзгертеді. 
[Shift]  пернесін  басып,  жібермей,  жоғарғы  қатардағы  барлық  пернелерді 
кезектіліпен  басып  шығыңыз.  Алдыңғы  теріммен  салыстырғанда,  басқа 
символдардың басылуына назар аударыңыз. 
14. 
Пернетақтаға  латын  жайылмасын  орналастырыңыз.  Ол  үшін  тапсыр-
малар  тақтасының  оң  жағынан  EN/RU  индикаторын  табыңыз  және  EN 
позициясын қосыңыз. 
15. 
Пернетақтадан [Shift]  пернесін табыңыз, ол теру  тіркелімін өзгертеді. 
[Shift]  пернесін  басып,  жібермей,  жоғарғы  қатардағы  барлық  пернелерді 
кезектілікпен  басып  шығыңыз.  Алдыңғы  теріммен  салыстырғанда,  тағы  да 
басқа символдардың басылуына назар аударыңыз (1.2 сурет).  
16. 
Символдар  терімінің  бас  жағындағы  бастапқы  жолға  меңзерді 
апарыңыз  және  А  пернесін  бірнеше  рет  басыңыз  (жеті-сегіз  рет).  Сіз  f 
символдарының  пайда  болғанын  көресіз,  себебі  сізде  пернетақтаның  латын 
жайылмасы қосылды және [Caps Lock] индикаторы өшірулі. 
17. fffff 
терілген  әріптерінің  оң  жағындағы  сандарды  пернетақтадағы 
[Delete]  пернесінің  көмегімен  өшіріңіз.  Меңзердің  оң  жағында  орналасқан 
сандардың өшуіне назар аударыңыз. 
18. 
[Back Space] пернесін басыңыз ([Enter] пернесінің үстіндегі сол тілше), 
ол символдарды өшіреді. Меңзердің сол жағындағы барлық fffff символдарды 
өшіріңіз. 
19. 
Терілген  символдардың  ең  соңына  өту  үшін  [Ctrl]  және  [End]  батыр-
маларын  бір  уақытта  басыңыз  ([Ctrl]  және  [End]  батырмаларын  жібермей 
басыңыз). Мәтіннің басына қайту үшін [Ctrl] және [Home] батырмаларын бір 
уақытта басыңыз. Осы пернелердің үйлесімін есіңізде сақтаңыз. 
20. 
Пернетақтадан  меңзерді  басқару  пернелерін  табыңыз  (тілше  түрінде) 
және меңзерді солға және оңға, төменге және жоғарыға ауыстырыңыз. 
 


8
 
 
 
1.3.
сур. Ескерту терезесі 
 
 
1. 
Блокнот  терезесінің  жоғарғы  оң  жақ  бұрышынан  Жабу  батырмасын 
табыңыз  (айқаршығы  бар)  және  тінтуірмен  оны  басыңыз.  Бағдарлама 
«Атаусыз  файлдағы  мәтін  өзгерді.  Өзгерісті  сақтау  қажет  пе?»  деген 
мәтінмен ескерту терезесін шығарады (1.3 сурет). Жоқ батырмасын басыңыз. 
2. 
Сіздегі  пернетақталық  жаттығу  құрылғысын  ашыңыз  және  оның 
көмегімен ДК пернетақтасынан ақпарат енгізу дағдыларын пысықтаңыз. 
3. 
Компьютерді  сөндіріңіз.  Тінтуірдің  сол  батырмасымен  тапсырмалар 
тақтасындағы  Қосу  батырмасын  басыңыз  және  бас  мәзірден  Жұмыстың 
аяқталуы пәрменін таңдаңыз. Пайда болған терезеден Компьютерді сөндіру 
және ОК батырмасын басыңыз. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет