Кәсіби білім беру михеева е. В



Pdf көрінісі
бет73/131
Дата09.04.2022
өлшемі9,21 Mb.
#30424
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   131
S EXCEL ҚАТЫСТЫ ЖӘНЕ  
АБСОЛЮТТІ АДРЕСТЕУ 
 
Сабақтың мақсаты. MS Excel кестелерінде деректерді абсолютті адрес-
теу есебін (тұрақты шамалармен жұмыс істеуде) ұйымдастырудың ақпарат-
тық технологиясын игеру.  
 
19.1 тапсырма. Өнімнің табыстылығын есептеу кестесін құру. Тұрақ-
ты шамаларды абсолютті адрестеу түріндегі есептік формулаларға салу. 
Бастапқы деректер 19.1 суретте көрсетілген. 
 
 
 
19.1.сур.19.1 тапсырмасына арналған бастапқы деректер 


115
 
Жұмыс тәртібі 
 
1. 
Microsoft  Excel  электронды  кестелер  редакторын  іске  қосыңыз  (MS 
Office стандартты орнатуда Қосу/Бағдарламалар/Microsoft Excel орындаңыз). 
2. 
№16-18  практикалық  жұмыстарында  ашылған  «Есептер»  файлын 
ашыңыз (Файл/Сақтау). 
3. 
«Есептер»  электронды  кітабының  жаңа  парағында  тұрақты  шамалар 
кестесін  (бір  өнімнің  босатылу  бағасы)  және  тапсырма  бойынша  негізгі 
есептеу кестесін құрыңыз. 
4. 
Бастапқы деректерді енгізіңіз. Нөмірлерді «А» бағанасына енгізуде (1, 
2,  3  және  т.б)  сандар  қатарын  автотолтыру  тәсілін  пайдаланыңыз.  Ол  үшін 
қатардағы екі алғашқы санды теріңіз (1 және 2 сандарын), оларды тінтуірмен 
белгілеп,  меңзерді  белгіленген  ұяшықтың  төменгі  оң  жақ  бұрышына 
меңзердің  түрі  қара  айқаршыққа  өзгергенге  дейін  апарыңыз.  Тінтуірмен 
автотолтыру маркерін қамтыңыз және оны қажетті мәнге дейін төмен қарай 
тартыңыз. Натуралды сандар қатары құрылады (арифметикалық прогрессия). 
5. 
Тұрақты  шама  мәні  бар  ұяшықты  түспен  белгілеңіз  –  босату  бағасы: 
57,00 р. 
Нұсқаулар.  Жұмыс  ыңғайлылығы  үшін  және  адрестеудің  абсолютті 
түрімен  жұмыс  істеу  дағдыларын  қалыптастыру  үшін  тұрақты  шаманы 
реттеуде  ұяшықты  басқа  түспен  бояу  ұсынылады.  Формулаларды  енгізу 
кезінде  боялған  ұяшық  (тұрақты  шамасы  бар  ұяшық)  сізге  абсолютті 
адрестеуді құруды ескертетін болады (пернетақтадан $ символын теру немесе 
[F4] пернесін басу арқылы): 
6. 
Кестенің  барлық  бағандарында  есептеу  жүргізіңіз.  Есептеу  формула-
лары: 
Өнімді  шығару  =  Шығарылған  өнімдер  саны  х  бір  өнімнің  босатылу 
бағасы,  С7  ұяшығына  C5*$E$2  формуласын  енгізіңіз  (Е2  ұяшығы 
абсолютті адрестеу түрінде берілген); 
Шығарылатын  өнімнің  өзіндік  құны  =  Шығарылған  өнімдер  саны  х  бір 
өнімнің өзіндік құны, С8 ұяшығына С5*С6 формуласын енгізіңіз;. 
Өнімді  сатудан  түскен  пайда=Өнімді  шығару-Шығарылатын  өнімнің 
өзіндік құны, С9 ұяшығына C7 - C8 формуласын енгізіңіз; 
Өнімнің  табыстылығы  =  Өнімді  сатудан  түскен  пайда/  шығарылатын 
өнімнің өзіндік құны, С10 ұяшығына C9/C8 формуласын енгізіңіз. 
Өнімнің табыстылығын есептеу жолына сандардың Пайыздық форматын 
орнатыңыз. Қалған есептерді Ақшалай форматта орындаңыз. 
«С» бағанасындағы формулаларды автокөшірмемен «D» және «Е» бағана-
ларының  жолдары  бойынша  оңға  қарай  көшіріңіз  (автотолтыру  маркерінің 
көмегімен). 
 


116
 
7. 
Файлды сақтаңыз (Файл/ Сақтау). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет