Кәсіби білім беру михеева е. В


 тапсырма. Бос деректер базасын құру



Pdf көрінісі
бет82/131
Дата09.04.2022
өлшемі9,21 Mb.
#30424
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   131
22.1 тапсырма. Бос деректер базасын құру. 
Жұмыс тәртібі 
1. 
ДББЖ  Microsoft  Access  бағдарламасын  іске  қосыңыз.  Ол  үшін  MS 
Office стандартты орнату кезінде Қосу/Бағдарламалар/ Microsoft Access орын-
даңыз. Microsoft Access ашылған терезесінде деректер базасын таңдауға және 
ашуға арналған терезеде Болдырмау батырмасын басыңыз. 
2. 
Тінтуірді  экранның  әртүрлі  элементтеріне  апарып,  бағдарлама  интер-
фейсін игеріңіз. 
3. 
Файл/Құру пәрменін таңдаңыз.Экранда Құру терезесі пайда болады,ол 
Жалпы  және  Деректер  базасы  деген  екі  қосымша  парақтан  тұрады  (  22.1 
сурет): 
Жалпы қосымша парағы жаңа бос деректер базасын құруға арналған; 
Деректер базасы қосымша парағы шебер көмегімен деректер 
базасын  құруға  және  деректер  базасындағы  объектілердің  қажетті 
тематикаларынан тұратын үлгіні таңдауға мүмкіндік береді. 
4. 
Жалпы  қосымша  парағына  көшіңіз,терезенің  төменгі  бөлігінен  ОК 
батырмасын  басыңыз.  Экранда  Жаңа  деректер  базасы  файлының  терезесі 
ашылады.(22.2 сурет).  
5. 
«Папка»  ашылған  тізімінен  сіз  деректер  сақтайтын  «Менің  құжат-
тарым»  папкасын  таңдаңыз,  ал  Файл  атауы  жиегіне  «Менің  бос  деректер 
базам»  деген  атауды  енгізіңіз  (база  атауы  ретінде  өзіңіздің  тегіңізді  пайда-
лануға  болады).Файл  атауына  арналған  (mdb)  кеңейтуді  көрсетпеуге  бола-
ды,себебі 


126
 
 
 
22.1
.сур. Құру терезесі 
 
Файл атауы өрісінде «Microsoft Access деректер базасы» түрі орнатылған.  
6. 
Деректер  базасының  атауын  енгізгеннен  кейін  Құру  батырмасын 
басыңыз.  Экранда  Деректер  базасы  ашылады(22.3  сурет).  Деректер  базасы 
терезесінің интерфейсін игеріңіз.  
 
 
 
22.2
.сур. Жаңа деректер базасы файлының терезесі 


127
 
 
 
22.3
.сур. Жаңа деректер базасы терезесі 
 
Қ ы с қ а ш а   а н ы қ т а м а .   Деректер  базасының  негізіне  ондағы  сақтала-
тын  деректер  жатады.  Дегенмен  деректер  базасында  басқа  да  маңызды 
компоненттер  болады,  оларды  объектілер  деп  атайды.  Әрбір  объектінің  өз 
қосымша  парағы  болады.  Объектілер  жарлығы  деректер  базасы  терезесінің 
сол  жағына  орналасады.  Деректер  базасы  терезесінде  барлық  объектілер 
тізімі құрылады, олар келесідей: 
Кестелер — деректерден тұрады; 
Сұранымдар  —  деректерді  іріктеуге  және  өзгерістер  енгізуге  арналған 
шарттарды құруға мүмкіндік береді; 
Формалар — ақпаратты енгізуге,көруге,реттеуге мүмкіндік береді: 
Беттер — HTML пішіміндегі файлды,олар арқылы Internet Explorer брау-
зерінің көмегімен деректерді көруге болады; 
Есептер  —  ақпараттарды  анықтауға  және  басып  шығаруға  мүмкіндік 
береді; 
Макростар — бір немесе бірнеше операцияларды автоматты түрде орын-
дайды; 
Модульдер — деректер базасы функциясын баптау және автоматтандыру 
бағдарламасы, VB (Visual Basic) тілінде жазылады. 
7. 
Файл/Деректер  базасының  сипаттары  пәрменімен  өз  деректер 
базаңыздың  сипаттарымен  танысыңыз  (22.4  сурет).Құрылған  ДБ  өлшемін 
анықтаңыз.  
8. 
Сіз құрған бос деректер базасын жабыңыз. 


128
 
 
 
22.4
.сур. Деректер базасы сипатының терезесі 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет