Кәсіби білім беру с. А. Козлова, Т. А. Куликова мектепке дейінгі педагогика «Мектепке дейінгі білім беру»



бет217/280
Дата03.10.2023
өлшемі2,24 Mb.
#112862
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   280
Театрланған ойындардың түрлері
Көркемдік безендірілуімен, ең бастысы балалар театрланған 
қызметінің
спецификасымен 
ерекшеленетін
театрланған 
ойындардың түрлері көп.
Бірқатарында балалар спектакльді әртістер ретінде өздері 
ұсынады; әрбір бала өзінің рөлін орындайды. Енді кейбірінде
балалар

режиссерлік


ойындағыдай 
әрекет
етеді:

ойыншықтардың көмегімен рөлдерді дыбыстай отырып, әдеби


шығарманы ойнайды. Стендтік деп аталатын театрланған 
ойындар немесе көлемді не жазық ойыншықтар пайдаланылатын
үстел театрын қолданумен спектакльдермен ұқсас келеді. 
Соңғысында балалар фланеграфта, суреттердің көмегімен
экранда (жиі контур бойынша қиып алынған) ертегіні, әңгімені 
көрсетеді және т.б.
Стендік театрланған ойындардың ең кең тараған түрі 
көлеңкелі театр болып табылады.
Кейде балалар шын қуыршақ ойнатушы әртістер ретінде 
ойнайды. Мұндай ойында әрқилы құрылғыдағы және жүргізудің
әртүрлі техникасы бар қуыршақ ойыншықтардің екі түрі 
қолданылуы мүмкін. Қазіргі мектепке дейінгі мекемелерде
байырғы орыс театрланған ойыншық – петрушка (петрушка 
театры) жиі кездеседі. Тәжірибеде мұндай ойыншықтар жиі
бибабо (бибабо театры) деп аталады. Бұл ойыншықтар 
қолғаптық принципте құрылған: қуыршақ ішкі жағы қуыс,




391 
қолғапқа киіледі (қуыршақтың басы баланың сұқ саусығына 

сияды, ал костюмнің жеңі – бас бармақ және ортаңғы саусаққа,


қалған саусақтар алақанға бүгіледі). Спектакль қалтарыс 
(ширма) үстінде көрсетіледі; қуыршақ ойнатушы әртістер
қуыршақты көтере ұстайды, сондықтан тағы бір атауы бар – 
жоғары.
Соңғы жылдары мектепке дейінгі мекемелерде марионетка 
принципі бойынша құрылған қуыршақтар пайда болды. Оларды
бекітілген жіп, сымдарды қозғай отырып, алаңшада, сахнада 
жетелеп жүреді.
Қуыршақтарды жетектеудің екі амалы да тіпті мектепке 
дейінгі ересек жастағы балалар үшін айтарлықтай қиын,
сондықтан арнайы жаттығулар қажет. Педагог балаларға 
қуыршақтардың қимылдарын (еңкею, бұрылу, қолды сілтеу)
қандай тәсілдермен көрсетуді үйретеді, кейіпкерлердің 
қимылдарымен сөйлеуі сәйкес келуін қадағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   280




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет