Кәсіби білім беру с. А. Козлова, Т. А. Куликова мектепке дейінгі педагогика «Мектепке дейінгі білім беру»



бет251/280
Дата03.10.2023
өлшемі2,24 Mb.
#112862
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   280
Тапсырма
1.

Отбасы мен балабақшаның тығыз байланысы балалар,


оның ата-аналары мен педагогикалық ұжым үшін қажет екенін 
дәлелдеңіз.
2.

Балабақша мен отбасының ынтымақтастығы міндеттерін


іріктеп жазып алыңыз. 
3.
Елестетіп көріңіз, сіз – бастап жатқан тәрбиешісіз. Сіздің 

ата-аналармен жұмысыңыздың табысын не қамтамасыз етеді, ал


не күрделендіреді? Отбасылармен өзара әрекет нәтижелі болу 
үшін өзіңізде қандай қасиеттерді дамыту қажет?
4.

Педагог баланың алдында ата-аналарының беделін неге


әркез қолдап, оларға сүйіспеншілік пен бауырмалдықты 
тәрбиелеу керек екендігін түсіндіріңіз.
5.

Отбасымен жұмыс істеудің қандай формалары сізге


біршама әсерлі болып көрінеді? Неге? Қай формаларына сіз 
өзіңізді біршама дайынмын деп есептейсіз?
6.

Отбасымен өзара әрекет ету ережелерінің тізбесін


жалғастырыңыз: 

атының және әкесінің атымен атау; 


ата-аналарға шынайы қызығушылық көрсету; 



ата-аналарды тыңдай білу; 


мейірімділік таныту. 






465 
XXVI ТАРАУ 


МЕКТЕПКЕ

ДЕЙІНГІ

ҰЙЫМНЫҢ

МЕКТЕППЕН

ӨЗАРА

БАЙЛАНАСЫ 

Балаларды мектепке даярлау 

Мектепке дейінгі ұйымның міндеттерінің бірі болып 


балаларды мектепке даярлау саналады. Баланың мектепке көшуі
– оның дамуындағы сапалы түрде жаңа кезең.
Бұл кезең «дамудың әлеуметтік жағдаятымен», тұлғалық
жаңа жасалымдармен байланысты, оларды Л. С. Выготский «7 
жас дағдарысы» деп атады. Даярлықтың нәтижесі болып
мектепке дайын болуы саналады. Осы екі термин өзара себеп-
салдар қатынастарымен байланысты: мектепке дайындық
даярлықтың сапасына тікелей байланысты. 
Психологтар мен педагогтар мектепте оқуға дайындықты
жалпы және арнайы деп бөледі. Демек, мектепке дейінгі ұйымда 
жалпы және арнайы даярлық жүргізілуі тиіс.
Арнайы даярлық дегенде баланың білім мен іскерлікті 
меңгеруі түсініледі, олар оған бірінші сыныпта негізгі пәндер
бойынша (математика, оқу, жазу, қоршаған әлем) оқудың 
мазмұнын игеру нәтижелілігін қамтамасыз етеді.
Жалпы дайындық (және әзірлік) ұғымының мазмұнына 
психологиялық, адамгершілік-ерік, физикалық дайындық кіреді.
Дайындық пен әзірліктің белгіленген бағыттарының 
арасында тығыз, нәтижені өзара шарттайтын байланыс бар.
Сондықтан педагог әр бағыттың жұмысының ерекшелігін жақсы 
білуі үшін және отбасымен бірге баланың мектепке
дайындығына көмек беруі үшін қажет. 
Әр бағыттың мазмұны мен ерекшеліктерін қарастырайық.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   280




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет