Кәсіби білім беру с. А. Козлова, Т. А. Куликова мектепке дейінгі педагогика «Мектепке дейінгі білім беру»


  адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой және физикалық дамуға да  ықпал етеді. Қол және көркем еңбек



бет122/280
Дата03.10.2023
өлшемі2,24 Mb.
#112862
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   280
210 
адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой және физикалық дамуға да 
ықпал етеді.
Қол және көркем еңбек өзінің мақсаты бойынша адамның
эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған 
жұмыс болып табылады. Оның құрамына табиғи материалдан,
қағаздан, картоннан, матадан, ағаштан жасалған бұйымдарды 
өндеу
кіреді.

Бұл
жұмыс

қиялдың,
шығармашылық 
қабілеттердің дамуына ықпал етеді; қолдың бұлшық еттерін
дамытады, ұстамдылықты, шыдамдылықты тәрбиелеуге ықпал 
етеді, бастаған істі аяғына дейін жеткізуге үйретеді.Балалар өз
еңбектерінің нәтижесінде басқа адамдарға сыйлықтар жасау 
арқылы оларға қуаныш сыйлайды. Мектепке дейінгі
мекемелердегі көркемөнер еңбегі екі бағытта ұсынылған: 
балалар қолөнер бұйымдарын жасайды және өздерінің
өнімдерімен мерекелерде топтың бөлмесін безендіруді, көрмені 
рәсімдеуді және т.б. үйренеді.
Қол мен көркем еңбектің жеке элементтері кіші топтарда 
енгізілуі мүмкін.
Бұл жағдайда ересек адамның қатысуы 
міндетті болып табылады.
Нақтырақ айтқанда, балалар 
ересектерге қолөнер тудыруға көмектеседі.
Осы жастағы 
балалардың белсенділігі аз болса да, бірақ мұндай қызықты
жұмысқа кірісу бала үшін өте пайдалы. Сәби тәрбиеші 
қолындағы қарапайым таяқша қалайша қуыршаққа, ал шар
күлкілі клоунға қалай айналатынын көреді. Бұл «сиқыр» 
балаларды қызықтырады, өз ісіне тамсандырады және
ынталандырады. 
Мектеп жасына дейінгі жасына сәйкесақыл-ой еңбегінің
тууы туралы да айтуға болады. Кез-келген еңбек нәтижеге қол 
жеткізуге бағытталған күш-жігермен сипатталады.Біз жоғарыда
айтқандай, нәтижесі заттанған болуы мүмкін (бала дайындаған 
зат, өсірген өсімдік), сапа жетілдіру арқылы ұсынылған болуы
мүмкін (жуылған қуыршақ киімі, тазартылған құс торы),
қандайда бір міндеттерді логикалық шешу түрінде болуы мүмкін
(ойлау

нәтижесінде


алынған

баланың
математикалық 


тұрмыстық, жеке «жаңалықтары» және т.б.).
Соңғысы - ақыл-ой еңбегінің нәтижесі. Тәрбиелеуші 
балаларды «істемей тұрып, ойлануға», өзіне және өзгелерге
ойының барысын түсіндіруге, қорытындылар мен ойша 
тұжырымдар жасауға және, ақырында,табылған өз шешімінен
қанағат алуға ( «ойға келу») үйретеді.Егер біз мұны саналы 



211 
түрде жүзеге асырғымыз келсе, ақыл-ой еңбегі кез келген басқа 
бала еңбегімен қоса жүреді (бірге болуы керек). Балалардың
ақыл-ой еңбегіне деген қызығушылығын және құрметін 
тәрбиелеу керек, адамдар үшін және белгілі бір бала үшін оның
маңыздылығын көрсету керек. Балалармен жұмыста ғалымдар, 
өнертапқыштар туралы әңгімелер (осы мәселе «Әлеуметтік
шындықпен балаларды таныстыру әдісі» курсы шеңберінде 
толығырақ талқыланады) көмектеседі. Баланың ақыл-ой еңбегі
еңбек қызметінің барлық құрылымдық компоненттеріне ие: 
себептері, мақсаттары, үдерісі, нәтижесі. Ол білім беру ісінде
де, күнделікті өмірде де жүзеге асырылады. Кез-келген басқа 
жұмыс секілді, ұйымдастырудың өзіндік формалары да бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   280




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет