Сусынның сапасы кӛп кезекте әзірлеу технологиясына
байланысты болады. Шайды демдеу кезінде бірнеше ережені
сақтау маңызды:
• Қайнатпаны керамикалық (фарфор немесе фаянс) шәйнекте
әзірлеген жӛн;
• Аққҧманды алдын ала жылытып алады, оны ыстық сумен
шайып немесе самаурын қақпағында немесе қайнаған суы
бар шәйнекте жылытады;
• Жылытылған шәйнекке қҧрғақ шайды салады,
1
/
3
бӛлігіне
қайнаған су қҧяды, зығыр сҥлгісімен немесе қҧрғақ
шайдың жапырағы бар зығыр қабымен жабады және
шайдың сҧрыбы мен судың кермектігіне қарай 3-тен 15
минут аралығында демдейді; жҧмсақ судағы жоғары
сҧрыпты шайдың сапалы демделуі 3,5...4 минут болса,
кермекті суда — 7 ... 8 минут. Кӛк шайды 5-тен 7...8 минут
аралығында, кӛк шайдың қатты және кесек тҥрін – 10-15
минут аралығында демдеуге болады;
• Шәй демделіп болған соң шәйнекке қақпаққа 0,5...1 см
бос қалдырылып қайнаған су қҧйылады; кӛк шайды
демдеген кезде екінші рет қайнаған суды 3...4 минуттан
кейін, шәйнектің
3
/
4
және тағы 2...3 минуттан кейін бетіне
дейін қҧяды. Дайын қайнатпаны (50 мл.) шай кесесіне
немесе стақанға қҧйып, қайнаған суды қайта қҧяды. Жеке
табақшада қант немесе тосап, джем, бал ҧсынылады.
Лимон қосылған шәй.Лимонды ыстық сумен жидітіп,
жҧқа дӛңгелектеп кеседі, табақшада ҧнтақ қант себіліп
ҧсынылады. Лимон мен қантты жеке табақшада ҧсынуға
болады.
Сҥт немесе кілегей қосылған шай. Кесеге немесе сақанға
50 мл қайнатпа мен 100 мл (сҥт қосылған шай ҥшін) немесе
125 мл (кілігей қосылған шай ҥшін) қайнатылған су қҧяды.
Сҥт немесе кілегейді сҥт сауытта немесе кілегей сауытта, ал
қантты табақшада ҧсынады.
Шәйнектер буындағы шай. Арнайы
тамақтану
кәсіпорындарда тҧтынушыға шайды екі шәйнекпен ҧсынады –
қайнатпаны қайнатпа сауытында (сыйымдылығы 250 мл),
қайнаған су қҧюшы (сыйымдылығы 1 л).