Кәсіби іріктеудің еңбек қауіпсіздігі мен тиімділігін арттырумен байланысты


Ондай айқындау мен түзету іс-әрекеттердің нақты процедураларын әзірлеу талап етіледі, олар арқылы тікелей басшы жоғары басшылық өкілімен ынтымақтаса



бет6/7
Дата17.03.2023
өлшемі28,48 Kb.
#75277
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Кәсіби іріктеудің еңбек қауіпсіздігі мен тиімділігін арттырумен байланысты

Ондай айқындау мен түзету іс-әрекеттердің нақты процедураларын әзірлеу талап етіледі, олар арқылы тікелей басшы жоғары басшылық өкілімен ынтымақтаса:

  1. мүдделі тараптарды хабарландыруға;

  2. себеп – салдарлық байланыс пен мүмкін негізгі себепті анықтауға;

  3. іс-әрекеттер жоспарын немесе түзету жоспарын анықтауға;

  4. бұзышылық түріне шамалас сақтандыру әрекеттеріне бастамашылық етуге;

  5. қабылданған сақтандыру шараларының тиімділігін қамтамасыз ету үшін бақылау жүргізуге;

  6. тиісті персоналды өзгерістер туралы хабарландыруға және оларды іске асыруға тиісті.

Қажет сабақтарды меңгеріп алу, ал сәйкес әрекеттерді жасау үшін ҚЕҚБЖ ықпал еткен немесе ықпал етуі мүмкін оқиғалар туралы хабарландыру мен ішкі есепке алу процедуралары қажет.
Реттеуші органдарды оқиғалар туралы заңмен талап етілетін немесе компания саясатының сыртқы байланысқа қойылатын талаптарға байланысты деңгейде хабарландырудың механизмі болу керек.
Оқиғадан кейін оқиға мән-жайымен қатар, оған келтірген ҚЕҚБЖ-дағы кемшіліктерді, оқиғадан кейін шаралар қабылдауға жауапты тұлғалар өз пікірін қалыптастыру үшін, айқындау қажет.
Оқиғадан кейін шаралар қабылдау механизмі мен міндеттер анық анықталу керек. Механизмі, жалпы ҚЕҚБЖ сақталмаған жағдайда, түзету әрекеттерін іске асыру процедуралары сияқты болуға тиісті.
Оқиғадан кейін шаралар қабылдау бойынша міндеттемелер нақты немесе әлеуетті салдарлар көлеміне сәйкес болу керек.
7. Іске асыру мерзімдері мен механизмі
Бағдарламаны іске асыру механизмі, мәселелерді сәйкес жоспарлы іс-шараларды әзірлеу арқылы шешу үшін, қаржылық және ұйымдастыру – құқықтық негіздерден тұрады.
Тұжырымдаманы іске асыру бағдарламалық – мақсатты тәсілмен, барлық мүдделі субъекттердің мақсатты және үйлесімді әрекеттері арқылы іске асырылады.
Серіктестіктің бөлімшелері қайта құрылған, сондай-ақ оның құрамына жаңалар енген жағдайда іс-шараларға түзетулер енгізіледі.
Аталған міндеттерді шешуге Серіктестіктің барлық бөлімшелері мен еншілес ұйымдары, оларға белгіленген функцияларға сәйкес қатысады.
Серіктестіктің бюджеті, іс-шараларды қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады, сондай-ақ өзге болжамды қаржыландыру көздерінен қосымша қаржы. Бұл ретте Тұжырымдаманы іске асыру үшін жыл сайынғы қаржыландыру көзделеді.
Жұмсалатын қаржы сомалары жыл сайын өндірістік қызметтің және өзге көздерден түсетін қаржы көлемдеріне сүйене нақтыланады.
Тұжырымдаманы іске асыру мерзімдері 2012-2015 жылдарға белгіленді.
8. Күтілетін соңғы нәтижелер мен Тұжырымдаманы іске асырудың тиімділігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет