Байланысты: Кәсіби қызметтегі заманауи маманға қажетті қызметтер эссе
«Кәсіби қызметтегі заманауи маманға қажетті қасиеттер» Муратбек Алия
Бүгінгі таңда қоғамның жаңаруында 2030 бағытына сəйкес əрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында ұлттық тəрбие шешуші фактор болуы заңдылық. Сондықтан қазіргі заманның педагогика ғылымында адамның ұлттық қасиетін қалыптастырудың ең тиімді мүмкіндіктерін, жолдарын зерттеу басты мəселе болып отыр.
Біздің елімізде білім беру жүйесін жаңғырту үш басым бағыттар бойынша жүзеге асуда. Біріншісі, білім беру ұйымдарын оңтайландыру және оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу.
Екіншісі, оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту және педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Арнаулы педагогикалық білім берудің үлгі-қалыптарын, мектептер мен жоғары оқу орындарының оқытушыларының біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту қажет. Әр өңірде педогогтардың біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс.
Үшіншісі, білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру және біліктілікті жетілдірудің тәуелсіз жүйесін құру қажет.
Мамандар даярлауда оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту білім саласына ене бастады. Мәселен, бүгінгі таңда академиялық еркіндікті дамыту білім беру жүйесін түбегейлі өзгертті деп айтуға болады. Білім алушының таңдаған пәні бойынша, мамандығына қатысты сабақтарды меңгеруі – академиялық еркіндіктің басты қағидаты болып саналады. Элективті курстар еңбек нарығы сұраныстары негізінде оқытылады. Оқыту үдерісін жаңғырту бағыты бойынша сұранысқа ие, болашағы бар бағыттарды күшейтудің маңызы зор. Сонымен қатар, тілдерді меңгеруге, электронды оқытуға, инклюзивті білім беруге, шағын кешенді мектеп мәселелері, 12 жылдық мектепке арналған маман даярлауға баса мән беріле бастады. Жоғары интеллектуалды әлеуеті қалыптасқан, инновациялық технологияларды еркін меңгерген, ғылыми-зерттеушілік қызметке бағытталған болашақ педагогтарды даярлау, қайта даярлауды да айта кету керек. Мектеп мұғалімдері, ғалым-оқытушыларды елдегі және шетелдегі біліктілікті арттыру орталықтарында жүйелі түрде оқыту қолға алынуда.