Кәсіпкерлік: Бизнесті бастау-Негіздер, сәуір2013 ж.
Крис Нгуен
CMN CONSULTING
8
Қ
алада Айгүл есімді бір әйел тұрады. Оның тігін машинасы бар, ол өзінің тігін
бизнесін бастағысы келеді. Ол қандай киім тігу керек екен шеше алмай жүр.
Сондықтан қала бойынша тігін шеберханаларын аралап, сатушылардан қандай киім
тігіп жатқандарын, қандай киім сатылатынын және қандай баға қоятынын сұрап
білді. Қаланың тігін шеберханаларын аралап жүріп,ешқандай шеберханалардың
мектеп формасын тікпейтінін және сатпайтын біліп, өз ісін осыдан бастауға
тоқтады. Басқаларына қарағанда ол сондай сапада немесе одан да жақсы сапада
мектеп формасын сатуға болады деп есептейді.
Бұл істі үйренбегендіктен және шығынды азайту үшін тігін бизнесімен өз пәтерінде
айналысуды шешті. Ол мектеп формаларының бірнеше үлгісін тігіп, қайда барса да,
мысалы,балаларын мектепке апарып, мектептен алып қайтқанда, базардан материал
сатып алғанда, ата-аналар жиналысына барғанда өзімен бірге алып жүрді. Ол
отбасы мен достарына өзінің қандай
іспен айналысатыны туралы айтты, мектеп және қоғамдық ғимараттардың
хабарлама тақтайшаларына жарнамалық парақшалар ілді.
Практикалық тапсырма:
Айгүл не сатқысы келді ?________________________________________________
Оның өнімдерін кім сатып алады? _______________________________________
Айгүл өз өнімдерін қайда сататын болады? ______________________________
Бағасы қандай болуы керек? ____________________________________________
Ө
з өніміне дұрыс баға қоюды Айгүл қалай біледі?
________________________________________________________________________
Адамдар оның бизнесі туралы қалай біледі?
________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: