Шағын және орта кәсіпкерліктің артықшылықтары: Кезкелген жағдайларда өзгерістерге жеңіл бейімделеді.
Тұтыну сұраныстың өзгеруіне тең жауап береді.
Капитал салымына деген қажеттілігі төмен болады.
Бәсеке дамуының негізін құрайды.
Техникамен қайта жабдықтану жылдам түрде жүзеге асады.
Қазақстан республикасындағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен даму негізін қалау 1992 жылдан бастап бірқатар заңдар мен актілерге енгізілген: «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» (1992 ж.), «Жеке кәсіпкерлік туралы» (1997 ж.), «2001-2002 ж.ж. бағытталған мемлекеттік шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасы». Қазақстан республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытуда Қазақстан республикасы Президентінің «Шағын кәсіпкерлерліктің жандандыру мен мемлекеттік қолдауын күшейту бойынша шаралар туралы» 1997 жылдың 6 наурызындағы қаулысының үлкен ролі бар.