Кәсіпкерлік құрылымдардың сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыруы үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметі сыртқы экономикалық байланыстарды реттеуге, барлық кәсіпкерлер үшін теңдей жағдай жасауға және олардың шетелдік капиталды алып, тиімді қолдануын қамтамасыз етуге бағытталу керек. Осыған байланысты төмендегідей шараларды атқару ұсынылады: шағын және орта кәсіпорындарға шетелдік серіктестерімен іскерлік байланыстарды орнатып, ортақтаса бизнес жүргізуіне және лизингтік компаниялардың қатысуымен шетелдік технологиялар мен құрал-жабдықтарды (ноу-хау) кешенді түрде жабдықтау жұмыстарын ұйымдастыруына қолдау көрсету, сондай-ақ, сыртқы сауда қызметін дербес жүргізу құқығын беру; шағын және орта бизнесті дамытудың басты бағыттары бойынша техникалық-экономикалық негіздермен қамтамасыз етілген инвестициялық жобаларға жеңілдетілген шетелдік несие беру жолдарын қарастыру;