Кәсіпкерлік: МӘНІ, мазмұны және қалыптасу шарттары кәсіпкерліктің мәні мен мазмұны, негізгі функциялары



бет3/4
Дата14.03.2023
өлшемі45 Kb.
#74372
1   2   3   4
Байланысты:
1- ДӘРІС

Кәсіпкерліктің багыттаушы қағидаларына бизнестің кәсіпкерлік бейімділігіне сэйкестігі қағидасын және бизнестің бәсекеге қабілеттілік қағидасын жатқызады.

Кәсіпкерлердің өмірде өзіне лайықты орынды іздеуі олардың кәсіпкерлік миссия деп аталатын арнаулы жұмысына байланыс- ты. Әр адам өзінің іскерлік карьерасының алғашқы кезеңі неме- се үзақ үзілістен кейін кәсіпкерлікке келуі болсын, кәсіпкерлік миссиясын озі анықтауы қажет.Кәсіпкерлердің оз миссиясын орындауы олардың кәсіп- керлік бәсекеге қабілеттілігінің әлеуетіне тікелей байланысты. Бәсекеге қабілеттілік деп бәсекеге түсу қабілеті дегенді түсінеді. Бәсекеге қабілетті кәсіпкерлер өнімді өндіру, қызмет көрсету, жұмыстарды орындау бойынша таңдалган сферадағы істі жүргізуге ғана емес, сонымен қатар бизнесті өз бәсекелестерінен нашар емес, керісінше мүмкіндігі бойынша олардан жақсы етіп жүргізуге де дайын болуы керек.
Кәсіпкерлік бәсекеге кабілеттіліктің әлеуеті (КБӘ) деп кәсіпкерлік бизнес субъектілерінің бәсекелік артықшылықтары мен кемшіліктерінің арақатынасын (өз бәсекелестерінен қай жағынан кем, қай жағынан артық екендігін) айтады. Әрбір кәсіпкер өз бәсекелестеріне қарсы тұруға және қарсы әрекет етуге міндетті. Кәсіпкерлік бизнес субъектісінің бәсекеге қабілеттілігі оның өз қарсыластарынан бәсекелік артықшылықтарын анықтап, оларды ұстап қалуға деген қабілетімен анықталады. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілік деңгейі, оның бәсекелік артықшылықтары мен кемшіліктерін қарсыластардың бәсекелік артықшылықтары мен кемшіліктерімен салыстыру жолымен анықталады. Кәсіпкерлер (Кәсіпкерлік бәсекеге қабілеттіліктің элеуеті) КБӘ құру мен арттыруга мүдделі. Өйткені олардың барлығы нарыққа енген кезден бастап-ақ бәсекелестік ортага қатысушы болады.

Кәсіпкерліктің кез келген субъектісінің КБӘ құрамына мы- налар кіреді:



  • кәсіпкерлердің жеке бәсекеге қабілеттілік элеуеті;

  • кәсіпкерлік фирмалардың институңионалдық бәсекеге қабілеттілігінің әлеуеті.

Кәсіпкерлердің жеке бәсекеге қабілеттілік әлеуеті кәсіп- керлік бизнес субъектілерінің кәсіби қабілеттерінің, кэсіби құзыреттерінің және жеке қасиеттерінің жиынтыгымен анық- талады. Бұл әлеует кәсіпкерлер жағынан істерді жүргізу және нарықтағы қарсыластарына төтеп беруге жұмсалады. Кәсіпкерлік фирмалардың институңионалдық бәсекеге қабілеттілігінің элеуеті кәсіпорындардың материалдық және адами ресурстарының жиынтығымен анықталады. Бұл әлеуеттің типтік құрылымы әдетте келесідей міндетті элементтерден тұрады:



  • кәсіпорындардың іскерлік қызметі құралдарының, еңбек заттары мен технологияларының жиынтыгы;

  • құрылган және өткізілуге тиісті тауарлардың, сонымен қатар кәсіпкерлік фирманың қаржы активтерінің жиынтығы;

  • ұйымдастырушылық әлеуеті, оның ішінде фирманың ұйымдастырушылық құрылымы, фирмаішілік менеджменттің деңгейі, аталған фирманың сыртқы коммуникаңияларының бо- луы мен олардың жағдайы;

  • кәсіпкерлік бизнес субъектісінің іскерлік жағымды беделі;

  • кәсіпорын фирма қызметкерлерінің кэсіби қабілеттері;

  • кәсіпорын иелерінің, оның қызметкерлері мен менед- жерлерінің іскерлік әлеуетінің болуы;

  • кәсіпкерлік бизнесті күшейтуге және кәсіпорынның іскерлік қызметінің тиімділігін арттыруға деген алғышарттар- дың болуы.

  1. Кәсіпкерліктің ынталандырушы цагидаларына мыналар жатады:

  • табыс нысандарының алуан түрлілік қағидасы;

  • бизнестегі табыстылық пен кәсіпкерлер қызметінің нәтижелілігін іскерлік ортада мойындаудың сэйкестілік қа- ғидасы;

  • «сәттілікті ұстауға» дайындалу қағидасы;

  • мотивтердің алуан түрлілік қағидасы;

  • бизнестегі эгоистік және қоғамдық мүдделерді сэй- кестендіру қағидасы.

Кәсіпкерлік бизнестеғі ең маңызды түсініктердің бірі кәсіпкерлік жетістік болып табылады. Жетістік кәсіпкерліктің кез келген субъектісі қызметінің соңғы нэтижесін сипаттайды.Бизнес субъектісінің кәсіпкерлік жетістікке жетуі оның іскерлік қызметінің ең жоғары деңгейін, озінің бәсекеге қабілеітілігінің элеуетін толық жүзеге асыруын және өзінің кәсіпкерлік миссиясын орындауын білдіреді.


Жетістік түсінігімен қатар кәсіпкерлікпен айналысу- дан түскен табыс және бизнестегі тиімділік сияқты маңызды түсініктерге де байланысты. Егер кәсіпкерлердің іс-әрекеті табысқа жеткізсе, онда бизнес тиімді болып саналады. Соны- мен қатар, кез келген бизнес егерде тиімділікті қамтамасыз ететіндей болса ғана табысты болады. Пайда табу адамдарды іскерлік қатынастарды жасауга итермелеп отырады. Бизнес аясы бойынша серіктестерді таңдау, бизнес түрлері мен мэміле жасаудың ұтымды сипаттары тиімділікті жоғарылатуға эсер етеді.Кез келген кәсіпкерлік жетістік сандық тұрғыдан жетістік метрикаларының көмегімен аныкталуы мүмкін. Әдетте олар кәсіпкерлік бизнес тіимділігінің немесе бизнесті жүргізуге де- ген шығындар тиімділігінің алуан түрлі көрсеткіштерімен си- патталады.

Әр түрлі жағдайларға байланысты жетістіктер төмендегі түрлерге бөлінеді:



  • ағымдық (аралық) және соңғы;

  • қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді;

  • іскерлікке лайықты және лайықсыз жетістіктер.

Жетістікке жету үшін кәсіпкерге екі бірдей міндетті шешуге
тура келеді. Бір жағынан, ол өз қызметінің қоғами түрғыдан кең танылуына үмтылады. Екінші жағынан - ол бәсекелік ортада алға шығуға бар мүмкіндігін жұмсайды. Қоғамдық аяда танылу негізінде кәсіпкерліктің аталған субъектісі бәсекеғе қабілеттілік әлеуетін ең ұтымды түрде пайдалана алғандығын және оны ары қарай күшейту үшін жағдайлары бар дегенді білдіреді. Бизнес субъектілерінің жетісгікке жетуі олардың кәсіп- керлік идеалы - кәсіпкерлік миссиясын қалыптастыру үрдісінде, істі бастау қарсаңында, әрқайсысының көз алдына, бизнестің ең жоғары қолжетімді бейнесі белгілі болады. Ол адамдардың кәсіпкерлікпен айналысуға деген мотивтерінің алуан түрлілігіне негізделеді. Олардың ішінде мыналарды бөліп көрсетуге бо- лады: экономикалық, элеуметтік, психологиялық, физикалық және гуманисттік (этикалық, философиялық және эстетикалық) мотивтер.
Экономикалық мотивтерге кәсіпкерлік субъектілерінің жогары табыстарға, дамудың түрақты қарқынына қол жеткізу, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, қаржылық жағдайды жақсарту сияқты көрсеткіштер кіреді. Кейде кәсіпкерлер бизнесте тек пайда мотивін басшылыққа алады, сонымен қатар табыс табу идеалдары пайдамен байланысты деп санайды. Шын мэнінде пайда мотиві кәсіпкерлік субъектілері үшін маңызды мэнге ие, алайда бұл экономикалық мотивтерінің ішіндегі жалғыз фактор болып калмайды.
Кәсіпкерлікпен айналысуга деген адамдардың элеуметтік мотивтері элеуметтік тиімділікке, ең алдымен бизнеспен айна- лыса отырып, кәсіпкерлердің қарым-қатынасқа деген объективті қажеттілігін жүзеге асыратындығымен, өмірлік тәжірибе ал- масуларымен, элеуметтік статусқа және қоғамдық танылуға ие болагындығымен, белгілі бір әлеуметтік қатынастарға қатысу- мен анықталады. Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға деген адамдардың физикалық мотивтері бизнес субъектілерінің физикалық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға, организмнің маңызды ре- сурстары болып табылатын физикалық, психикалық және интеллектуалдық энергияны толығымен жүмсауға деген ұмтылысымен сипатталады.Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға деген адамдардың гуманисттік мотивтері бизнеске қатысуда әрбір адамның түлға ретінде дамуға, өмірдің мэнін түсінуге, этикалық және эстетикалық жайлылыққа қол жеткізілетіндігімен сипатталады.

  1. Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-мінез-құлъщтьщ цагидалары бизнесті ұйымдастыруды және кәсіпкерлік бизнес субъектілерінің сипаттамасын анықтайды. Оларға мыналар жа- тады:

  • кәсіпкерлік бизнестің үйлесімді логикасының қағидасы;

  • бизнесте бәсеке мен ынтымақтастықты сэйкестендіру қағидасы;

  • мінез-қүлықтың стратегиялық, тактикалық және жағдайлық деңгейлерін сэйкестендіру қағидасы.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет