Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру Кәсіпкерлік тәуекел деп кәсіпкерлердің өзінің материалдық немесе қаржы ресурстарын толығымен немесе ішінара жоғалтуы, табысты толық ала алмай қалу немесе белгілі бір әрекеттер нәтижесінде қосымша шығындардың пайда болу мүмкіндігі түсіндіріледі.
Кәсіпкерлік тәуекел әртүрлі белгілеріне байланысты келесідей топтастырылады:
1. Кәсіпкерлік қызмет түрі бойынша:
Саяси тәуекел – елдегі саяси ахуал бизнеске кері әсерін тигізуі. Бұл тәуекел бақыланбайды.
Өндірістік тәуекел – өнімді өндірумен, қызмет көрсетумен байланысты. Шикізатты есепсіз жұмсау, қызметкерлердің қызметіне қалай болса солай қарауының салдарынан кәсіпорынның шығынға батуы.
Коммерциялық тәуекел – тауарлар мен қызметтерді сату кезінде туындайтын тәуекелдер. Коммерциялық тәуекелдің орын алуының негізгі себептері: сұраныстың төмендеуі салдарынан сату көлемінің азаюы, сатуға тыйым салу, тауарлардың бүлінуі, айыппұлдар төлеу және т.б.
Қаржылық тәуекелдер – кәсіпорынның қаржылық келісімдерін жүзеге асыру барысында туындайды. Қаржылық тәуекелді инвестициялық, несиелік, валюталық тәуекелдерге бөлуге болады.
Техникалық тәуекел – қауіпсіз тәуекелдердің бірі. Жаңа техникалық құрал жабдықтарды енгізуден күтілетін табыстардың ақталмауы, құралдардың техникалық және моральды тозуы.
2. Пайда болу табиғатына байланысты:
Объективті тәуекел – жеткіліксіз ақпарататарға байланысты, мысалы несиелеу, салық салу шарттары туралы ақпараттардың жеткіліксіздігі.
3. Пайда болу саласы бойынша:
Сыртқы тәуекел – Бизнеспен байланысы жоқ, заңдарға өзгерістер енгізу немесе елдегі саяси ахуалға байланысты тәуекелдер;
Ішкі тәуекел – бизнеспен тікелей байланысты, контрагенттердің өз міндеттемелерін орындамауы, басшылықтың дұрыс шешім қабылдамауы, қызметтік құзыреттерін тиіс қолданбау.
Тұрақты тәуекел – белгілі бір аумақтағы экономикалық тұрақсыздыққа байланысты;
Уақытша тәуекелдер – өндіріс циклінің белгілі бір кезеңіне байланысты тәуекелдер;
Динамикалық немесе спекулятивті тәуекелдер – курс бағамдары мен бағалар арасындағы айырмашылықты ұтымды пайлалану кезіндегі тәуекелдер;
Статистикалық тәуекелдер – табиғи апаттар нәтижесінде пайда болатын тәуекелдер.