2.4
Негізгі өндірістік қорларды пайдалану
көрсеткіштері және оны тиімді пайдалану жолдары
Кәсіпорында негізгі өндірістік қорлардың пайдалану деңгейін анықтау
мақсатында әр түрлі экононмикалық көрсеткіштер қолданылады. Жалпы
түрде оны екіге бөледі:
Негізгі көрсеткіштер
Жеке көрсеткіштер
Негізгі көрсеткіштер барлық ұлттық экономика секторларында,
кәсіпорын, шаруашылық салаларында негізгі қордың пайдалануына
сипаттама ретінде қолданылады.
Бұл көрсеткіштерге қорқайтарымдылығы, қорсиымдылығы, қормен
жабдықтау және өндіріс рентабельділігі жатады.
Қор қайтарымдылығы негізгі құралдардың 1 өнімге шаққандағы
шамасын көрсетеді.
Қ
қ
=Q/НӨҚожқ (4)
мұндағы, Қ
қ
– қор қайтарымдылығы
Q-өнім көлемі
НӨҚожқ - өндірістік өнеркәсіптің негізгі құралдарының жылдық орташа
құны.
Қор сыйымдылығы (Қ
с
) – өнім бірлігін өндіру үшін қанша негізгі
құралдар қолданылатын көрсетеді және мына формула бойынша
анықталады:
Қ
с
=НӨҚожқ / Q (5)
Қормен жабдықтау (Қж)- кәсіпорынның өнеркәсіптік-өндірістік
персоналының негізгі құралдармен жабдықталу деңгейін сипаттайды.
38
Қж=НӨҚожқ /Пөө (6)
мұндағы, Қ
ж
– қормен жабдықтау
Пөө- өнеркәсіптік-өндірістік персонал саны
НӨҚожқ - өндірістік өнеркәсіптің негізгі құралдарының жылдық
орташа құны
Өндіріс рентабельділігі - кәсіпорын иелігіндегі негізгі өндірістік қорлар
мен айналым құралдарының пайдалану тиімділігін сипаттайды.
Рө=Пб/НӨҚожқ+АҚ*100 (7)
Мұндағы, Рө-өндіріс рентабельділігі
АҚ-айналым құралдары.
Кәсіпорында негізгі қорларды пайдаланудың жеке көрсеткіштерін үш негізгі
топқа топтастырады:
1. Негізгі қорларды пайдаланудың экстенсивті көрсеткіштері- олар негізгі
қорлардың пайдалану деңгейін уақыт бойынша сипаттайды;
2. Негізгі қорларды пайдаланудың интенсивті көрсеткіштері- олар негізгі
қорларды пайдалануды қуат бойынша көрсетеді;
3. Негізгі қорларды пайдаланудың интегралды көрсеткіштері-олар барлық
факторларды, яғни, экстенсивті және интенсивті факторлардың
жиынтығын сипаттайды.
Негізгі қорларды пайдаланудың экстенсивті көрсеткіші мыналар:
қондырғыларды пайдаланудың экстенсивті көрсеткіші, құрал-жабдықтар
жұмысының сменалық коэффиценті, қондырғыны жүктеу коэффиценті,
қондырғының жұмыс істеу уақытының сменалық режимін қолдану
коэффиценті.
Қондырғыларды экстенсивті пайдалану коэффиценті (Кэкс) олардың
жұмыс уақытының нақты көлемінің оның құжат бойынша нормативті жұмыс
уақытының көлеміне қатынасымен анықталады:
Кэкс = Тн / Тқ
(8)
Мұндағы,Тн – қондырғының нақты жұмыс істеу уақыты (сағ);
Тқ – қондырғының норма бойынша жұмыс істеу уақыты (сағ.)
Мысалы, 8 сағаттық жұмыс ішінде жөндеу жұмыстарына 2 сағат
жоспарланған шығындарында нақтылай кеткен уақыт 4 сағат болса, онда
оның экстенсивті пайдалану коэффиценті мынадай болады:
Кэкс = 4 / (8-2) = 4 / 6 = 0,667 * 100 % = 66,7 %
Демек, қондырғының жұмыс істеу уақытының жоспарлы қоры
шамамен 67% ғана қолданылған, яғни жабдықтарды пайдаланудың әлі 33%
қорда бар.
Қондырғыны экстенсивті пайдалану оның жұмысының сменалық
коэффицентімен де сипатталады. Ол орта есеппен жыл ішінде жабдық
бірлігінің әр қайсысы неше смена жұмыс жасағанын көрсетеді.
Ксм = Мс / n
`
(9)
Мұндағы, Ксм – қондырғы жұмысының сменалық коэффиценті;
Мс –1 тәуліктегі машина-смена шамасы;
n – машинаның жалпы саны
39
Мысалы, кәсіпорында қондырғының 90 бірлігі бар. Олардың ішінде 75
қондырғы жұмыс істеді. Сонда сменалық коэффициент: Ксм = 75 / 90 = 0,83.
Яғни, кәсіпорында жабдықтың тек 83 % (0,83 * 100%) жұмыс жасайды.
Бұның орын алуы кәсіпорындағы жұмысшылардың біліктілігініңтөмен
болуы.
Қондырғыны жүктеу коэффиценті (Кж) де оларды уақыт бойынша
пайдалануды сипаттайды. Ол сменалық коэффицентке қарағанда
өнімніңеңбек сыйымдылығы туралы мәліметтерді есепке алады. Тәжірибе
жүзінде коэффицент сменалық коэфициенттің 2 немесе 3 еселенген
шамасына азайтылып теңестіріледі:
Кжүк = К см / 2
(10)
Берілген мысал бойынша жүктеу коэффициенті = 0,83 / 2 = 0,415.
Демек, кәсіпорында қондырғының не бары 41,5 % (0,415 * 100%) ғана
жүктелген, кәсіпорын өз иелігіндегі қондырғыларды толық жұмысқа енгізуді
қарастыруы керек, себебі қондырғының толық жұмыс жасамауы өнім
өндірісін төмендетеді.
Сменалық коэффициент негізінде қондырғының жұмыс істеу
уақытының режимін қолдану коэффициенті есептелінеді:
К см.р = Ксм / tсм
(11)
Берілген кәсіпорын бойынша ол = 0,83 / 8 = 0,103 = 0,1, бұдан біз уақыт
режимінің толық қолданылмағанын көреміз.
Жоғарыда алынған нәтижелер көрсеткіштердің екінші тобының
есептеулерімен толықтырулары керек, яғни интенсивті пайдалану
көрсеткішімен. Олар өтімділік бойынша негізгі қорлардың пайдаланылу
деңгейін көрсетеді. Олардың ішінде ең маңыздысы – жабдықтарды
интенсивті пайдалану коэффициенті.
Қондырғыларды интенсивті пайдалану коэффициенті технологиялық
қондырғының нақты өнімділігі нормативті өнімділікке, яғни прогресивті
техникалық негізделген өнімділікке бөлу арқылы табылады:
Кинт = Qн /Q ж
(12)
Мұндағы, Qн –жабдықпен уақыт бірлігінде нақты өнім өндірісі.
Qж –уақыт бірлігінде жабдықпен техникалық негізделген өнім өндірісі.
Мысалы, смена ішінде қондырғы нақты түрде 6,5 сағат жұмыс істеді.
Қондырғының құжат бойынша өнімділігі 150 дана, ал нақты уақыт ішінде
сағатына 120 дана шығарылды. Бұнда интенсивті коэффициент = 120 /150 =
0,8.Демек, қондырғы тек 80% пайдаланылады, оның қалған 20%-да
пайдалануды жүзеге асыру керек. Бұның себебі жұмысшылардың
біліктілігінің төмен болуы.
Үшінші топқа қондырғыларды пайдаланудың интегралды
коэффициенті, өнімнің қор қайтарымы мен қор сыйымдылығы көрсеткіштері
енеді.
Қондырғыны интегралды пайдалану коэффициенті оны уақыт және
өндірістік қуат бойынша пайдаланылуын кешенді түрде сипаттайды.
Берілген мысал бойынша Кэкс = 0,667, Кинт = 0,8, демек,
40
Ки = 0,667 * 0,8 = 0,5336, яғни бұл көрсеткіштің мәні әр қашанда
алдыңғы екеуінің мәнінен төмен болады, себебі ол бір мезетте
қондырғылардыэкстенсивті және интенсивті пайдаланудың кемшіліктерін
ескеріп отырады. Осы екі факторларды есепке ала отырып, қондырғыларды
тек 53 % ғана пайдаланады. Кәсіпорын қондырғылардыңқалған 47%
пайдалануды қолға алуы керек.
Негізгі қорлардың құрылымы мен техникалық деңгейіне өндірістік өнімнің
жоғарлауы, өзіндік құнның төмендеуі мен кәсіпорын жинағының өсуі оларды
тиімді пайдалану дәрежесіне байланысты болады.
Негізгі қорлардың техникалық жағдайына анықтама беру үшін
жарамдылық коэффициенті, шығу коэффициенті, құралдар құрылымының
өсу көрсеткіштері қолданылады. Шығу коэффициенті мына формула
бойынша анықталады:
К
ш
=НӨҚж/НӨҚа (13)
мұндағы, К
ш
- шығу коэффициенті
НӨҚж – негізгі өндірістік қордың жойылу құны
НӨҚа – негізгі өндірістік қордың алғашқы құны
Жарамдылық коэффициенті - негізгі құралдардың қалдық құны мен
алғашқы құн арасындағы қатынас
К
ж
= НӨҚқ / НӨҚа (14)
Негізгі құралдардың техникалық жағдайы енгізу коэффициентін,
жаңарту қозғалысын анықтайды.
Енгізу коэффициенті(К
е
)– негізгі құралдардың түскен кездегі құнының
(НӨҚ
т
)жыл соңындағы құнына қатынасы(НӨҚ
c
)
К
е
=НӨҚ
т
/НӨҚ
c
(15)
Жаңарту коэффициенті (К
жаңа
) – негізгі құралдардың түскен кездегі
құнын (НӨҚ
т
) жыл соңындағы құнға бөлгенге тең (НӨҚ
c
).
К
жаңа
=
НӨҚ
т
/НӨҚ
c
(16)
Егер, жыл ішінде түскен негізгі құралдар жаңа және бұрын
пайдалануда болмаған жағдайда, енгізу коэффициенті жаңарту
коэффициентімен бірдей болады.
Негізгі қорлардың тозу деңгейін азайту оларды тиімді пайдалану
жолымен, негізгі көрсеткіштердің деңгейлерін қор қайтарымы, ауысымдық
коэффициенті, жабдықтау жүктемесінің коэффициентін арттыруы мүмкін
41
Сурет1.Кәсіпорында негізгі қорларды пайдалануды жетілдіру
Кәсіпорында негізгі қорларды пайдалануды жақсарту жолдары:
- кәсіпорынды иелігіндегі артық құралдардан, машиналардан босату
және жалға беру;
- негізгі құралдарға жаңа жағдайдағы, сапалы, жоспарлы, күрделі
жөндеулер жүргізу;
- жоғары сапалы негізгі өндірістік қорды сатып алу;
- қызмет бойынша персоналдың біліктілік деңгейін көтеру;
- негізгі қордың физикалық және моральдық тозуын қадағалау, шектен
тыс болдырмай жаңа жағдайда жақсарту;
- кәсіпорынның жұмыс істеу ауысымдық коэффициентін көтеру;
- өндірістік процеске қажетті шикізаттар мен материалдарды
дайындаудың сапасын көтеру;
- жаңа техника және инновациялық технологияны, қалдықсыз
технологияны енгізу;
- кәсіпорында өндірісті біріктіру, мамандандыру.
Негізгі қорлар мен өндірістік қуаттарды пайдалануды жақсартудың
экстенсивті жолының өз шегі бар. Интенсивті жолдың мүмкіндіктері әлде
қайда кең.Негізгі қорлар мен өндірістік қуаттарды пайдалануды интенсивті
жақсарту уақыт бірлігінде қондырғыны жүктеу дәрежесін арттыруды
білдіреді. Жүктеу интенсивтілігін арттыру жұмыс істеп тұрған машиналар
мен қондырғыларды модернизациялау арқылы, олардың ықтиамалды
жұмыс режимін белілеу арқылы мүмкін болады.
Технологиялық процестің оңтайлы режимі жағдайындағы жұмыс
негізгі қорлардың құрамын өзгертпестен және уақыт бірлігіне шаққандағы
материалдық ресурстар мен шығындарды төмендету арқылы өнім өндірісін
жақсартуға жағдай жасайды.
42
Достарыңызбен бөлісу: |