Кәсіпорын экономикасы : оқу құралы. Атырау,2019


Есепті шешудің әдістемелік нұсқауы



Pdf көрінісі
бет63/72
Дата06.12.2022
өлшемі1,45 Mb.
#55249
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   72
Байланысты:
Кәсіпорын экономикасы-оқу құралы-2019

Есепті шешудің әдістемелік нұсқауы:
Қызметкердің айлық жалақысын барлық жалақы жүйелерімен анықтаңыз:
1. Қарапайым мерзімді жүйе бойынша айына Tst • t = 890 • 7 • 20 =
124600тенге,
2. Кесімді-сыйақы жүйесі негізінде Tst • t = (1 + p / 100) = 890 • 7 • 20 (1 +
10/100) = 137060тенге.
3. Қарапайым кесімді жүйе бойынша ай сайынғы қызметкердің табысы Р *
Q = 420* 460 = 193200 тенгеге тең,
4. Кесімді-сыйақылы жүйе бойынша есептеу үшін іс жүзіндегі өндірістің
жоспарланған өнімнен асып кету пайызын анықтау керек:
(460 - 400) / 400 * 100 = 15%
Қызметкердің ай сайынғы табысы Р * Q + П = 420• 460 + 420 • 460 * (15 *
0,5 / 100) = 207690 тенгеге тең,
5. Кесімді прогрессивті жүйе жағдайда, өсу қарқынының мәнін анықтау
керек:
Рn = Ро * к = 420 * 1,8 = 756 тенге болды.
Қызметкердің айлық жалақысы тең = Ро * Внл + (Qн - Q ж) РН = 420 * 400 +
(460 - 400) * 756 = 238560 тенге.
Есеп 2.
Егер мұнай өндіру цехы операторы 23 күн және 8 сағат жұмыс істейтін
болса, өндірістік тапсырманы орындау 110% пайызды құрайды , сағаттық
тариф 998 теңге, өндірістік норманы іске асыру үшін сыйақы 40%, артық
орындаудың әр пайызы үшін 3% белгіленген. Оператордың айлық
жалақысын анықтаңыз.
Есеп 3.
Бір бұйымды жасауға 12 мин. уақыт мөлшері жұмсалды, еңбектің күрделілігі
бойынша кесімді баға сағатына 10 теңге болып анықталды, бір айда
жұмысшылардың жұмыс күні 24, ауысымда жұмыс уақыты – 8 сағат, бір айда
1200 өнім жасалған.
185


Бір айдағы өнімділік мөлшерін, бұйымға кесімді бағалау және еңбекақы
көлемін есептеу қажет.
Есеп 4.
Өндірістік жоспар бойынша есепті жылдағы желтоқсан айында 23 жұмыс
күні қарастырылған.Кәсіпорындағы 2 қызметкердің лауазымды жалақы
жүйесі бойынша еңбек төлемін анықтау қажет. Қаржыгердің бекітілген айлық
еңбек төлемі 255000 тенге, кассирдің айлық еңбек төлемі
125000тенге.Желтоқсан айында 18 жұмыс күні орындалған.
Есеп 5.
Компанияда тарифтік емес жүйе бойынша еңбек төлемі жүзеге 
асырылады.Әр бір қызметкердің еңбек төлемі КТУ және жалақы қоры 
бойынша компанияның қызметінің нәтижесіне қарай жүзеге 
асырылады.Фирмада 5 адам: бас директор,оның орынбасары,2 менеджер 
және менеджердің көмекшісі. Оларға төмендегідей деңгейде КТУ бекітілген
- бас директорге — 1,8;
- директордің орынбасарына — 1,5;
- екі менеджерге — 1,3;
- менеджердің көмекшісіне — 1,0.
Жұмыстың нәтижесіне қарай компанияда жалақы қоры:
-наурыз айында — 1520 000 тенге.
Әр бір адамның наурыз айындағы еңбек төлемін анықтау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет