Кәсіпорынның сыртқы ортасы кәсіпорынның қызметіне қарамастан
туындайтын және оған елеулі әсер ететін барлық жағдайлар мен факторлар
болып табылады.
Кәсіпорынның сыртқы ортасы өнімді тұтынушылардан, өндірістік
компоненттерді жеткізушілерден, мемлекеттік органдардан және
тұрғындардан құрылады.
Кәсіпорынның жеткізушілерінің қатарына несиелік ұйымдар (банктер),
кәсіпорынға қажет ғылыми – техникалық ақпарлар мен жобалық құжаттарды
дайындап беретін ғылыми және жобалық ұйымдар жатады. Елдегі
қабылданған заңдардың орындалуын бақылаумен үкімет және жергілікті
басқару органдары айналысады. Кәсіпорынның сыртқы ортасына
бәсекелестер де жатады.
Кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын бағалау оның бәсекелестік
артықшылықтарын анықтау қызмет барысындағы дағдарыстарға жол
бермейді. Кәсіпорынның коммерциялық тәуелсіздігі персонал белсенділігін
күшейте отырып, мекеме жұмысының соңғы нәтижелеріне жауапкершілігін
де арттырады.
Өндiрiстi ғылыми-инновациялық ұйымдастыру кәсiпорында ұтымды
техникалы-технологиялық жүйе құру мақсатында болады. Бұл сенiмдi әрi
тиiмдi жұмыс жасайтын өндiрiстiк жабдықтар мен технология,
жұмыскерлердiң реттелiнген техникалы-ұйымдастырылған өзара
байланыстарын айтады.
Еңбектi, оның ішінде жұмыс орындарын ғылыми-инновациялық
ұйымдастыру –ұжымда дұрыс қалыпты қарым-қатынас орнату. Оған жоғары
өнiмдi, тиiмдi шығармашылық еңбек ету үшiн жағдайлар жасау бойынша
шаралар жүйесi кiредi. Бiрақ еңбектi ғылыми ұйымдастыру мүмкiншiлiктерi
кәсiпорынның техникалы-технологиялық жағдайға, оның қаржылық және
экономикалық активтерiмен шектелген.
Басқаруды ғылыми – инновациялық ұйымдастыру – бұл кәсiпорынның
материалдық кiшi жүйесi мен адам ресурсына мақсатты түрде әсер етуiн
қамтамасыз ететiн техникалық, экономикалық және гуманитарлық жүйе. Ол
моральдық-технологиялық, экономикалық әсер алу мақсатында жоғары
айтылғандардың өзара байланысуына ықпал етедi.
Кәсіпорынның функциялары, мақсаты, жіктелуі кәсіпорынның
көлемі, салалық сипаты, мамандану деңгейі, коммерциялық
және әлеуметтік инфрақұрылымы, меншік формасы,
жергілікті басқару органдарымен қарым – қатынасына
тәуелді нақты сипатқа ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: