Кәсіпорын экономикасы. Өнімді өндіру және өткізу шығындары



бет1/2
Дата15.11.2022
өлшемі20,24 Kb.
#50474
түріҚұрамы
  1   2
Байланысты:
Тапсырма 7


Кәсіпорын экономикасы.
Өнімді өндіру және өткізу шығындары.

  1. Шығын түсінігі, құрамы мен түрлері.

Шығындар – шаруашылық іс-әрекет барысында (еңбек, өнім өндірісі құралдары мен керек-жарақтарын алуға, жұмыс орындау, қызмет көрсетуге алынған) тұтынылған материалдық, еңбек, қаржылық және басқа ресурстардың және баланста көрсетілетін болашақта кіріс әкелу мүмкіндігі бар кәсіпорын активі ретінде көрсетілетін құн. Бұдан шығатыны, «шығындар» ұғымы «өндіріске шыққан шығындар» дегеннен кең екені білінеді өндіріске шыққан шығындар - өнімді (жұмысты, көрсетілген қызметті) өндіру барысында тұтынылған ресурстар бөлігі.
Шығындар былайша жіктеледі:

  • Пайда болу орны бойынша - өндіріс, цехтар, учаскелер, құрылымдық бөлімшелер бойынша. Мұндай жіктеу жауапкершілік орталықтары бойынша есепті ұйымдастыру мен өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өндірістік өзіндік құнын белгілеу үшін қажет;

  • Шығынды көтерушілер, яғни өнім түрлері (жұмыс, көрсетілетін қызмет) бойынша - өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін қажет;

өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі немесе шығын түрлері бойынша экономикалық элементтер мен калькуляция баптары бойынша:

  • а) экономикалық элементтер бойынша - өнім өндірісіне нақты не жұмсалғанын көрсетеді бұған мынадай экономикалық элементтер жатады:

материалдық шығындар;
еңбекті өтеуге жұмсалатын шығындар;
ақша аударулар;
құралдардың тозуы;
басқадай шығындар.

  • ә) калькуляция баптары бойынша - өнімнің кейбір түрлерінің өзіндік құнын есептеу үшін қолданылады бұларға:

материалдар;
еңбекті өтеу;
ақша аударулар (аударымдар);
қосымша шығыстар.
Тікелей шығындар өнімнің белгілі бір түрлерін өндірумен байланысты
(шикізат, материалдар, өндірістік жұмысшылардың жалақысы және т.б.).
Олар калькуляцияның қандай-да бір объектіне тікелей жатады.
Жанама шығындар өнімнің бірнеше түрлерін өндірумен байланысты және
калькуляция объекттеріне сәйкес базаға (жұмысшылардың негізгі және қосымша жалақысына немесе бүкіл тікелей шығындарға, өндірістік алаңға және т.с.с.) пропорционалды түрде үлестірілу арқылы жатқызылады.
Қысқа мерзім кезеңінде өндірістің жалпы, тұрақты және айнымалы шығындары анықталады.
Жалпы шығындар (ТС) – бұл өндіріске кеткен барлық шығындар және тұрақты, айнымалы шығындардан тұрады.
ТС = ҒС + VС
Тұрақты шығындар (ҒС) - өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындар. Бұларға салықтар, жалға беру, төлемдер, сақтандыру, амортизация және т.б.
Айнымалы шығындар (VС) – бұлар өнім көлемі өзгерсе бірге өзгеретін шығындар. Олар шикізатқа, жалақыға, энегияға, транпортқа, материалдарға
кеткен шығындар.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет