Кәсіби сала қызметі бойынша шетелдік ресми және ресми емес ұйымдармен әріптестік қарым-қатынастар тақырыбы алдында ұйым және ресми емес ұйым туралы түсінік бере кеткенді жөн көріп отырмыз. Ұйым - белгілі бір ниеттер мен мақсаттарды орындау үшін кұрылған және ережелердің ресми құрылымымен, биліктік қатынастармен, еңбек бөлінісімен, шектеулі қабылдаумен сипатталатын ұжым түрі. Термин қазіргі қоғамның әлеуметтік өмірінің барлық аспектілеріне енетін ірі көлемді немесе «күрделі» ұйымдарға қатысты қолданылады.өзара байланысты ерекше максаттарға жетуге және жоғары формалданған құрылымдардың қалыптастырылуына бағытталған әлеуметтік топ. Бұл - іскерлік кәсіпорындар, мектептер,ауруханалар, шіркеулер, түрмелер, армия, саяси партиялар, кәсіподактар, т.б.
Ресми емес ұйым - белгілі бір мақсатка жетуге бағытталған, ресми, институциаланған құрылымдардан тыс кездейсоқ қалыптасқан адамдар тобы.
Қандай ұйым, кәсіпорын болмасын «өмір сүріп», өзінің мақсатына жету үшін менеджер ең бірінші ішкі ортаның элементтері мен сыртқы ортаның әрекеттеріне көңіл аударуы тиіс.
Ұйымның өзі адамдар құрған жүйе болғандықтан, оның ішкі ортасының элементтері қабылданған басқару шешімінің нәтижесі болып табылады, олардың негізгі түрлері мыналар: мақсаты, құрылымы, міндеттері, технология, адамдар.
Ұйымның ішкі ортасының өзгеріп отыратын элементтерін талдай отырып, олар бір-бірімен тығыз байланыста екенін, ажырамас бірлікте ғана әрекет ету арқылы көздеген мақсатқа жетуге болатынын байқадық, оны схема түрінде былайша көрсетуге болады:
Ұйымдардың сыртқы әріптестік ортамен қарым қатынасы.Әрбір ұйымның басшысы ішкі ортаның элементтерін реттеп, негізгі мақсатқа бағыттап отыруға міндетті екеніне сөз жоқ, бірақ ұйымның табысы сыртқы ортаның өзгерістеріне де тәуелді, себебі ұйым сыртқы ортамен үнемі байланыста болатын ашық жүйеретінде дамиды.
Менеджер сыртқы ортаның ұйымға қалай әсер ететінін қадағалап, әртүрлі өзгерістерге бейімделіп отыруы тиіс.Сыртқы орта ұйымға тікелей жәнежанама әсер ететді.
Мақсаты – бұл ұйымның жұмысының соңғы нақты нәтижесі. Ұйым өзінің жұмыс жоспарын дайындау алдында негізгі мақсатын анықтап, оны ұйымның мүшелеріне таныстырады, ұйым мүшелері өз жұмысының нәтижесі не екенін, қандай болатынын білу арқылы соған жетуге талпынып, еңбектенеді. Әртүрлі ұйымның мақсаттары, әрине, өзінің таңдап алған бағытына байланысты әртүрлі болады (түрлі өнімдер өндіру, қызмет көрсету, білім беру т.с.с.). Сонымен бірге ұйымның бөлімдерінің де өз алдына түрлі мақсаттары болады және олар ұйымның негізгі мақсатына жетуге бағытталады. Негізгі мақсатқа жету жолындағы кіші мақсаттарға нарық үлесін, өнімнің жаңа түрін өндіру, өнімнің, қызметтің бұрынғыдан да жоғары сапасын т.б. жатқызуға болады.
Поможем написать работу на аналогичную тему
Реферат КӘСІБИ САЛА ҚЫЗМЕТІ БОЙЫНША ШЕТЕЛДІК РЕСМИ ЖӘНЕ РЕСМИ ЕМЕС ҰЙЫМДАРМЕН ӘРІПТЕСТІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС От 250 руб
Контрольная работа КӘСІБИ САЛА ҚЫЗМЕТІ БОЙЫНША ШЕТЕЛДІК РЕСМИ ЖӘНЕ РЕСМИ ЕМЕС ҰЙЫМДАРМЕН ӘРІПТЕСТІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС От 250 руб
Курсовая КӘСІБИ САЛА ҚЫЗМЕТІ БОЙЫНША ШЕТЕЛДІК РЕСМИ ЖӘНЕ РЕСМИ ЕМЕС ҰЙЫМДАРМЕН ӘРІПТЕСТІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС От 700 руб
Получить выполненную работу или консультацию специалиста по вашему учебному проекту
Узнать стоимость Әрбір ұйымның мақсатының орындалу дәрежесі сол ұйымның экономикалық тиімділігін – рентабельділігін көрсетеді. Ұйымның құрылымы көздеген мақсатқа жету жолына орай алдын-ала зерттеу, ойластыру арқылы құрылады.
Адамдардың ұйымдағы іс әрекеті үш түрлі көріністе анықталады: адамның жеке
басының ерекшелігі, адамдармен қарым-қатынаста топ арасында өзін көрсетуі, сонымен бірге менеджердің жетекші, лидер ретінде өзін көрсетуі жеке адамға жәнеадамдар тобына ықпалы.
Адамдар сыртқы түрімен бір-біріне қалай ұқсамайтын болса, олардың ішкі жан-дүниесі онан да өзгеше, әртүрлі болатыны белгілі. Ададмдардың мінез-құлқынан басқа олардың жұмысқа икемділігі, тәрбиесі, талғамы, діни ұғымы көзқарастары да соншалықты әртүрлі болады. Сондықтан менеджер ұйымның мақсатына жету үшін ададмдардың басты роль атқаратынын үнемі естен шығармай, адамгершілік факторын бірінші орынға қойған жөн.