Кәсіптік және өндірістік негізделген аурулар 1 жіті кәсіптік ауру



Дата13.04.2023
өлшемі24,33 Kb.
#82312
Байланысты:
8 9


Кәсіптік және өндірістік - негізделген аурулар

1) жіті кәсіптік ауру – зиянды кәсіптік факторлардың бір рет (бір ауысымнан аспайтын уақыт ішінде) әсерінен кейін пайда болған ауру;


2) зиянды еңбек жағдайлары – зиянды өндірістік факторлардың болуымен сипатталатын еңбек жағдайлары;
3) зиянды өндірістік фактор – жұмыскерге әсер етуі ауруға немесе еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне және (немесе) ұрпақтарының денсаулығына кері ықпал етуге әкеп соғуы мүмкін өндірістік фактор;
4) кәсіптік ауру – жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауына байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған жіті немесе созылмалы ауру;
5) кәсіптік аурудың еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысын анықтау сараптамасы – аурудың клиникалық көріністері, медициналық зерттеп-қарау нәтижелері арасындағы себеп-салдарлық байланыстардың болуын не болмауын, пациенттің кәсіптік бағдарын және еңбек жағдайларының санитариялық-эпидемиологиялық сипаттамасының деректерін талдау негізінде өндірістік факторларды айқындайтын денсаулық сақтау саласындағы сараптаманың түрі.
6) кәсіптік бағдар – адамның хронологиялық тәртіппен алған кәсіптерінің тізбесі;
7) созылмалы кәсіптік ауру – зиянды өндірістік факторлардың көп рет және ұзақ уақыт әсер етуінен кейін пайда болған ауру;
Барлық кәсіптік ауруларды этиологиялық белгілері бойынша келесі топтарға бөледі:
I. Химиялық факторлардың әсерінен болатын аурулар: жедел және созылмалы уланулар, қатерлі ісіктер, аллергоздар, тері зақымдалулары.
2. Физикалық факторлардың әсерінен болатын аурулар: шу және діріл ауру лары, жедел және созылмалы сәуле ауруы, катаракта, дененің қатты қызуы мен қатты салқындауы және басқалары.
3. Өнеркәсіптік аэрозольдердің әсерінен пайда болатын аурулар: шаң брон- хиттері, пневмокониоздар, жоғарғы тыныс жолдарының аурулары және басқалар.
4. Еңбек үрдісі факторларының әсерінен туатын аурулар: қимыл үйлесімі бұзылатын невроздар, моно- және полинейропатиялар, радикулиттер, бур- ситтер, аяқ көк тамырларының варикозды кеңеюлері, күшейе түсетін алыстан көрмеушілік, ларингиттер және басқалар.
5. Биологиялық факторлардың әсерінен пайда болатын аурулар: әр түрлі инфекциялар мен паразиттік инвазиялар, саңырауқұлақтар тудыратын зақымданулар және басқалар.
Пайда болу уақытына байланысты кәсіптік аурулар мен уланулар жедел және созылмалы болуы мүмкін.
Өндірістік факторлардың өте үлкен концентрацияларында немесе деңгейлерінде бір рет әсер еткеннен кейін немесе бір ауысым ішінде бірнеше мәрте әсер еткеннен кейін дамитын аурулар жедел кәсіптік аурулар деп аталады. Жедел кәсіби аурулар мысалы, қандай да бір өнеркәсіптік удан улану, адам денсаулығының ауыр бұзылуларына және жиі өлім жағдайларына алып келуі мүмкін. Созылмалы кәсіптік аурулар зиянды фактордың жедел әсерінің салдарын тудыратын концентрациялары мен деңгейлерінен едәуір аз, бірақ рұқсат етілгенінен жоғары концентрациялар мен деңгейлерінде көп рет ұзақ әсер етуі кезінде дамиды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет