Практика ден өтетін студенттердің міндеттері:
- практика бағдарламасын толық орындауға, практика күнделігін жүргізуге;
- практика барысында тәртіпке бағынуға;
- еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздікті және өндірістік санитария ережелерін қатаң түрде сақтауға;
- практика жетекшісіне практика тапсырмаларының орындалынғаны туралы жазбаша түрде есеп, күнделік тапсыруға.
Күнделік-есепті жүргізу ережелері:
- күнделік-есеп практиканың негізгі құжаты болып табылады. Күнделік-есеп болмаған жағдайда студент практикадан өтпеді деп есептеледі;
- күнделік-есеп қысқа, ұқыпты және жинақы түрде жүргізіледі;
- күнделік-есепті жазу тәртібі әр тарау қызметімен анықталады;
- студент күнделік-есепті әр аптада бір рет кафедра атынан тағайындалған практика жетекшісіне тексеру үшін береді;
- студент практика туралы күнделік-есепті бағдарламаға, жеке тапсырмаларға және кафедра тарапынан тағайындалған практика жетекшілерінің қосымша нұсқауларына сәйкес құрады;
- практика күнделік-есебінде практика барысында нақты орындаған жұмыстар туралы мәліметтер, студенттің өз қорытындылары және ұсыныстары болуы тиіс.
- практика аяқталған соң расталған күнделік-есеп тиісті кафедраға тапсырылады;
- практика соңында практика құжаттарын рәсімдеу үшін студентке 2-3 күн беріледі;
- студенттің практикасы жүз балдық жүйе бойынша бағаланады.
Ескерту:
- күнделiксiз практика есебі қабылданбайды;
- күнделiк әдеби-педагогикалық ұғымдар мен түсініктерді қолдана отырып толтырылуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |