Кәсіптік практикадан өтуі туралы есеп



Дата10.04.2023
өлшемі20,47 Kb.
#80833

Кәсіптік практикадан өтуі туралы есеп
Еліміздің ертеңі мен бүгіні жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында.
Н.Ә.Назарбаев
Бүгінгі жастар – ертеңгі елдің болашағы.

Мен Нұреке Ұлжан І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің “ZHANSUGUROV college” – нің Дене тәрбиесі және спорт мамандығының 2-курс студенті 06.03.2023-28.04.2023жыл , аралығында Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебінен педагогикалық практикадан өттім.
Педагогикалық практикасында 8 ‘ә’ 8 ‘в’ және 11 ‘ә’ 11 ‘б’ сыныптары берілді. Жетекшім ретінде Тунгышбаевна Гульнара Кошербайқызын бекітті. Берілген сыныптармен, барлығымен толықтай жұмыс жасадым. Алдыңғы практикада жіберген қателіктерімді немесе білмей қалған жайттарды үйреніп, түзедім.
06.03-28.04 аралығында оқу-тәрбие жұмысымен таныстым. Болашақ «дене шынықтыру және спорт» мұғалімінің міндеттері мен құқықтарын толық білдім. 2 ай уақыт бойы өткен тақырыптарыма сабақ жоспарын құрдым. Сонымен қатар тоқсандық қорытындыны қалай жасайтындығын үйрендім. Барлық бараларды тоқсан сайын қауіпсіздік ережесімен таныстырды. Онымен қоймай барлық жастағы балалармен жұмыс жасадым, үлкен сынптан бастап кішкентай балаға дейін барлық балалармен тіл табыса алдым.
Педагогикалық практикасының бірінші аптасында, жетекшімді бекітіп, жетекшімнің барлық сыныптарымен танысып, мектепке үйренісе бастадым. Жетекшімнің 3 тоқсанға арналған сабақ жоспарымен толық таныстым. Сонымен үлкен сынптарға да кішкентай сынптарға да сабақ бердім.
Екінші аптасында, депутаттар сайлауына байланысты және «Наурыз» мейрамына байланысты сабақтар дұрыс болмады және спорт залды сайлауға дайындап қойғандықтан, үлкен сыныптарда сабақтары сыныпта өткізілді, яғни сыныпта дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ сынды ойындар ойнады.
Үшінші аптада, 3 тоқсан бітіп, барлық мектептер 20.03-26.03 аралығында бір аптаға демалысқа кетті.
Төртінші, 4 тоқсан басталды. 4 тоқсан қысқа мерзімдік жоспармен таныстым, соған байланысты сабақ жоспарын құрдым. Және күнделік қосымшасымен қалай жұмыс жасау керек екендігін түсіндім.
Бесінші аптада жетекшімнің көмегінсіз өзім 8 сыныптарға сабақ бердім. Барлық балалармен жақсы тіл табыса бастадым. 1 апта бойы волейбол үйірмесіне барып, жаттығуларды қалай өткізетінін көрдім. Сонымен қатар тоғызқұмалақ және шахмат үйірмелеріне де барып, балалармен қалай жұмыс жасау қажет екендігін үйрендім.
Алтыншы
Жетінші аптада, Кекушинкай Каратэден Алматы қаласында өтілетін «Алатау Барысы» Республикалық жарысқа Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Zhansugurov College» рұқсатымен барып келдім.
Сегізінші, қорытынды аптада барлық қажетті құжаттарды жинап, директорға және жекшіме қол қойғызып, жетекшімнен мінездеме жазып беруінің сұрап, осы 2 ай бойы педагогикалық практикадан үйренген, білген нәрселерді қорытындыладым. Және де өзімді барлық жағынан жақсы таныта білгенім үшін жетекшімнен мадақтама қағазын алдым.

Педагогикалық практика жетекшісі: Мухашев Е.С





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет