Кәсіптік практиканы өткізуге арналған келісім-шарт



бет3/8
Дата19.11.2023
өлшемі51,43 Kb.
#124816
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
договр мани

3. Кәсіпорынның (ұйымның)
міндеттері мен құқықтары
3.1 Кәсіпорын құқықтары:

  1. жаңа технологияларға және өндірістік процестің өзгерген жағдайларына сәйкес кәсіптік практиканың білім беру бағдарламасын әзірлеуге қатысуға;

  2. кәсіпорынның қажеттеліктеріне сәйкес курстық және дипломдық жұмыстардың тақырыптарын ұсынуға;

  3. білім алушылардың ағымдағы үлгерімі туралы ақпарат сұрастыруға;

  4. білім алушылардың практика бойынша есептерін қорғауға қатысуға.

3.2 Кәсіпорын өзіне мынадай міндеттемелер алады:

  1. білім алушылардың кәсіптік практикасына оның білім беру бағдарламасына және осы Шарттың талаптарына сәйкес қабылдау;

  2. 2) білім алушыларға кәсіптік практикадан өту үшін жұмыс орнын ұсыну;

  3. білім алушыларға жұмыс орнында қауіпсіз жұмыс жағдайын (қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша міндетті нұсқамалықты өткізу арқылы) қамтамасыз ету және қажетті жағдайда білім алушының қауіпсіз еңбекті әдістеріне оқытуды жүргізу;

  4. білім алушылардың кәсіби практикасының бағдарламасын толық игеруі және оның жеке тапсырмаларды орындауы үшін қажетті болатын зертханаларды, кабинеттерді, шеберханаларды, кітапхананы, сызбаларды, техникалық және басқа құжаттарды пайдалану арқылы білім алушылардың кәсіптік практиканың бағдарламасын орындау мақсатында жұмыс орындарында қажетті жағдай жасау;

  5. бөлімшелерде (бөлімдерде, цехтерде, зертханаларда және сол сияқты) білім алушы-ның кәсіптік практикасына жетекшілік ету үшін білікті мамандарды белгілеуді қамтамасыз ету;

  6. 6) практиканың бағдарламасында қарастырыл-маған және білім бағдарламасына қатысы жоқ лауазымдарда білім алушыларды пайдалануға жол бермеу;

  7. 7) білім алушылардың еңбек тәртібін және кәсіпорынның ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны бойынша, өндірістік оқыту немесе кәсіптік практика бағдарламалары бойынша үлгірмеуі, сонымен қатар физикалық және психологиялық жағдайдың сәйкес келмеуі барлық оқиғалар туралы білім беру ұйымын хабардар ету;

  8. 8) кәсіби практика аяқталған соң білім алушылардың жұмысы туралы мінездеме беру және кәсіби практикадан өту сапасын бағалау;

  9. 9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының "шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіне білім беру ұйымдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" 10-тарауының талаптарын сақтау. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылы 6 тамызда № 23890 болып тіркелді.

3.3 Білім алушылар өзіне мынадай міндеттемелер алады:
1) практика басталардан кем дегенде 10 күн бұрын білім беру ұйымынан тағылымдаманың жетекшісімен жеке бағдарлама және тағылымдама тапсырмасы, тапсырмаларды орындау кестесі және практика нәтижелері туралы есеп формасы мен орны туралы келісу оның өтуі;
2) тәжірибе орнына белгіленген уақытта келіп, күнделікке және нұсқаулыққа тиісті жазба енгізуге;
3) кәсіпорын қызметкерлері үшін міндетті кәсіптік практика орнында еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын, қауіпсіздік техникасы қағидаларын және өндірістік тәртіптемені сақтауға міндетті;
4) кәсіпорынның жабдықтарына, аспаптарына, құжаттамаларына және басқа да мүлкіне ұқыпты қарауы;
5) практика бағдарламасының талаптарын қатаң сақтау және орындау;
6) еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария ережелерін қатаң сақтауға;
7) тәжірибе жетекшісіне кезең-кезеңмен орындалған жұмыс туралы есеп беруге және алынған нәтижелерді ұсынуға;
8) туындаған проблемалар және жұмысты орындау барысында бұрын келісілген мерзімнің бұзылуына әкелетін объективті жағдайлар туралы жетекшіге жедел хабарлауға;
9) күнделікті орындалған жұмыстың жазбаларын енгізіп отыруға күнделік арнау;
10) практика аяқталғаннан кейін жетекшіге практикадан өткендігі жайлы жазбаша есеп, күнделік және кәсіпорын директорының қолы қойылып, кәсіпорын мөрімен расталған куәлік (жауап) ұсынуға;

  1. практика кезінде және аяқталған соң кәсіпорын туралы құпия ақпаратты жарияламау;

12) кәсіпорынның (ұйымның) аумағында қолданыстағы санитарлық-эпидемиологиялық ережелердің талаптарын сақтауға міндетті.
3.1. Білім алушылардың құқықтары:
1) кәсіпорын тағайындаған тәлімгердің келісімі бойынша қажетті құрал-саймандарды, жабдықтарды, аспаптарды және басқа да өндірістік материалдарды пайдалануға, оқу мақсатында кітапхана және оқу залдары базасында оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттерге, зертханалық базаға, компьютерлік және өзге де техникаға еркін қол жеткізуге және оларды пайдалануға;
2) кәсіптік даярлықтан өту процесінде денсаулыққа келтірілген зиянды өтеуге;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет