«әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ білім алушыларының
кәсіптік практикасын ұйымдастыру
және өткізу туралы
КЕЛІСІМ-ШАРТ № _______________
Алматы қ. «____»«____» 20___ ж.
«әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ (бұдан әрі – Университет) атынан 05.04.2023 ж. № 16 Сенімхаты негізінде әрекет етуші академиялық мәселелер бойынша Басқарма мүшесі – проректор Еркинбаева Лаззат Калымбековна бір тараптан және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы-«ЖерҒӨО»департаменті мекемеcі (бұдан әрі – Кәсіпорын) атынан Ереже негізінде әрекет етуші Дильманова Гульмира Карибаевна екінші тараптан, әрі қарай «Тараптар» ретінде танылып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес төмендегiдей шарт жасасты:
1. Шарттың мәні 1.1. Университет білім алушыларды кәсіптік практикадан өтуге және алған теориялық білімдерін қолдануға жібереді, ал Кәсіпорын оларды практикаға қабылдайды.
1.2. Білім алушылар өндірістік функциялар мен міндеттерді білікті орындауға мүмкіндік беретін кәсіби құзыреттерді алу мақсатында білім беру бағдарламасын игереді.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері 2.1. Университет міндетті: 2.1.1. академиялық күнтізбеге сәйкес білім алушыларды (саны келісім бойынша (№1 Қосымшаға қараңыз)) Кәсіпорынға кәсіптік практикадан өтуге жіберуге;
2.1.2. білім алушыларды кәсіптік практика бағдарламасымен және оны өту тәртібімен таныстыруға;
2.1.3. білім алушыларды медициналық тексеруден және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан өткізуге (Кәсіпорынмен шарт жасасу кезінде келісім бойынша);
2.1.4. кәсіптік практика бағдарламасын мен күнтізбелік кестелерін Кәсіпорынмен бірге әзірлеу және келісуге;
2.1.5. Кәсіпорынға кәсіптік практика басталуынан екі апта бұрын білім алушылардың санын көрсете отырып, кәсіптік практикадан өтудің бағдарламасын, күнтізбелік кестелерін бекітуді ұсынуға;
2.1.6. тиісті білім беру бағдарламасы бойынша Университет оқытушылары арасынан практика жетекшілерін тағайындауға;
2.1.7. білім алушылардың кәсіпорынның қызметкерлері үшін міндетті ішкі тәртіп ережелерін сақтауын қамтамасыз етуге;
2.1.8. білім беру бағдарламасына және академиялық күнтізбеге сәйкес білім алушылардың кәсіптік практикадан өтуін ұйымдастыру және мерзімдік бақылауды жүзеге асыруға;
2.1.9. Кәсіпорын қызметкерлеріне кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізуде әдістемелік көмек көрсетуге;
2.1.10. қажетті жағдайда білім алушылардың оқу жетістіктері туралы ақпарат беруге;
2.1.11. практикадан өту кезеңінде білім алушылардың қатысуымен болған істерді тергеуге қатысуға.