Кәсіптік тәжірибе бойынша


ТӘЖІРИБЕ ЕСЕБІН ТАПСЫРУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ МЕРЗІМІ



бет13/18
Дата19.11.2022
өлшемі1,27 Mb.
#51197
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
прогр прак. У-21 1С Бух. учет

6. ТӘЖІРИБЕ ЕСЕБІН ТАПСЫРУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ МЕРЗІМІ
Студент тәжірибе аяқталған соң кафедраның атқарушысымен белгіленген бағалаушы комиссияға сынақ тапсырады. Комиссия құрамына келесілер кіреді: оқытушы, тәжірибе өткізілетін курстың жүргізушісі, колледждан, кафедрадан және мейлінше кәсіпорыннан тәжірибенің жетекшісі.
Кәсіби тәжірибенің қорытындысы кафедрада талқыланады. Жалпы қорытынды кафедра мен оқу орнының алқасы және рұқсат етілсе тәжірибе базасының жетекшісінің қатысуымен шығарылады.
Егер студент тәжірибе бағдарламасын өтпесе немесе сынақ кезінде қанағаттандырмайтын баға алса оқу орнынан шығарылады. Студенттің орнатылған тәртіпке қарай қайта орнына келу құқығы болады.
Үздік есеп тапсырған студенттер Ж.Қ.Букенов атындағы ҚБК тәжірибе жетекшілерінің ұсынысымен, «Тәжірибе жөніндегі үздік есеп беруді қорғау» атты конференцияға қатысады.
Тәжірибе жөніндегі есепті тапсырған соң студенттер мен кафедрадан тәжірибе жетекшілері тәжірибе жөніндегі есепті үздік тапсырған, өндіріс мінездемелері мен тәжірибеге жіберілуі, тәжірибенің қорытынды бағасының барлығы тізімдемеге толтырылады, ал есептер Ж.Қ.Букенов атындағы ҚБК мұрағатына Акт арқылы тапсырылады. Кәсіби тәжірибенің бағасы студенттің жарты жылдықта және оқу жылындағы оқу бағдарламасының шарттарын орындауына байланысты шығарылады.
7. ТӘЖІРИБЕДЕГІ БІЛІМ ӨЛШЕМДЕРІ МЕН ТӘЖІРИБЕДЕН АЛҒАН ДАҒДЫЛАРЫ
1) Кәсіптік тәжірибе кезінде тәжірибеленушінің ағымдағы, тақырыптық және қорытынды жұмысына тексеріс жүргізіледі.
2) Обьективті баға үшін студенттің өзіндік жұмысын қамтамасыз етіп, тұрақты түрде олардың жұмысына тікелей жетекшіні күнделікті тексеріске орнатады.
3) Тәжірибені орындау кезінде тәжірибе жетекшілері студенттерге кеңес береді, атқарған жұмыстарды тексереді, жіберілген қателері болса түзетеді, студенттермен әңгімелесу жүргізеді.
4) Баға қойылған кезде студенттің теориялық білімді тәжірибелік жұмыста қолдана алады ма және білімді түсініп қолданады ма ескерілуі тиіс. Егер күнделікке «4», «3» немесе «2» деген баға қойылса не үшін койылғаны және қандай материалды толықтыруы тиіс екендігі көрсетілуі тиіс.
5) Баға обьективті, әділетті және формальды емес қойылады. Обьективті баға үшін студенттің өзіндік жұмысын қамтамасыз етіп, тұрақты түрде олардың жұмысына тікелей жетекшіні күнделікті тексеріске орнатады. Өзіндік себептер студенттің білімі мен ептілігіне әсерін тигізбеу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет