Соғыс” Әкеден жастай жетім қалған Махамбет өмірден бірнеше рет таяқ жеп өседі. Махамбет жастайынан билікке араласып өседі. Тіпті оның шыншылдығы мен ақындығына таң қалған Жәңгір өзінің сарай бұлбұлы еткісі келетін. Бірақ өжет ақын бұған көндіге қоймады. Қарауылқожа және Балқы би сынды билердің қарамағындағыларға болмашы және қит етсе салатын салығы халықтың ығырын шығарып жібергені анық. Және де Ханның алымсақ алым-салықтарының көбеюі, және де жерді дұрыс бөлмей, халықтың жайылым жерінен айрылып, шұрайсыз жерге жайғасуы халықтың ызасын ушықтыра бастады. 1832 жылы басталған жерді сату, біреудің жерін сыртынан басқаға сату өрши түсіп, кезіндегі Бөкейден алған жерлерінен көптеген адам айрылып қалды. Оның ішінде бай-бегі де бар, кедей жарлысы-да бар еді. Оның ішінде Исатай, Махамбет, Тінәлі, Қалдыбай сынды тұлғаларда жерлерінен айрылады. Жерінен айрылған осы кісілер көп даулайды. “...Тек Исатай ғана 25 жыл жайлаған жерін дауласып жүріп 1834 жылы Шеркеш руының жері Манаш құмындағы Мыңтөбе аумағынан жаңа қоныс алады. Ал басқалары ала алмайды...” (И.Кенжалиев. “Мақамбет” 107 бет. Орал қаласы 2003). 1835 жылы Махамбет, Тінәлі, Қалдыбайлар Қарауылқожаның үстінен Жәңгір ханға арыз жазады. Бұл Қарауылқожаға жетіп, Қарауылқожа жағдайды өршіктіре түсіріп, ханды халыққа айдап салып, Жәңгірдің Исатайға сүйенген халықты шабуға әкеледі. Бұл Исатай мен Жәңгірдің арасындағы шиеліністі одан сайын өршіктіріп, шаруалар қозғалысына әкеледі. Бұл кезде қарулы қақтығыс Кіші жүзде бұрқ етуі бек мүмкін еді. Хан және Қарауылқожа, Балқы, Шомбал секілді билерден озбырлық көрген қара халық Исатай мен Махамбеттің жанына топтаса бастайды...
Жалғасы бар...